Теңге, ақша

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ салық төлеу тәртібін түсіндірді

1505
Жеке табыс салығын зейнетақы жинағын алған кезде немесе зейнетке шыққан кезде ай сайын тең мөлшерде төлеуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан — Sputnik. БЖЗҚ зейнетақы жинағын түрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуге пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеу тәртібі туралы айтып берді.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемі – салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинағының сомасы.

Зейнетақы жинағы –салымшының (зейнетақы төлемін алушының) зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы.

Жеке зейнетақы шотында түскен кезде зейнетақы жинағына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Зейнетақы жинағын пайдалану үшін төлеу кезінде бұл жинақтарға салық салынады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасына салық салу тәртібін анықтау мақсатында Салық кодексі "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері" деп аталатын баппен (351-1)толықтырылды.

Салық кодексіне сәйкес, БЖЗҚ салық агенті ретінде зейнетақы жинағын алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына есептелген біржолғы зейнетақы төлемін аудару кезінде жеке табыс салығын есептейді. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда реттелген. Салық Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемемен айқындалады. Біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына қолдану арқылы есептеледі (10%).

БЖЗҚ салымшының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірі бойынша жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және аударуды орындайды. Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағында қарастырылған:

  1. Салық кодексінің 351-бабында көзделген біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күнінен кешiктiрмей бір уақытта жүргізедi;
  2. ай сайын тең үлеспен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді (БЖЗҚ зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша).
ЖТС төлеу әдісін таңдау бойынша салымшының шешімі уәкілетті операторға жолданған өтінімде көрсетілуі керек.

Салымшы ЖТС-ны бір уақытта ұстап қалу туралы өтініш ұсынған жағдайда БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған кезде ЖТС сомасын біржолғы зейнетақы төлемінен бірден ұстап қалады.

Мысал:

  • салымшының шотындағы зейнетақы жинағының сомасы = 8 500 000 теңге
  • зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге
  • біржолғы зейнетақы төлемдері үшін қолжетімді сома = 8 500 000 - 3 500 000 = 5 000 000 теңге
  • біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде аударылған табыс = 5 000 000 теңге
  • бюджет пайдасына ұстап қалатын және аударылатын салық сомасы = 5 000 000*10%= 500 000 теңге
  • төлем көзінен ұстап қалған салықты есептемегенде біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы = 5 000 000 – 500 000 = 4 500 000 теңге.

Салымшы ЖТС-ны ай сайын тең мөлшерде ұстап қалу туралы өтініш ұсынған жағдайда БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған кезде ЖТС сомасын біржолғы зейнетақы төлемінен бюджетке ұстап қалусыз және аударусыз орындайды.

Есептелген ЖТС-ны ұстап қалу және аудару жеке тұлға зейнетақы жасына БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес он алты жылдан аспайтын мерзімге тең үлестермен жеткен кезде жүзеге асырылады.

Мысал:

  • салымшының ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000 теңге
  • зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге
  • біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде аударылған табыс = 5 000 000 теңге
  • есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 * 10%= 500 000 теңге
  • төлем көзінен ұстап қалған ЖТС-ны есептемегенде біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы = 5 000 000 теңге.

Салымшыларға қолайлы болуы үшін екі сома да БЖЗҚ салымшыға ұсынған тізімде көрсетіліп тұр.

Салымшы алуға өтініш білдірген сома БЖЗҚ-дан уәкілетті оператор-банкте ашылған оның арнайы шотына түседі.

1505
Кілт сөздер:
салық, БЖЗҚ, зейнетақы жинағы
Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (74)
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын пайдалану: өтінім берушілердің басты 5 қателігі
Зейнетақы жинағын пайдалану: енді қайта өтініш беру үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ
"Маған қажет емес": астаналықтар зейнетақы жинағын қайда жұмсағысы келетінін айтты  
Зейнетақы жинағын пайдалану: Отбасы банкінің басшысы кеңес берді
Банктің "қара тізіміне" енгендер зейнетақы жинағын пайдалана ала ма?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

"Ешкімге жалтақтамаймыз": Тоқаев реформаларды біреуге ұнау үшін жүргізбейтінін айтты

10
Мемлекет басшысы саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізілетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси реформаларды сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің бірқатар шетелдік әріптестерім және беделді сарапшылар елімізде жүзеге асырылып жатқан сасяи реформалар туралы оң пікір айтуда. Олар саяси жаңғырудың сан қырлы және күрделі үдеріс екенін өте жақсы түсінеді. Ал реформаларды сынайтындар көбінесе мәселеге үстірт қарайды немесе жағдайымыздың ерекшелігін әдейі түсінгісі келмейді", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев баспананы арзандатудың жолын ұсынды 

Президент билік елдің түйткілді тұстарын жақсы білетінін, ұстанымы айқын екенін атап өтті. Барлық мәселені кең ауқымды диалог пен мәміле арқылы біртіндеп шешеміз. Саяси жаңғыруды міндетті түрде жүзеге асырамыз, деді ол.

