ақша, теңге

Тоқаевтың тапсырмасы: халыққа 6%-тік кредит неге берілмеді

3149
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Бастау-бизнес" жобасы аясында ауыл халқына арзан кредит берілмеудің себебін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. "Бастау-бизнес" жобасы аясында 100 мыңнан астам азамат қаржылай қолдаусыз қалған. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Sputnik Қазақстанның ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

Айта кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жұмыспен қамтамасыз етуге арналған "Еңбек" бағдарламасының "Бастау-бизнес" бағытын сынға алған болатын. Себебі осы жоба аясында 150 мың адам дайындықтан өтсе де, 10 проценті ғана кредит алды және 19 процентіне грант берілді. Сонда 100 мыңнан астам адам қолдаусыз қалды. Әсіресе, ауыл халқына өз бизнесін ашуға арзан кредит берілмеді.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы 100 мыңнан астам азаматтың қаржылай қолдаусыз қалғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, төрт жылдың ішінде 151 528 адам арнайы дайындықтан өткен. Соның ішінде 118 553 адам қаржыландыруға өтініш беріп, өз жобаларын қорғап шықты. Бірақ 44 362 адам ғана (арнайы оқудан өткендердің 29 проценті) бизнес жобасын жүзеге асырып, кәсіпкер атанды.

Палатаның ақпараты бойынша бүгінде ҚазАгро, Еуропаның қайта құру және даму банкі сияқты қаржы институттары, сондай-ақ мемлекеттік грант түрінде бөлінетін қаржы жеткілікті. Бірақ жоба қатысушыларын көбірек қамтуға кедергі келтіретін бірқатар мәселе бар.

"Айталық, ауыл тұрғындарының, әсіресе, жастардың кепіл мүлкінің болмауы, ауылдағы үйді бағалау құнының төмендігі, кредит тарихының дұрыс болмауы, адамның атында тұтынушылық кредиттің көптігі және кредит берешегінің болуына байланысты адамдар ҚазАгроның түрлі қаржы институттарынан микрокредит ала алмады", - дейді палата мамандары.

Ал облыс орталықтарында Еуропа қайта құру және даму банкінің бизнеске беретін кредитінің пайыздық мөлшерлемесі жоғары. Сондай-ақ, қолда бар кепіл мүлікті төмен бағалауға байланысты "Бастау бизнеске" қатысушылардың басым бөлігіне кредит берілмеді.

"Бастау бизнес" жобасын іске асырудың проблемалары онымен шектелмейді. Ауылды жерлерде жайылым, егістік, бордақылау базасы және тағы басқа мақсатқа жер жетіспейді. Ал қойма, цех пен база сияқты өндірістік орындардың құны қымбат. Бизнесті енді бастап жатқан адамдар ол шығындардың барлығын көтере алмай жатады. Мемлекеттік гранттың қаражаты да жобаны толығымен іске асыруға жетпейді. Мәселен, ет пен сүт өндірісі үшін ірі қара, жылқы, түйені өсірудің үздіксіз циклын қамтамасыз ету керек. Мал басының саны да көп болуы қажет.

"Ал мемлекеттік гранттың құны өткен жылы  555 600 теңге болғанын ескерсек, оған 2 бас ірі қара немесе жылқы, я болмаса, 1 бас түйе алуға ғана болады. Бұл үздіксіз өндіріс пен тұрақты табысты қамтамасыз етуге жетпейді. Өзге жобалар бойынша да жағдай осындай, грант сомасы жылыжай, баспахана, техникалық қызмет көрсету орны, тамақ өнеркәсібі мен жартылай фабрикаттар өндірісіне қажетті сапалы жабдықты алуға жеткіліксіз болып отыр", - дейді мамандар.

