Ақша

Жамаубаев бюджетке 1 трлн теңге қосымша түсім әкелу үшін не істейтінін айтты

907
Министрдің айтуынша, қосымша құн салығын әкімшілендіруде Blockchain-технологиясы енгізілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салық және кедендік әкімшілендіру одан әрі қалай жетілдірілетінін түсіндірді. Жүзеге асырылатын шаралар бюджетке қосымша 1 триллион теңге түсім әкеледі. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрлік салық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және бюджетті толықтыру үшін цифрландыруға баса назар аударған.

Ведомство осы бағытта бірқатар нақты шаралар әзірледі:

  • трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту;
  • кедендік инфрақұрылымды жаңғырту;
  • ақпараттық жүйелерді жетілдіру және жаңа платформаға көшу;
  • ірі салық төлеушілердің көлденең мониторингін қолдану;
  • халық пен бизнеске арналған мобильді қосымшаларды дамыту;
  • заңнаманы жетілдіру.

Президенттің трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар әзірленеді.

Тауарлардың жалған транзитін және жеткізілуін болдырмау үшін автокөліктерге навигациялық пломба қойылады.

Қазақстан ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарымен тауарлардың саны мен құны туралы ақпарат алмасады.

"Жасанды интеллект және көлік ағынын автоматты басқару технологияларын енгізе отырып, өткізу пунктерін модернизациялау көзделіп отыр. Қытайлық Эксимбанктің қарызы аясында Ахуалдық орталық құрылысын салу және 9 авто және 1 темір жол өткізу бекеттерін модернизациялау жоспарлануда", – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Айтуынша, "Нұр жолы" өткізу пунктінің үлгісімен басқа да учаскелерде "Электронды кезек" жүйесі енгізіледі. Бұл мобильді қосымша арқылы кезекке алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

Көлденең мониторингтің мүмкіндігі қандай

Министрдің мәлімдеуінше, 2021-2022 жылдары ақпараттық жүйелер оңтайландырылып, модернизациядан өтеді. Жалпы ақпараттық жүйелер саны 21-ден 6-ға дейін қысқарады.

Сондай-ақ, қосымша құн салығын әкімшілендіруде Blockchain-технологиясы енгізілмек. Бұл салық төлеуден жалтару тәуекелін азайтады және қолма-қол ақшаға айналдыру мәмілелерін қысқартады.

Бұдан бөлек, президент тапсырмасына сәйкес ірі салық төлеушілер үшін көлденең мониторинг енгізіледі. Ведомство оны квазимемлекеттік ірі компаниялардан бастауды жоспарлап отыр.

"Көлденең мониторинг салық төлеушілерге шығынды қысқартуға және салықтық бақылау аясында тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін тиімді модель болады", – деп санайды Жамаубаев.

Оқи отырыңыз: Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды

Сондай-ақ, бұл салықтық бақылауға жұмсалатын қаражатты айтарлықтай азайтуға, өсімпұлдар мен айыппұлдарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Министр жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктіріліп, бірыңғай төлеммен төленетінін еске салды. Сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды.

Жеке кәсіпкерлер үшін жаңашылдық енгізіледі

Жеке кәсіпкерлер үшін "E-Salyq Business" қосымшасы әзірленуде. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен жабуды, салық есептілігін ұсынуды оңайлату, сондай-ақ комиссияны және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді алып тастау қарастырылып отыр.

Қаржы министрлігі ақпараттық жүйелер мен цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу деректер базасын өзектендіруге және оларды жеделдетуге, салықтық-кедендік әкімшілендіруді оңайлатуға және "көлеңкелі" экономика деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деп есептейді.

"Жалпы, аталған шараларды іске асыру 1 триллион теңгеден астам қосымша түсім әкеледі деп жоспарлануда", – деді министр.

Жамаубаев қаржы министрлігі қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін жеткізді.

907
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, экономика
Тақырып бойынша
Президенттің жолдауын орындауға 2 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады
Қаржы вице-министрі ұсталды ма – Бектенов жауап берді
11 жыл бойы миллиардтап қаржы жымқырған: Таразда қылмыстық топ ұсталды
Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды
БЖЗҚ салымшыларға 193 млрд теңгеден астам қаржы аударды
Автокөлік

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

6001
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, карантинге байланысты мыңнан астам адам өз көлігін тіркеуге немесе елден шығаруға  үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі 2022 жылдың бірінші наурызына дейін ұзартылды.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген көліктерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам автомобиль есепке қойылған.

