Экономика

Тоқаев Қызылорда облысындағы жағдай туралы: өте шұғыл мәселе

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуРабочий на нефтебазе, архивное фото
Рабочий на нефтебазе, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жұмыс екі бағытта жүргізілуі керек екенін атап өтті. Осыған байланысты үкіметке нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазір Қызылорда облысы күрделі кезеңді бастан кешіруде. Өңірдің негізгі табысы мұнайдан түседі. Бұл белгілі нәрсе. Бүгінде оның қоры сарқылып, өндіру көлемі азайып барады. Соған қарамастан, алға жылжуымыз қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Ол жұмыс екі бағытта жүргізілуі керек екенін атап өтті. 

Біріншісі – жаңа мұнай-газ кеніштерін барлау және қазіргі кен орындарының қорын нақтылап, зерттеу жүргізу. 

Екіншісі – өңірдің экономикасын әртараптандыру. 

"Сонымен қатар, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету саласын дамыту өте маңызды. Бұл міндетті орындауға өңірдің өз шамасы жетпейді. Бюджеті жеткіліксіз. Сондықтан үкіметке Қызылорда облысына нақты қолдау көрсетуді тапсырамын. Алдағы уақытта бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуымыз керек. Бұл өте шұғыл әрі маңызды мәселе", - деді президент.

Жаңалықтар
0