Осыған байланысты бүгінде ауылда кәсіпкерлікпен айналысуға адамдарды көптеп тарту үшін белгілі бір жобалардың гранттық қаржысын арттыру ұсынылып отыр. Сонымен қатар, кепілзат мүлкі жоқ немесе кредит бойынша қарызы бар және кредит тарихы бұзылған адамдар үшін қарыз беру шарттарын қайта қарау қажет.

Өткен жылы жобаға қатысушылар тарапынан бірнеше салаға деген қызығушылық жоғары болды. Олар:

  • - жылыжайда көкөніс өсіру;
  • - ұсақ мал, соның ішінде ешкі өсіру;
  • - жем-шөп өндірісі;
  • - жылқы шаруашылығы;
  • - құс шаруашылығы;
  • - ірі қара малды өсіру;
  • - ірі қара малдың репродукциясы;
  • - микрошөп өсіру.

Ал 2021 жылы қоғамдық тамақтану, тігін ісі, сұлулық салоны, сауда және тағы басқа қызмет көрсету салалары бойынша қосымша сарапшыларды тарту жоспарланып отыр.

Жалпы, биыл "Бастау бизнес" аясында жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, NEET санатындағы жастар, аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы мүшелері, еңбекке жарамды мүгедектер арасында 30 000 адамды оқыту жоспарланған. 2021 жылда 19 955 грант таратылады. Ал шағын кредиттерге 20 миллиард теңге қарастырылған. Ол ақша, шамамен, 8 000 кредитке жетеді.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған мәліметке сәйкес,  "Бастау Бизнес" жобасының қатысушылары 75,07 млрд теңгенің өнімдерін шығарды. Атап айтқанда: 

  • - қызмет көрсету саласында – 25,6 млрд.;
  • - ет өндіру – 20,5 млрд.теңге;
  • - сүт өндіру – 12,07 млрд теңге;
  • - тамақ өндірісі – 16,8 млрд.теңге;
  • - басқа жобалар – 119,0 млн.теңге.

Жобаларды іске асырған қатысушылардың 93 проценті бюджетке тұрақты түрде салық төлеп келеді. Төрт жылдың ішінде бюджетке 878,1 миллион теңге түсті. Әрбір бизнес жоба аясында орташа есеппен 1-2 жұмыс орны құрылады. Осылайша, төрт жылда 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қолға алынған жобалардың жалпы саны 44 мыңнан асып отыр.

Айта кеткен жөн, президент "Бастау бизнесті" қаржыландыру көлемін қайта қарап, іске асыру тетіктерін де өзгертуді тапсырған. Бірақ шағын кредиттердің мөлшерлемесі 6 проценттен аспауы тиіс.

3149
Кілт сөздер:
ауыл халқы, кредит, Қасым-Жомарт Тоқаев
Теңге және доллар

Ұлттық банк теңгенің неге күрт әлсіреп кеткенін түсіндірді

68
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуі үш басым факторға, соның ішінде Қазақстанда салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Сейсенбі, 2 наурызда биржалық сауда-саттықта ұлттық валюта бірден 2,36 теңгеге әлсіреп, бір доллар 420,40-420,80 теңге аралығында саудалануда.

Ұлттық банк теңге бағамының күрт әлсіреу себебін атады.

"Ұлттық валютаның әлсіреуі үш басым факторға: ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнайға баға белгілеудің құлдырауына, әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюына және Қазақстанда салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты болды", - деді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Дүйсенбіден бері мұнай бағасы өткен аптада қол жеткізген ең жоғары көрсеткіштерден ауытқып, 5,1%-ке төмендеді. Коронавирусқа қарсы вакциналаудың қарқын алуы, Сауд Арабиясы тарапынан мұнай өндіруді ерікті түрде сәуірге дейін күніне 1 миллион баррельге қысқарту, сондай-ақ, АҚШ-та бұрын-соңды болмаған аязға байланысты мұнай өндіруді мәжбүрлі түрде тоқтата тұру жыл басынан бері мұнай бағасының өсуіне оң әсер еткен еді.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк карта арқылы төлем жасауға қатысты ақпарат бөлісті

Мұнай нарығындағы қазіргі ахуал алдағы ОПЕК+ отырысына қатысты алаңдаушылықтың артуымен байланысты. Мұнай өндіру бойынша қазіргі шектеулерді біршама жеңілдету туралы шешім қабылданады деп күтілуде.