"Ал 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз көлігін  тіркеуге немесе оларды елден тыс жерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себеп бар. Осы проблемаларды ескере отырып, үкімет биылғы жылдың 27 ақпанында осындай автомобильдерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, Арменияда тіркелген және біздің елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктердің иелеріне өз көлігін есепке қою мәселесін шешу үшін қосымша уақыт берілді", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Жүргізушілер қандай қиындыққа тап болды

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиннің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтуге шектеу қойылғандықтан автокөлікті Арменияға кері әкету мәселесі туындады.

Сондай-ақ, карантинге және аккредиттелген зертханалардың барлық өңірде болмауына байланысты кейбір жүргізушілер қайта жабдықталған автомобильдерді уақтылы сынақтан өткізе алмады.

"Қаржы пирамидалары" бойынша қылмыстық істерді тергеуге байланысты бірқатар көлікті (олар ломбардтардағы, микрокредиттік ұйымдардағы кепілдік мүлік болып табылады) пайдалану шектелді.

Оқи отырыңыз: Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуден өткен көліктердің иелерін Армениядағы салық міндеттемелерінен босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтуде. Бұл жұмыс автокөлік иелерін (Армения мен Қазақстанда) “қосарланған” салықтан босатуға бағытталған.

6001
Кілт сөздер:
көлік
Газ құю бекеті, архивтегі сурет

Қазақстанда сұйылтылған газ бағасын уақытша реттеудің күші жойылады

144
(Жаңартылды 13:40 26.02.2021)
Сұйылтылған мұнай газын сатудың уақытша бағасын мемлекеттік реттеу пандемия кезінде өткен жылдың көктемінде енгізілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 1 наурыздан бастап сұйылтылған газ бағасын уақытша реттеудің күші жойылады, деп хабарлады энергетика министрлігі.

Өткен жылдың көктемінде президент Тоқаев автокөліктерге жанармай құю станцияларында сұйылтылған мұнай газын сатудың уақытша бағасын мемлекеттік реттеу енгізу туралы тапсырма берген болатын. Сәйкес бұйрық 2020 жылдың сәуір айында күшіне енді.

"Атамекен" ҰКП мен салалық қауымдастықтар кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында бұл бұйрықтың әрекет ету мерзімін анықтау бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады. Егер бұйрық ұзартылған болса, онда кәсіпкерлер жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр болар еді.

Оқи отырыңыз: "Сапасыз жанармай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді": Тоқаев ҰҚК-ға тапсырма берді

Қалай десек те, 23 ақпанда энергетика министрінің сәйкес бұйрығы әділет органдарында қабылданып, тіркелді. Бұл құжат бойынша 2020 жылдың 3 сәуіріндегі "Автокөліктерге жанармай құю станцияларында автокөліктердің толтыруына арналған сұйылтылған мұнай газының бөлшек саудасының шекті бағасын белгілеу туралы" энергетика мен ұлттық экономика министрлерінің бірлескен бұйрығына өзгертулер енгізіледі.

Ал осы бұйрықтың мерзімі 2021 жылдың 1 наурызында аяқталады.

144
Кілт сөздер:
баға, газ
Тақырып бойынша
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Газ орнына су құйған: Ақтауда жанармай бекетінің қулығы әшкере болды
Нұр-Сұлтан әкімі газ бағасы қанша теңгеден болатынын айтты
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Елордада үйге газ кіргізу бағасы 37,5 процентке дейін арзандады
Қызылордада газ құю станциясына белгісіз біреу баса-көктеп кірді

Әйгілі Ниагара сарқырамасы мұзға айналды фото

0
  • Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
  • Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
  • Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
  • Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды құймақтар қалқып жүр
  • Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
  • Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
  • Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
  • Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
  • Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
  • Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.
Табиғаттың таңғажайып "туындысы" саналатын әйгілі Ниагара сарқырамасы мұз құрсауында қалды. Сирек болатын бұл таңғажайып құбылысты көруге туристер ағылуда

Ақпан айындағы қалыптан тыс төмен температура мен күшті қарлы боран Ниагара сарқырамасын жып-жылтыр айсбергке айналдырды.

Американың кейбір штаттарында ауа температурасы минус 20-30°C-ге дейін, кей жерлерде тіпті минус 40°C-ге дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда сарқырама қатып қалды 

Туристер сирек болатын бұл құбылысты көзбен көруге құмартып, Нью-Йоркке қарай ағылуда.

Күн шыққан кезде сарқыраманың етек жағында кемпірқосақ пайда болады.

Соңғы рет Ниагара сарқырамасы 2019 жылы ішінара мұз боп қатса, 1848 жылы толық мұзға айналған болатын. Ол кезде сарқырама тоқтап қалып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

0
  • Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.

  • Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.

  • Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.

  • Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды құймақтар қалқып жүр
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды "құймақтар" қалқып жүр

  • Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.

  • Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.

  • Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.

  • Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.

  • Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.

  • Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.