Экономика

Үкімет Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе тасымалына қатысты түсініктеме берді

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALҰшақ бортында бетперде киген жолаушылар, архивтегі сурет
Ұшақ бортында бетперде киген жолаушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшу жиілігі толығымен екі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, әуе тасымалын жандандыруға басқа кедергі жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның вице-премьері Роман Скляр Қазақстан мен Ресей арасында әуе тасымалын жандандыру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты көптеген әуе компаниясы жолаушылар тасымалынан жүкке ауысқан.

Скляр Қазақстан мен Ресей арасында әуе тасымалын жандандыруға санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерден басқа, қандай да бір кедергі жоқ екенін мәлімдеді.

"Екі елдің санитарлық қызметі бұл мәселені шешіп жатыр. Тасымалдаушылар кез келген сұранысты қанағаттандыруға дайын. Қазақстан мен Ресей арасында, біздің қалалар арасында ұшуға ешқандай шектеу жоқ. Эпидемиологиялық жағдай жақсарып, санитарлық қызметтер рұқсат берген бойда әуе тасымалы жанданады. Басқа кедергі жоқ", - деді вице-премьер ресейлік журналистермен кездесуінде.

Сонымен қатар, ол биыл індет тоқтап, туристер Қазақстанға ұшып келе алатынына үміттенетінін жеткізді.

Бұған дейін Air Astana компаниясы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге екі қосымша чартерлік рейсті іске қосқан болатын.

10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. Осыған байланысты астанаға шетелдік журналистер мен халықаралық бақылаушылар келіп жатыр.

Жаңалықтар
0