Ұлттық банк

Ұлттық банк 15 жыл бұрын шыққан банкнотты қабылдауды тоқтатады

3127
2021 жылдың 3 наурызынан бастап Ұлттық банк филиалдары мың теңгелік банкнотты айырбастамайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Ұлттық банк 2006 жылы шыққан 1 000 теңге номиналды банкноттарды айырбастау аяқталатынын хабарлады.

"2006 жылы шыққан 1 000 теңге номиналындағы банкноталарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталған болатын. Бұл науқан 2021 жылдың 3 наурызында аяқталады", - деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

3 наурыздан кейін Ұлттық банк филиалдары купюраларды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, банкноттарды айырбастау тек Ұлттық банк филиалдарында ғана жүзеге асырылады. Филиалдардың мекенжайлары мен байланыс телефонын Ұлттық банктің ресми сайтынан табуға болады. Сонымен қатар, 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.

Устаревшая банкнота 1 000 тенге
© Photo : Нацбанк РК
2006 жылы шыққан 1 000 теңге номиналды банкноты

 

Еске салсақ, 1 ақпанда 2006 жылы басып шығарылған екі, бес және он мың теңге номиналындағы купюраларды қабылдау және айырбастау аяқталды.

3127
Кілт сөздер:
банкнот, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді
Ұлттық банк қандай банкноттар жарамсыз болып қалғанын хабарлады
Коронавирустың жаңа түрі теңгені әлсіретті – Ұлттық банк
Ақша сұрайды: Ұлттық банк қазақстандықтарды сақтандырды
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болғанын мәлімдеді
Ақша, теңге, доллар

ОПЕК+ келісімі теңге бағамына әсер етті ме

51
(Жаңартылды 17:30 05.03.2021)
Бүгінгі сауда сессиясында ұлттық валютаның аз да болса нығаюы сыртқы факторларға байланысты болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов сыртқы нарықтағы оқиғалар мен осы факторлардың теңгеге ықпал етуі туралы айтып берді. 

Теңгенің әлсіреуінен кейін аптаның ортасында бағамның нығаюы мен тұрақтануы байқалады. Тұрсынхановтың айтуынша, бүгінгі сауда сессиясында ұлттық валютаның шамалы нығаюы сыртқы негізгі факторларға тікелей байланысты болды.

"Ең алдымен теңгенің нығаюына мұнай бағасының өсуі ықпал етті. Brent маркалы мұнай бағасы жұма күні алдыңғы жоғары деңгейге қайта көтерілді. Ол бейсенбі күні таңертеңгі бағамен салыстырғанда 5%-ке артты" – деді ол. 

Жұма күндіз Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 2020 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет 68 доллардан жоғары көтерілді.

Тұрсынханов мұнай нарығындағы қазіргі жағдайға ОПЕК + ұйымының сәуір айындағы мұнай өндірісі көлемін өзгеріссіз қалдыру туралы күтпеген шешімі туралы жаңалықтар ықпал еткенін айтты. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы да өз еркімен өндірісті тәулігіне миллион баррельге қысқартуды сақтайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, ОПЕК + мұнай картелі министрлерінің кездесуі 4 наурызда өтті. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттер өндірісті тәулігіне жарты миллион баррельге арттырады деп болжанған болатын.

АҚШ долларының нығаюы

Ұлттық банк өкілі айтқандай, алайда, АҚШ доллары бірқатар валюталарға қатысты нығайғаны байқалды. 

"Федералды резервті жүйе жұмыспен қамту саласы және инфляцияда айтарлықтай ілгерілеуге дейін ынталандырушы монетарлық саясатты ұстап тұруды көздейтініне қарамастан, Пауэлл кеше Wall Street Journal басылымына берген сұқбатында жыл басынан бері облигациялар кірісінің өсуіне қатысты алаңдаушылық танытпады", - деді Нұржан Тұрсынханов. 

Ол ФРЖ басшысының сұқбаты АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарының табысы біршама өсуіне ықпал еткенін атап өтті. 10 жылдық қазынашылық облигация кірісі 2020 жылдың ақпан айының ортасынан бастап алғаш рет 1,57%-ке жетті.

"ФРЖ басшысының мәлімдемелері АҚШ долларының әлемдік валюталарға, оның ішінде дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюына ықпал етті. Оңтүстік Африка ранді бейсенбі күні таңертеңнен жұмаға дейін 1,5%-ке әлсіреді, бразилиялық реал - 0,9%, мексикалық песо - 0,8%-ке бәсеңдеді", - деді Тұрсынханов.


51
Тақырып бойынша
Тұрымов ОПЕК+ келісімі мұнай өндірісіне қалай әсер еткенін айтты
"100 мың теңге жоғалтасыз": зейнетақы қоры ескерту жасады
"Әрбір бала үшін 4,2 млн теңге": депутаттар үкіметке ұсыныс жолдады
Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді
Қазнетте доллар бағамы күрт өзгеретіні туралы тараған ақпарат рас па
Тағайындау, жаңа қызмет

Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

905
(Жаңартылды 16:52 05.03.2021)
Бұған дейін бұл қызметті Тимур Жақсылықов атқарған. Ақпан айында ол ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің шешімімен Руслан Бекетаев 5 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада. 

Оның құзіретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны мен әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.

Руслан Бекетаев
Служба центральных коммуникаций
Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды

Айта кетейік, бұған дейін осы қызметті Тимур Жақсылықов атқарған. Ақпан айында ол ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ал Руслан Бекетаев қаржы министрлігінде жұмыс істеді. Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, қазынашылық комитеті төрағасы болды.

905
Кілт сөздер:
қаржы нарығы, жаңа қызмет
Тақырып бойынша
Тоқаев сегіз лауазымды тұлғаны қызметінен босатты
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды
Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады
Президент Құспанды қызметінен босатты
Танымал қазақ актері басшылық қызметке тағайындалды
Архивтегі фото

Қазақстанның екі өңірінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

0
Коронавирусқа қатысты кешегі күннің статистикасы жарияланды. Бір тәулікте анықталған науқастардың саны жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 571 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында вирусты жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді.

  • Өңірлердегі статистика:
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 61,
  • Алматы қаласы - 118,
  • Ақмола облысы - 72,
  • Ақтөбе облысы - 3,
  • Алматы облысы - 38,
  • Атырау облысы - 27,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 18,
  • Жамбыл облысы - 17,
  • Батыс Қазақстан облысы - 39,
  • Қарағанды облысы - 35,
  • Қостанай облысы - 50,
  • Маңғыстау облысы - 3,
  • Павлодар облысы - 63,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 24,
  • Түркістан облысы - 3.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 219 325.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстан ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін 2 млн теңге төлейді
Вакцинадан қанша педагог бас тартты – денсаулық министрлігі ақпарат таратты
Коронавирус көбейе ме – денсаулық сақтау министрлігі көктемге болжам жасады
Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды
Коронавируспен ауырғандарда қандай дерт пайда болуы мүмкін