Экономика

Зейнетақы жинағын пайдалану: тағы бір банк жауапты оператор болады  

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, деньги, тенге, купюры
Портмоне, деньги, тенге, купюры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін аударуға арналған арнайы шотты онлайн режимінде аша алады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тағы бір банкінде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға болады. Бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша бір ғана қаржы ұйымы  – "Отбасы банк" оператор болған.  

Енді бұл функция Halyk Bank клиенттеріне де қолжетімді болады – банк зейнетақы қаржысын мақсатты пайдалану жөніндегі екінші уәкілетті оператор болды, деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесі.  

"Енді Halyk Homebank қосымшасында клиенттер бір реттік зейнетақы төлемін аудару үшін қажетті арнайы шотты онлайн режимінде аша алады. Төлемдер алудың бастапқы міндетті шарты – арнайы шот ашу", - делінген хабарламада.

Halyk Bank-тің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл фактіні растады.

Зейнетақы жинағын пайдалану: депутат "асықпайтын" үкіметті сынап тастады

Айта кету керек, бұған дейін Қор зейнетақы жинағының көлемін бірнеше тәсілмен тексеруге болатынын хабарлаған болатын.   

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу, сондай-ақ жеке меншік басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін заң қабылданды.  

Жаңалықтар
0