НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Шағын кәсіпкерлік субъектілері азаматтардың шағымымен қайта тексерілуі мүмкін. Қаржы министрлігі президенттің мораторий туралы жарлығына түзету енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, 2020 жылдан бастап шағын кәсіпкерлерді тексеруге тыйым салатын 3 жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жауапсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдаған.
"Осыған байланысты біз мораторий туралы жарлыққа азаматтардың шағымдарына байланысты жауапсыз субъектілерді тексеру туралы түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Тек өткен жылдың өзінде "Азаматтық бақылау – чекті талап ет" жобасы аясында Мемлекеттік кірістер комитетіне заңбұзушылық туралы бейнежазбамен 16,5 мың хабарлама түскен. 7 мың шағым мораторийге байланысты жауапсыз қалды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев мораторийді ұзартатынын мәлімдеді
Еске салсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Оның мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған еді.
Бірақ, кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 1 наурыздан бастап сұйылтылған газ бағасын уақытша реттеудің күші жойылады, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Өткен жылдың көктемінде президент Тоқаев автокөліктерге жанармай құю станцияларында сұйылтылған мұнай газын сатудың уақытша бағасын мемлекеттік реттеу енгізу туралы тапсырма берген болатын. Сәйкес бұйрық 2020 жылдың сәуір айында күшіне енді.
"Атамекен" ҰКП мен салалық қауымдастықтар кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында бұл бұйрықтың әрекет ету мерзімін анықтау бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады. Егер бұйрық ұзартылған болса, онда кәсіпкерлер жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр болар еді.
Оқи отырыңыз: "Сапасыз жанармай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді": Тоқаев ҰҚК-ға тапсырма берді
Қалай десек те, 23 ақпанда энергетика министрінің сәйкес бұйрығы әділет органдарында қабылданып, тіркелді. Бұл құжат бойынша 2020 жылдың 3 сәуіріндегі "Автокөліктерге жанармай құю станцияларында автокөліктердің толтыруына арналған сұйылтылған мұнай газының бөлшек саудасының шекті бағасын белгілеу туралы" энергетика мен ұлттық экономика министрлерінің бірлескен бұйрығына өзгертулер енгізіледі.
Ал осы бұйрықтың мерзімі 2021 жылдың 1 наурызында аяқталады.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесу кезінде Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе компанияның қазіргі жұмысы туралы айтып берді. Олардың айтуынша, ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығын артып отыр. Бұған Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде сәтті шығарылуы себеп болған.
Сондай-ақ, кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту, компанияның қатысуымен мемлекеттік цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.
Оқи отырыңыз: Kaspi bank клиенттердің шотынан ақша неліктен "жоғалғанын" түсіндірді
"Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz компаниясының бірлескен жұмыстарының перспективалық бағыттары белгіленіп, Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қатысты мәселелер нақтыланды", - делінген ресми хабарламада.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.
Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео
Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.
Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.