Сарапшылар коалиция мұнай өндіруді күніне шамамен 0,5 миллион баррельге ұлғайтады деп болжайды, ал Сауд Арабияның ерікті шектеулерді жалғастыруы екіталай.

68
Кілт сөздер:
Ұлттық банк, теңге
Тақырып бойынша
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болғанын мәлімдеді
Ұлттық банк 15 жыл бұрын шыққан банкнотты қабылдауды тоқтатады
Ұлттық банк әлеуметтік әмиян қашан қолданысқа енгізілетінін жария етті
Ұлттық банк "Белка. Стрелка" және "Сүндет той" коллекциялық монеталарын шығарды
Төлем карталары

Ұлттық банк карта арқылы төлем жасауға қатысты ақпарат бөлісті

2252
Қолма-қол ақшасыз операциялар мен онлайн сауданың өсуі пандемиямен байланыстырылып отыр. Картадан ақша шешіп алу операциялары азайған

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Төлем карталары бойынша қолма-қол ақшасыз операциялар 2,5 есе өсті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстанның төлем карталары нарығының көрсеткіші қарқынды өсіп келеді. Жергілікті карталар арқылы барлығы 52 триллион теңгеге 3,2 миллиард операция жасалды. Бұл 2019 жылға қарағанда 1,7 есе жоғары.

"Төлем карталарымен жасалған он транзакцияның тоғызы қолма-қол ақшасыз жасалған. 2020 жыл ішінде қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын қолдана отырып, 35,3 триллион теңгеге 2,9 миллиард қолма-қол ақшасыз операция жүзеге асырылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен сәйкесінше 2,4 және 2,5 есе артық", - деп жазылған хабарламада.

Қолма-қол ақшасыз операциялар мен онлайн сауданың өсуі пандемиямен байланыстырылып отыр. Картадан ақша шешіп алу операциялары азайған. 2020 жылы мұндай операциялардың саны 21%-ке кеміді (297 млн операция). Төлем карталарының иелері 16,6 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.

Биылғы жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша айналымда 49,3 миллион төлем картасы бар болса, оның жартысынан астамы белсенді пайдаланылуда.

Бизнес үшін тиімді

Төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Карта арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкерлер саны – 108 мыңнан, ал сауда нүктелері – 169 мыңнан асты. Қазақстанда барлығы 203 мың POS-терминал жұмыс істейді.

2019 жылмен салыстырғанда, карта арқылы төлем қабылдайтын сауда орындары (26%-ке) мен POS-терминалдардың (26%-ке) да саны артқаны байқалады.

2252
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, төлем
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айырылды
Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты
Ұлттық банк әлеуметтік әмиян қашан қолданысқа енгізілетінін жария етті
Павлодарда банк картасын тауып алған жігіт 20 жылға сотталып кете жаздады
Нұр-Сұлтанда жеңілдігі бар көлік картасын қайта шығару бағасы өзгерді
Архивтегі фото

Мусин "Роскосмос" басшысымен кездесті

0
Тараптар жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің жерді қашықтан зондтау жерсеріктері топтамаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоспарлар, сондай-ақ, жедел мәлімет алмасу бойынша сервистерді біріктіру жайы сөз болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан премьері мен "Роскосмос" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешенін құру жайын талқылады 

Бұдан бөлек, тараптар қазақстандық және ресейлік жерсеріктер өндірушілерінің өнеркәсіптік кооперациясы дамыту, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешенінің жұмысын арттыру мәселелері талқыға салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін одан әрі жан-жақты пысықтауға келісті.

0