Теңге, ақша, монета

Зейнетақы жинағын шешіп алу үшін есепшот қалай ашылады видео

8186
Отбасы банк зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтініш беретін сайтты жасағанымен, ол әлі іске қосылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Отбасы банктің қосымшасына зейнетақы жинақтарын аударуға арналған есепшотты ашу қызметі енгізілді.

"Отбасы банк" зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтініш беретін онлайн-платформаны жасап қойды. Портал тиісті нормативтік-құқықтық актілерге қол қойылғаннан кейін іске қосылады", – деді банк қызметкерлері Sputnik Казахстан тілшісіне берген сұхбатында.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудару үшін өтініш берудің тәртібі төмендегідей:

  • "Отбасы банктің" мобильді қосымшасы жүктеу;
  • "БЗТ үшін есепшот ашу" қызметін таңдау;
  • ЖСН мен телефон нөмірін енгізу;
  • SMS-пен келетін кодты енгізу;
  • қосымшада жеке куәлікті сканерлеу;
  • бейне растаудан өту, ол үшін экранға қарап, бірнеше қимыл жасау қажет;
  • клиенттік анкетаны толтыру;
  • банктің стандартты шарттарымен, жеке мәліметтерді өзгерту мен бір реттік зейнетақы төлемі туралы өтінішпен танысу;
  • Оны растайтын тағы бір SMS жіберіледі;
  • кодты енгізу;
  • интернет-банкигке кіру үшін пароль орнату.

Осының бәрі жасағаннан кейін бірыңғай зейнетақы төлеміне арналған есепшот ашылады. 

Бұдан бөлек, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет болады. Оны халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ашуға мүмкіндік бар. Зейнетақы жинақтары үшін ЭЦҚ-ны компьютер арқылы алған жөн. Себебі телефон арқылы алынған қолтаңбаны тек мобильді қосымшамен пайдалануға болады.

8186
Кілт сөздер:
ақша, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын өз қажетіне қарай жұмсай алады
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша болады – министрлік ақпарат жариялады
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тың ақпарат жарияланды
Зейнетақы жинағын пайдалану үшін банкке бару керек пе?
Қазнетте зейнетақы екі есеге өседі деген ақпарат тарады
Монета

"Бюджетке 2 триллион түседі": экономист президенттің шұғыл тапсырмасын түсіндірді

117
(Жаңартылды 20:17 26.01.2021)
Сарапшы қыруар қаржыны көлеңкеден шығарудың арқасында ұлттық қордың ақшасын сақтап, оны ары қарай ұлғайтуға мүмкіндік бар деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа уақыттың ішінде экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. Себебі ішкі жалпы өнімнің үштен бірі, ал Дүниежүзі банкінің мәліметі бойынша 40 проценті көлеңкеде қалып отыр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық мемлекет басшының осы тапсырманы не себепті шұғыл түрде шешуді тапсырғанын түсіндірді.

"Бір-екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 27 процент болған. Қазір ресми түрде 30 процент деп жатыр. Ол шамамен 23 триллион теңгеден асып жығылады. Бірақ сарапшылардың көбісі көлеңкеде жүрген ақшаның көлемі одан да көп дейді. Бұл – өте көп ақша. Ал ресми түрде айтылған ақшаның өзін заңдастыратын болса, онда 10 проценттік салықпен бюджетке кем дегенде 2 триллион түседі. Ол дегеніміз, ұлттық қордан ешқандай аударым жасаудың қажеті жоқ", - дейді Халық. 

Сарапшының айтуынша, қыруар қаржыны көлеңкеден шығарудың арқасында ұлттық қордың ақшасын сақтап, оны ары қарай ұлғайтуға мүмкіндік бар. Оған қоса, сырттан қарыз алуға деген сұраныс та азаяды. Экономиканы көтеріп, әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.

"Ал ұлттық қорды іске қосатын болсақ, онда шын мәнінде халықтың біраз әлеуметтік мәселесін шешуге жол ашылады. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік бар. Сондықтан президенттің бұл бастамасы өте орынды", - деп атап өтті Халық.

Осы орайда экономист жаңа агенттіктің тікелей президентке бағынғанын да қолдап отыр. Айта кеткен жөн, қазіргі кезде экономикалық қылмыстармен қаржы министрлігінің құрамындағы қаржы мониторингі комитетіне кіретін экономикалық тергеулер қызметі айналысады.

