Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

"Мойындау керек": Тоқаев басты қауіпті атады

5498
(Жаңартылды 18:23 11.02.2021)
Президент Тоқаев экономиканы мемлекет меншігінен шығару жолында нақты жұмыстар істеліп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы бұл форумның отандық бизнес өкілдері мен "Самұрық-Қазына" қоры үшін маңызды басқосу екенін атап өтті.

Атап айтқанда, жалпы сомасы 67 миллиард теңгеге тікелей офф-тейк немесе алдын-ала жасалған келісім-шарттар мен стратегиялық келісімдерге қол қойылған. Президент қордың жұмысына оң баға берді.

"15-тен астам бағыт бойынша өте жақсы және мазмұнды жоспарлар бар. Атап айтқанда, холдингтің сатып алуларын оңтайландыру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылған. Кәсіпорындарды, оның ішінде, тұралап қалған компанияларды қолдау бағдарламалары әзірленген", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның экономикалық салдарымен күрес кезінде мемлекеттік ірі корпорациялар мен бизнес өкілдері арасындағы серіктестікті қолдаудың маңызы арта түскенін атап өтті.

"Озық технология, өнімді нарыққа таратудың ұтымды саясаты және білікті мамандар – табысқа жетудің негізгі көзі. Оны іс жүзінде дәлелдеген компанияларымыз аз емес. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз әділ бәсекеге түсіп, ұзақмерзімді келісім-шарттарға қол жеткізе білді. Бұл – Қазақстанда өндірілген өнімнің сапасы жоғары деген сөз. Сондай-ақ бірқатар компания экспорт нарығын игеруде. Осы компаниялардың бірқатары өз тауарын экспортқа жөнелтіп жатыр. Бірақ ондай кәсіпорындардың саны көп емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан мемлекет пен мемлекеттік корпорациялар тарапынан ұдайы қолдау көрсетіле береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, отандық өндірісті дамытуда квазимемлекеттік секторға, әсіресе, "Самұрық-Қазына" қорына өте маңызды міндет жүктеліп отыр. Мемлекет қор арқылы бизнестің кез келген түріне қолдау көрсете алады. Президент өз сөзінде бірлескен инновациялық әзірлемелердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, қорға қарасты ірі кәсіпорындардың айналасында құн тізбегін құруға, инфрақұрылыммен көмектесуге, адам капиталын дамытуға, экспорттық нарықтарды игеруге басымдық берді.

Бизнестің басты қаупі

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алуларда жергілікті өніммен қамтамасыз ету мәселесін көтергенін еске алған Тоқаев сатып алу конкурстарында импорттық өнімдерді отандық тауар ретінде көрсету әлі де кездесетінін айтты.

"Мұны мойындау керек. Мұндай жағдайлар жауапкершіліктен жұрдай кәсіпкерлер мен квазимемлекеттік сектордың осындай әрекетке көз жұмып қарайтын қызметкерлерінің кесірінен орын алып отыр. Бұл бизнестің басты қаупі, оның дамуына кедергі келтіреді. Біз қазірдің өзінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін тиісті әкімшілік жауапкершілікті енгіздік. Үкімет те, қор да бұл мәселені қатаң бақылауы керек. Кәсіпкерлер мұндай мәселелердің тез әрі тиімді шешілуін күтеді", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өнімді анықтайтын әдістің өзін жетілдіру керек деп санайды. Ал онда екіұштылық пен әртүрлі түсінік болмауы керек. Бұл өз кезегінде өнеркәсіп саясатын дұрыс құруға, қолдау механизмдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сатып алу процесінің барлық кезеңдерін ашық өткізу маңызды жұмыстың бірі.

"Жұрттың сатып алу жоспары мен шарттары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмауы, құпия сөз байласып шешім қабылдау деген сияқты әрекеттің бәрі өткен күннің еншісінде қалуы тиіс. Бұл маңызды мәселеде оң өзгерістер басталғанын айта кеткім келеді. Аталған саланы цифрландыру "қисынсыз" шешімдерді тез анықтауға және сүзгіден өткізуге, артық бағалардың алдын алуға және сапалы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Тендерлер мен конкурстық комиссиялардың шешімдері арасында келіспеушілік туындаған жағдайда ондай дауларды шешудің ашық механизмін әзірлеу қажет. Осы және басқа да аспектілер "Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы" заңда бекітілуі керек. Заң жобасы парламентке жіберілді. Депутаттардан мұны осы сессияда мұқият қарап, қабылдауды сұраймын", – деді президент.

Экономика мемлекет меншігінен шыға ма?

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы мемлекет меншігінен шығару жолында нақты жұмыстар істеліп жатқанын атап өтті. Бұл отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тағы бір мүмкіндік. 2025 жылға дейінгі жекешелендірудің жоспарына 700-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын енеді.

