Экономика

Ресейдің үкімет басшысы Қазақстанға қандай ұсыныс жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинМихаил Мишустин на цифровом форуме в Алматы
Михаил Мишустин на цифровом форуме в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Ресейлік "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасын әзірге РФ, Армения және Беларусь азаматтары қолданып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан — Sputnik. Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Қазақстан мен Қырғызстанға пандемия кезінде еркін саяхаттауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымшаға қосылуды ұсынды.

"Біз ЕАДБ-ның шекарадағы кедергілерді жоятын қосымшалар әзірлеу туралы шешімін қолдаймыз", - деді Мишустин Digital Almaty форумы кезінде.

Ол пандемия жағдайында мемлекеттердің шекарасынан өтуге мүмкіндік беретін ресейлік "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасын мысал етті.

"Қазір бұл қосымшаны Ресей, Армения және Беларусь азаматтары қолданып жүр. Қазақстан мен Қырғызстан да қосылады деп үміттенеміз. Бұл қосымшада әлем бойынша ешқандай шектеусіз саяхаттауға мүмкіндік беретін арнайы QR-рұқсаты болады", - деді Ресей премьер-министрі.

Ол, сондай-ақ, ЕАЭО-да цифрлық платформа құру елдердің жұмысына тиімді әсер етіп, одақтың мызғымас тірегін құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

"Өзара әділ сауда үшін жағдай жасап, Еуроодақпен диалог жүргізу керек және Қытайдың "Бір белдеу" бастамасымен еуразиялық ықпалдастықты жалғастыру керек. Мұның барлығы бірыңғай цифрлық платформада жүзеге асуы қажет", - деді Мишустин.

Ол "Ортақ цифрлық жүйелер емес, осы жүйелердің жоқтығы одақ құрамындағы мемлекеттерге қауіп төндіріп тұр" деп атап өтті.

"Цифрлық платформа одақ аясындағы елдердің сауда нарығындағы кедергілерін жоя алады. Біз тек бірігіп қана экономикамызды тиімді дамыта аламыз. Ұйымға қатысушы мемлекеттердің арасындағы құқықтық мәселелерді де шешу керек. Азаматтар мен бизнесті сәйкестендірудің бірыңғай есеп жүйесін әзірлеу қажет", - деп санайды Ресей үкіметінің төрағасы.

Сондай-ақ, Мишустин форумды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминге алғыс айтты.

Еске салсақ, бүгін ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің қатысуымен Digital Almaty форумы өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0