"Меніңше, экономикалық тергеулер қызметін алып тастап, осы жұмысты бөлек бір агенттік ретінде ұйымдастырған дұрыс. Оған ешкім ықпал ете алмайтындай болуы керек. Ондай мекеме тікелей президентке бағынуы тиіс. Сонда ғана жұмыста ашықтық болады", - дейді Халық.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа агенттік құрылады 

Үкіметтің бүгінгі отырысында мемлекет басшысы өткен жылы салық және кеден түсімдерінің күрт азайғанын айтты. Әсіресе, кедендік төлемдер күрт төмендеген. Мәселен, Қытаймен арадағы шекараның өзінде тауарды дұрыс рәсімдемеудің 50 мың фактісі анықталды. Ал Қазақстанға кірген және Қытайдан шыққан тауарлардың есебін салыстырғанда 5 миллиард доллардың айырмашылығы шығып тұр. Экономист Мақсат Халық та осы мәселеге баса назар аударды.

"Бұны қаржы министрі бір-екі жыл бұрын айтқан. Бірақ ол кезде Қорғастағы айырмашылықтың көлемі 7 миллиард доллар болды. Сонда бізге Қытайдан біраз тауар кіреді, бірақ контрабандамен салығы төленбей, сан алуан жолдармен жан-жаққа таралып кетеді. Демек, қыруар қаржы көлеңкеде қалып отыр", - деп толықтырды Халық.

Сарапшы салықтық жүктемені төмендету арқылы көлеңкелі экономиканы азайтуға болатынын да еске салды. Себебі салықтың мөлшері төмен болса, кәсіпкерлер төлем жасаудан қашпайды.

117
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, экономика
Тақырып бойынша
Тоқаев Қызылорда облысындағы жағдай туралы: өте шұғыл мәселе
Зейнетақы жинағын пайдалану: 30 мыңнан аса қазақстандық өтінім беріп үлгерді
Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мемлекет басшысы қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды
Құжатқа қол қою

Қазақстанда жаңа агенттік құрылады

80
(Жаңартылды 13:47 26.01.2021)
Президент үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жалған кәсіпорындар мен қасақана салық төлемейтіндермен жұмысты жүйелі түрде күшейту керек. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеріп, қысқа мерзім ішінде президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Abishev Analytics Telegram-каналы "президент жанынан" деген сөз Агенттік парламентке де, Қауіпсіздік кеңесіне де бағынбайтынын білдіруі мүмкін деп жазды.

Бұдан бөлек, президент үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

 

80
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан
Тақырып бойынша
Облыс әкімі президенттен сөз естіді
Денсаулық министрі Тоқаевқа қандай жағдайда карантин қатаңдатылатынын айтты
Тоқаев Қызылорда облысындағы жағдай туралы: өте шұғыл мәселе
Тоқаев өзінің қандай тапсырмасы әлі күнге дейін орындалмағанын айтты
Мемлекет басшысы қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды
Құбырдан аққан су

Қостанай облысында су мұнарасы опырылып құлады

0
(Жаңартылды 09:31 27.01.2021)
Нысанның не себепті ортасынан опырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Байғабыл елді мекенінде су мұнарасы құлап, ауыл тұрғындары сусыз сергелдеңге түсіп отыр, деп хабарлайды AstanaTV арнасы.

Ал нысанның тұрғызылғанына алты-ақ жыл болған екен.

Ауылға орталықтандырылған су желісін тартуға 156 миллион теңге жұмсалған. 2014 жылдан бері тәулік бойы тоқтаусыз ауыз су пайдаланып келген бұқара енді тығырыққа тірелді.

Қазір ауылда тәулігіне 4 сағат қана су беріледі. Жергілікті билік осылайша тұрғындарды мүлдем сусыз қалдырмаудың қамына кіріскен.

Оқи отырыңыз: Қостанайда су құрамы қауіпті бұлақ көздері анықталды

Ал су мұнарасы құлаған күні қатты жел болмаған. Нысанның не себепті ортасынан опырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді.

"Арнайы комиссия келіп тексеріп қарады. Бірақ ешқандай тұжырым жасаған жоқ. Не себепті құлағанын ешкім айта алмайды. Қазір оның себебін білу үшін темірін кесіп алып сараптамаға береміз. Содан кейін ғана белгілі болады. Біз үшін қазір халықты сумен қамтамасы зету басты мақсат. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап көрсетті аудан әкімі Әмірхан Асанов.  

0
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, су
Тақырып бойынша
Ауылдағы ауыз су бағасы өзгереді – заң президентке жіберілді
Қапшағай мұз құрсауында – су қоймасының таңғажайып видеосы
Нұр-Сұлтанда көпір құлады – фото
Су кодексіне түзету енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды
Оралда шомылатын ойықтан су алмақ болған ер адам көз жұмды