Оның 112-сі "Самұрық-Қазынаның" құрылымына кіреді. Президент өз сөзінде мемлекет меншігінен шығару саясатының үш негізгі қағидатын атады.

"Бірінші, жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуге тиіс. Өкінішке қарай, бізде инфрақұрылымның негізгі нысандарын тиімсіз жекешелендіру деректері бар. Мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретін орынсыз жекешелендірулерге жол беруге болмайды. Мысалы, темір жолдар мен тұйықтар, өнім тасымалдайтын құбырлар. Бұл жөнінде үкіметтің жуырда өткен отырысында айттым. Мұндай олқылықтарға енді жол бермеу керек. Бұған үкімет пен қор жауапты.

Екінші, активтерді жекеге сату бюджетке түсетін салмақты азайтуға септігін тигізуі қажет. Жеке компаниялар өз табыстарының басым бөлігін бюджеттік тапсырыстардан, жеңілдіктерден, гранттардан және басқа артықшылықтардан емес, өз тауарларын экспортқа шығару және көрсететін қызметтері арқылы нарықтан табуы керек.

Үшінші, жекешелендірудің нақты экономикалық қайтарымы болуы тиіс. Кез келген кәсіпорынды жекешелендіруді оның тиімділігін жақсарту, ұлттық экономикаға қосатын үлесін арттыру деп түсіну керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жекешелендіру туралы азаматтар нені білуі тиіс

Осы ретте президент жекешендірудің барлық процесінің ашық өтуіне ерекше тоқталды.

"Жекешелендіру мемлекеттік меншікке қатысты болғандықтан азаматтарымыз оның барлық шартын білуге құқылы. Қоғамдық бақылау – жекешелендіру процесінің барлық кезеңінің тиімді әрі ашық өтуінің пәрменді құралы. Үкімет пен қорға тиісті тапсырма берілді. Қордың ірі компанияларына қатысты айтсақ, "Халықтық IPO" арқылы жекешелендіру өте өзекті болмақ. Өз қаржысын тиімді пайдаланғысы келетін еліміздің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін иеленуге мүмкіндік алуы тиіс", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір маңызды мәселе ретінде еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсат-міндеттеріне сәйкес "Самұрық-Қазынаның" басымдықтарын кеңейту мәселесіне тоқталды. Қор мен портфельді компанияларды дамыту жоспары осыған сәйкес келуі тиіс.

"Қордың инвестициясы да ұлттық экономикаға бағытталуы үшін инвест-портфельдерді әртараптандыру маңызды. Ұлттық әл-ауқат қоры өзінің атына сай болуы керек. Менің бұған күмәнім жоқ. Ел экономикасы үшін қордың орасан зор маңызын ескере отырып, жалпымемлекеттік басымдықтарға қол жеткізу жолында одан әрі дәйекті жұмыс істей береді деп сенемін", – деді президент.

Оқи отырыңыз: Азаматтарды вакциналау шығындарын мемлекет көтереді – Тоқаев

Сондай-ақ форум барысында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, "Ақ Жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев сөз сөйледі.

Мемлекет басшысына инвестициялық бастамалар, қорды инвестициялық холдингке кезең-кезеңімен айналдыру жұмысының барысы және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының бірқатар цифрлық жобалары таныстырылды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар офф-тейк келісім-шарт пен стратегиялық келісімге қол қойылды.

5498
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Самұрық-Қазына
Тақырып бойынша
Тоқаев байланыс операторларын нашар интернет үшін жауапқа тартуды ұсынды
Кредитін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі - Тоқаев Әбілқасымованы қабылдады
"Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той": Тоқаев желіде жазба жариялады
Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысын қабылдады
Тоқаев білім министріне тапсырма берді
Автокөлік

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

6043
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, карантинге байланысты мыңнан астам адам өз көлігін тіркеуге немесе елден шығаруға  үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі 2022 жылдың бірінші наурызына дейін ұзартылды.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген көліктерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам автомобиль есепке қойылған.

"Ал 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз көлігін  тіркеуге немесе оларды елден тыс жерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себеп бар. Осы проблемаларды ескере отырып, үкімет биылғы жылдың 27 ақпанында осындай автомобильдерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, Арменияда тіркелген және біздің елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктердің иелеріне өз көлігін есепке қою мәселесін шешу үшін қосымша уақыт берілді", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Жүргізушілер қандай қиындыққа тап болды

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиннің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтуге шектеу қойылғандықтан автокөлікті Арменияға кері әкету мәселесі туындады.

Сондай-ақ, карантинге және аккредиттелген зертханалардың барлық өңірде болмауына байланысты кейбір жүргізушілер қайта жабдықталған автомобильдерді уақтылы сынақтан өткізе алмады.

"Қаржы пирамидалары" бойынша қылмыстық істерді тергеуге байланысты бірқатар көлікті (олар ломбардтардағы, микрокредиттік ұйымдардағы кепілдік мүлік болып табылады) пайдалану шектелді.

