Экономика

Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі шоттары тексеріледі

© Sputnik / Владимир СергеевДеньги, архивное фото
Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Осы жылдан бастап қаржы министрлігі 100-ден аса елде қазақстандықтардың есепшотын іздей бастайды. Бұл туралы ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі оффшорды жабуға қатысты ойын айтты 

Айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты Конвенцияға қол қойылды.

"Осы жылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталады", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министрлік трансшекаралық сауданы бақылау мақсатында тауарларды дұрыс декларацияламағаны үшін кеден саласындағы әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Бұл кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың санын қысқартуға мүмкіндік береді, деп санайды Жамаубаев.

Жаңалықтар
0