НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңесте баяндама жасаған Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ЕАЭО-ға төрағалық еткен жылы Қазақстан ең алдымен өнеркәсіптік корпорацияны дамыту бойынша жұмыстарды күшейтуге баса назар аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Елдеріміздің бәсекелестік басымдықтарының әлеуетін толық жүзеге асыру, мобильділігі артып келе жатқан өндірістік капитал үшін күреске жұмылдыру және жаңа буынның қосылған құн тізбектерін қалыптастыруға біздің блокты енгізу жаңа жағдайдағы міндетімізге айналуы керек", – деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, әлемдегі ірі экономикалардың арасындағы сауда-санкциялық шиеленістің ықпалынан және жеткізулердің сенімді болуына баса көңіл бөлінуіне байланысты өндірістік процестер өңірлік сипатқа ие болып отыр.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бізге ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қайта қарастыру және жаңарту қажет", – деді ол.
Осы күндері Қазақстанның оңтүстік мегаполисінде Digital Almaty форумы, сонымен қатар, ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Оған Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары, ЕЭК министрлері, сондай-ақ, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер – Молдова, Өзбекстан мен Куба қатысып отыр.
Шарадан кейін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің БАҚ өкілдеріне сұқбаты жоспарланған.
Оқи отырыңыз: ЕАЭО-ға мүшелік Қазақстанға не берді?
Айта кету керек, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын өткізу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталған.
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов сыртқы нарықтағы оқиғалар мен осы факторлардың теңгеге ықпал етуі туралы айтып берді.
Теңгенің әлсіреуінен кейін аптаның ортасында бағамның нығаюы мен тұрақтануы байқалады. Тұрсынхановтың айтуынша, бүгінгі сауда сессиясында ұлттық валютаның шамалы нығаюы сыртқы негізгі факторларға тікелей байланысты болды.
"Ең алдымен теңгенің нығаюына мұнай бағасының өсуі ықпал етті. Brent маркалы мұнай бағасы жұма күні алдыңғы жоғары деңгейге қайта көтерілді. Ол бейсенбі күні таңертеңгі бағамен салыстырғанда 5%-ке артты" – деді ол.
Жұма күндіз Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2020 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет 68 доллардан жоғары көтерілді.
Тұрсынханов мұнай нарығындағы қазіргі жағдайға ОПЕК + ұйымының сәуір айындағы мұнай өндірісі көлемін өзгеріссіз қалдыру туралы күтпеген шешімі туралы жаңалықтар ықпал еткенін айтты. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы да өз еркімен өндірісті тәулігіне миллион баррельге қысқартуды сақтайтынын мәлімдеді.
Еске салсақ, ОПЕК + мұнай картелі министрлерінің кездесуі 4 наурызда өтті. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттер өндірісті тәулігіне жарты миллион баррельге арттырады деп болжанған болатын.
Ұлттық банк өкілі айтқандай, алайда, АҚШ доллары бірқатар валюталарға қатысты нығайғаны байқалды.
"Федералды резервті жүйе жұмыспен қамту саласы және инфляцияда айтарлықтай ілгерілеуге дейін ынталандырушы монетарлық саясатты ұстап тұруды көздейтініне қарамастан, Пауэлл кеше Wall Street Journal басылымына берген сұқбатында жыл басынан бері облигациялар кірісінің өсуіне қатысты алаңдаушылық танытпады", - деді Нұржан Тұрсынханов.
Ол ФРЖ басшысының сұқбаты АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарының табысы біршама өсуіне ықпал еткенін атап өтті. 10 жылдық қазынашылық облигация кірісі 2020 жылдың ақпан айының ортасынан бастап алғаш рет 1,57%-ке жетті.
"ФРЖ басшысының мәлімдемелері АҚШ долларының әлемдік валюталарға, оның ішінде дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюына ықпал етті. Оңтүстік Африка ранді бейсенбі күні таңертеңнен жұмаға дейін 1,5%-ке әлсіреді, бразилиялық реал - 0,9%, мексикалық песо - 0,8%-ке бәсеңдеді", - деді Тұрсынханов.
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің шешімімен Руслан Бекетаев 5 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Оның құзіретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны мен әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.
Айта кетейік, бұған дейін осы қызметті Тимур Жақсылықов атқарған. Ақпан айында ол ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ал Руслан Бекетаев қаржы министрлігінде жұмыс істеді. Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, қазынашылық комитеті төрағасы болды.
Астанада LRT-ны салу 2005 жылы сөз бола бастады. Сол кезде елорда әкімдігі қала басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілік етуімен "Астананың жаңа көлік жүйесі" бағдарламасын қабылдады.