Оқи отырыңыз: Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуден өткен көліктердің иелерін Армениядағы салық міндеттемелерінен босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтуде. Бұл жұмыс автокөлік иелерін (Армения мен Қазақстанда) “қосарланған” салықтан босатуға бағытталған.

6043
Кілт сөздер:
көлік
Газ құю бекеті, архивтегі сурет

Қазақстанда сұйылтылған газ бағасын уақытша реттеудің күші жойылады

144
(Жаңартылды 13:40 26.02.2021)
Сұйылтылған мұнай газын сатудың уақытша бағасын мемлекеттік реттеу пандемия кезінде өткен жылдың көктемінде енгізілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 1 наурыздан бастап сұйылтылған газ бағасын уақытша реттеудің күші жойылады, деп хабарлады энергетика министрлігі.

Өткен жылдың көктемінде президент Тоқаев автокөліктерге жанармай құю станцияларында сұйылтылған мұнай газын сатудың уақытша бағасын мемлекеттік реттеу енгізу туралы тапсырма берген болатын. Сәйкес бұйрық 2020 жылдың сәуір айында күшіне енді.

"Атамекен" ҰКП мен салалық қауымдастықтар кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында бұл бұйрықтың әрекет ету мерзімін анықтау бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады. Егер бұйрық ұзартылған болса, онда кәсіпкерлер жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр болар еді.

Оқи отырыңыз: "Сапасыз жанармай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді": Тоқаев ҰҚК-ға тапсырма берді

Қалай десек те, 23 ақпанда энергетика министрінің сәйкес бұйрығы әділет органдарында қабылданып, тіркелді. Бұл құжат бойынша 2020 жылдың 3 сәуіріндегі "Автокөліктерге жанармай құю станцияларында автокөліктердің толтыруына арналған сұйылтылған мұнай газының бөлшек саудасының шекті бағасын белгілеу туралы" энергетика мен ұлттық экономика министрлерінің бірлескен бұйрығына өзгертулер енгізіледі.

Ал осы бұйрықтың мерзімі 2021 жылдың 1 наурызында аяқталады.

144
Кілт сөздер:
баға, газ
Тақырып бойынша
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Газ орнына су құйған: Ақтауда жанармай бекетінің қулығы әшкере болды
Нұр-Сұлтан әкімі газ бағасы қанша теңгеден болатынын айтты
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Елордада үйге газ кіргізу бағасы 37,5 процентке дейін арзандады
Қызылордада газ құю станциясына белгісіз біреу баса-көктеп кірді
Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы

Қазақстанда 1 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 18:46 28.02.2021)
Sputnik Қазақстан 1 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

1 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 –"Мал ұрлығымен күрес" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер: Таев Думан Ашкенұлы – Қазақстан ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.

11.00 – Алғыс айту күніне арналған "Қазақ еліне мың алғыс!" монументінің жанында салтанатты түрде алғыс айту рәсімі. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Салтанатты шара аясында ҚХА жастар қанатының өкілдері сөз сөйлейді. Журналистер аккредитациядан өтуі керек: Ботагөз Жақсымбетова 8771 555 44 89, Данагүл Амантай 8747 688 09 62 (Түркістан көшесі – Бұқар жырау көшесінің бұрышы).

11:00 - Алғыс айту күніне арналған "Мың алғыс саған, ұлы далам!" халықаралық дөңгелек үстелі. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ұлтаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер, сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) өтеді. Аккредитация бойынша мына нөмірлерге хабарласу керек: +7 /7172/ 69 30 53, +7 /7172/ 69 30 57.

15.00 – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы әртістерінің Алғыс айту күніне орай "Мейірімді болайықшы, бауырлар!" атты қайырымдылық концерті өтеді.  

Мерекелік іс-шара ұстаздар мен дәрігерлердің, ардагерлердің шақырылуымен өткізіледі. Концерттің мақсаты – ақ халатты абзал жандар мен ұстаздарға, еңбек ардагерлеріне рухани қолдау көрсету және ерен еңбектері үшін алғыс білдіру.

Концертте "Қазақконцерт" ұйымының өнер ұжымдары мен белгілі әншілері өнер көрсетеді. Көрермен қауым "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің, Құрмаш Махан, Гүлнәр Көшенова, Күнсұлу Түрікпен, Айдана Қаржаубаева, Аяулым Қамажан, Нұркен Якиев, Әлихан Дүйсенбай сынды әншілердің өнерін тамашалай алады. Концерт бағдарламасына белгілі халық әндері мен қазіргі танымал музыкалық туындылар енген. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік даңғылы 10/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "COVID-19 пандемиясы кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінен өтініш қабылдау үшін "Қауырт желі" телефонының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясының спикерлері: Бақыт Түменова, "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы әлеуметтік әл-ауқат мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Алдын ала аккредиттеу арқылы ғана кіруге болады). Аккредитация мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0