"Мен осы мәселеге айрықша мән беріп отырмын. Біз реформаларды біреуге ұнау үшін, олардың алдында жақсы көріну үшін, не болмаса біреулерге есеп беру үшін жүргізіп отырғанымыз жоқ. Реформаларды ешкімге жалтақтамай, ұдайы іске асырамыз. Басты мақсат –  еліміздің күш-қуатын, әлеуетін нығайту және ең алдымен халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін тиімді шешімдер қабылдау. Бұған ешкімнің күмәні болмауы тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізілетінін айтты. Президент құзырлы органдарға тиісті заң жобаларын жедел әзірлеуді тапсырды.

10
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, реформа
Тақырып бойынша
Қазақстанда қос азаматтық үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін
Мемлекет басшысы болашақ дәрігерлердің стипендиясын көтеруді тапсырды
"Мұндайға жол беруге болмайды": Тоқаев мүгедектерге жағдай жасауды тапсырды
2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтеді
Президент жерді сатуға қатысты қандай шешім қабылдағанын айтты
БЖЗҚ логотипі

БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады

1512
Қазақстанда ай сайынғы ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жеткен, бұл орташа төлем сомасынан 20 есе көп

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ең жоғары ай сайынғы зейнетақының мөлшері 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша қор 167 423 адамға қаржы төлеген.

"Жалпы алғанда 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, бір реттік зейнетақы төлемі және сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 73,8 миллиард теңге аударылды", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегін қалдырмауға болады – не істеу керек 

Бұл тізімге бір реттік зейнетақы төлемдері – 49,6 миллиард теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 миллиард теңге, зейнет жасына жету бойынша төлемдер – 6,5 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша 5,9 миллиард теңге, басқа жаққа тұрақты тұруға кету бойынша 2,1 миллиард теңге, жерлеуге 0,4 миллиард теңге, мүгедектік бойынша 0,2 миллиард теңге кірді.

Зейнет жасына жету бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары зейнетақы 522 610 теңге болды.

1512
Кілт сөздер:
зейнетақы
Тақырып бойынша
Әртістер зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы: не істеймін оны
Екі компания БЖЗҚ-мен зейнетақы жинағын сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты
БЖЗҚ жалған хабарлама таратылып жатқанын ескертті
Маман ЭКО жасатуға зейнетақы ақшасын алуға тыйым салу себебін түсіндірді
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге өсті
Казино, құмар ойындар

Президент жастардың құмар ойындарға тәуелділігіне алаңдады

0
Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Балаларды құмар ойындарға тартқан заңды тұлғалар лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы кезде жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алды. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөспірімдер заманауи технологияларлың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды. Букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз еліктіруде. Мемекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ бұл шаралар, әрине, жеткіліксіз", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео 

Президент жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғау қажет екенін айтты. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдер қолдану қажет деп есептейді.  

"Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз", - деді ол.

Айтуынша, қазір осындай заңсыз қызметі үшін жеке тұлғаларға 200 АЕК көлемінде ғана айыппұл салынады. Президент шетелдіктерді ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салуды тапсырды.

Тоқаев құмар ойындарына тосқауыл қою үшін заңнамалық шаралармен  шектеліп қалуға болмайтынын айтты.

Ол заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту керек деп санайды. Бұл міндетті орындауға құзырлы органдар белсенді атсалысуы керек.

0
Кілт сөздер:
президент, құмар ойын
Тақырып бойынша
"Құмар ойын қанымда бар": үш жылда 20 миллионнан айырылған жігіттің оқиғасы
Қазақстандықтар құмар ойынға салынған туыстарын сотқа бере алады
"Тегін дүние жоқ": Бағлан Әбдірайымов ашық сұхбат берді
Сарапшылар "байлық салығы" Қазақстанға қандай пайда әкелетінін айтты
Алматы тұрғыны казинодан 31 миллион теңге табыс тауып, түрмеге түсті