Осы уақыттан бері біршама уақыт пен қаражат жұмсалды. Елордада жеті әкім ауысты: Шөкеев, Мамин, Тасмағамбетов, Жақсыбеков, Исекешев, Сұлтанов, Көлгінов. Жобаның бірнеше бас мердігерлері де ауысты.
Сол сияқты ел президенттері де ауысып үлгерді: Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына қазір Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды.
Бас қаланың атауы Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгерді. Бірақ LRT ісі алға жылжыған жоқ. Бүгінде "ақылды қаланың" бір бөлшегіне айналуы тиіс құрылыстың аяқсыз қалған қаңқасы елорда тұрғындары мен қонақтарын үрейлендіреді.
Тіпті LRT жобасының өзі де бірнеше рет өзгеріске ұшырағанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді: бастапқыда халық тығыз қоныстанған оң жағалаудағы бекеттен қала орталығына қарай бағыттау жоспарланған. Ал 2011 жылы бұл ойдан айнып, сол жағалаудағы әуежайдан тарту көзделді. Бұл жобаның тиімді болуына Қазақстанның 2012 жылы өтетін "ЭКСПО – 2017" көрмесіне дайындалып жатқаны да әсер етті. Ақыр соңында ол да пайдаға жарамай қалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тым қымбат әрі тиімсіз болғаны үшін жобаны қатаң сынға алды. Инаугурация өткеннен кейін бірден мемлекет басшысы тәулігіне 150 мың адам көлеміндегі жолаушылар ағыны оптимизмге толы екенін және бүгінгі тарифтен 70 есе көп екенін ескертті.
Есеп комитеті CityTransportationSystems (ребрендингтен кейінгі "Астана LRT" ЖШС атауы – Sputnik) қаржы-шаруашылық қызметінің аудиторлық қорытындысына талдау жүргізіп, құрылысты одан әрі жалғастырудың тиімділігі туралы мәселе көтерді. Есеп комитетінің сарапшылары жоба өзін ақтамайтынын және оның құрылысын қазір жалғастыру елорда бюджетіне үлкен салмақ екенін айтты.
Жоба құрылысын аяқтау құны 1,3 миллиард доллардан асып түсті.
Кейінірек қала билігі қаржыландыру сызбасын мақұлдап, оған сәйкес облигациялар қазақстандық ішкі нарықта орналастырылды. Облигациялық берешек көлемі 1,5 миллиард долларды құрады. Қазақстан Халық банкі қаржы министрлігінің кепілдемесі арқылы құны 400 миллион доллар болатын облигацияларды сатып алды.
2021 жылғы ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесуінде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов: "Иә, шын мәнінде, бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұр" деп мойындады.
Қала басшысы пандемия кезінде тоқтатылған жобаға қаражат жинау жұмыстары жалғасып жатыр және жерүсті метросының құрылысы аяқталады деп сендірді. Алайда Көлгінов нақты мерзімдерді атай алмады.
Қазақстан астанасына арналған жеңіл рельсті көлік жобасының әзірленгеніне он бес жылдан астам уақыт өтті. Бастапқыда бұл жолдың жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болуы керек еді.
Бірақ біршама түзетулерден кейін ол айтарлықтай қысқарды. 2019 жылғы жобада LRT желісінің ұзындығы 22 километрден аспады. Осы жолдың бойында әуежай, Әбу-Даби Плаза ауданындағы сол жағалауды жаңа "Нұрлы жол" теміржол бекетімен байланыстыруы керек еді.
Осы бағдар бойынша Нұр-Сұлтанға сұрықсыз реңк беріп тұрған темірбетонды конструкциялар тізіліп тұр.
Оқи отырыңыз: Еуропаға көктем келді: Германияда ғасырлық рекорд жаңарды – фото
Егер мерзім мен километр жайлы сөз қозғайтын болсақ, 90 жылдық тарихы бар, Қазақстанда аты аңызға айналған Түрксібтің 1 145 километрін үш жылда салды. Ол кезде қазақстандықтар рельстерді таулы өзендер, тасты жоталар, ыстық құмдар арқылы құбылмалы ауа райында техникасыз, жалаң қолмен төседі.
Үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басқан шақта еліміздің жаңа астанасы бірнеше жылдан бері темірбетонды бағаналардың салдарынан сұрықсыз кейіпке енді. Ол жолдарды дамытуға кедергі келтіріп, астаналықтардың мазасыздығын тудыруда.
Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.
Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді. Жаңа көлік түрі елорданың қос жағалауын біріктіреді деп жоспарланған болатын.
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның жоба-сметалық құжаттамасының сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады. Ал компания 4,2 миллиард теңгеге келісімшарт жасаған.
Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.
Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.
Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.
Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.
Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.
Ал мына жерде Астана LRT жерүсті метросының станциясы тұруы тиіс еді. Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.
Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.
Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.
Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.
Шулы Astana LRT жобасы "жолсыздағы жол" атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.