Архивтегі фото

Банктің "қара тізіміне" кірген адамдар оңалтылады сарапшы мән-жайды түсіндірді

2453
(Жаңартылды 18:51 11.02.2021)
Проблемалық қарыздардың сотқа дейінгі тәртібін күшейткеннен кейін осы санаттағы кредиттер бірден коллекторларға берілмеуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Кездесу кезінде қарызға батқан жеке тұлғаларды оңалту, кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесін реттеу және проблемалық қарыздардың сотқа дейінгі тәртібін күшейту жайында айтылды. Осының бәрі биыл енгізіледі деген жоспар бар. Sputnik Қазақстан тілшісі сарапшыларға хабарласып, банктің "қара тізіміне" кірген адамдарды оңалту тетіктері қалай іске асатынын білді.  

 Заңның қабылданғанын қаламайды

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың ойынша, қарызға батқан жеке тұлғаларды оңалту аясында көптен бері талқыланып жатқан  "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң қабылдануы мүмкін.

"Ақыры осы заңды қабылдау жайында айтылған сияқты. Меніңше, "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң сөз болды. Оны талқылап жатқанымызға біраз уақыт болды. Бірақ осы құжат ылғи бір кедергілерге тап болып жатады. Шамасы, біреулер оның қабылданғанын қаламайтын сияқты", - дейді Рысмамбетов.

Сарапшы кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесін реттеу тетіктеріне де тоқталды. Соның аясында қаржы ұйымдарына ортақ жылдық тиімді мөлшерлеме реттелуі мүмкін.

"Жаңылмасам, қазір бізде банктер мен шағын қаржы ұйымдары үшін жылдық тиімді мөлшерлеменің көлемі 56 процентті құрайды. Негізі банктерде оның мөлшері төмен болуы керек. Білуімше, кейбір банктер осыны барынша пайдаланып, сан алуан схемалар арқылы мөлшерлемені 40 процентке дейін апарады", - дейді Рысмамбетов.

Ал проблемалық қарыздардың сотқа дейінгі тәртібін күшейткеннен кейін осы санаттағы кредиттер бірден коллекторларға берілмеуі мүмкін. Алдымен банктер барынша өздері шешуге тырысады. Содан кейін ғана коллекторлық компанияларға сатуы мүмкін.

"Әйтпесе, қазір банктер проблемалық кредиттерді бірден қысым жасайтындарға бере салады. Олар адамға қайта-қайта телефон шалып, қарызды қайтаруды талап етеді. Достарына, таныстарына, туған-туыстарына айтады. Меніңше, ол дұрыс емес. Сондықтан алдағы өзгерістер аясында банктер алдымен өздері қарызды қайтаруға міндетті болады, содан кейін ғана "ақпараттық рэкетирлерге" беруге рұқсат алады", - деп атап өтті Рысмамбетов.

 "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң қайда кетті?

2015 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдау арнағанда үкіметке жеке тұлғалардың банкроттығын жариялау тәртібін әзірлеуді тапсырған. Елбасы осы процедуралар барынша жылдам әрі жеңіл жасалуы қажет деп айтқан.

Бір жылдан кейін қаржы министрлігі жаңа заңның тұжырымдамасын әзірледі. Ал 2017 жылы халыққа таныстырылды. 2018 жылы экс-президент тағы жеке тұлғалардың банкроттығын тездетуді тапсырады. Содан сәуір айында заң жобасының соңғы редакциясы жарияланды. Құжат "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру" деп аталды.

Оқи отырыңыз: Кредитін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі - Тоқаев Әбілқасымованы қабылдады 

Осы құжатта төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің екі процедурасы көрсетілген болатын. Біреуі – қарызды қайта құрылымдау (сотқа дейінгі шара), екіншісі – соттың шешімі негізінде қарыз алушының мүлкін сату.

2018 жылы тамыз айында заң жобасын мәжіліске жіберу жоспарланған. Алайда құжат төменгі палатаның қарауына түспеді. Ал қараша айында үкімет осы заң жобасына қатысты жұмысты тоқтатты.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру талаптары

Бес жыл бұрын әзірленген заң жобасында адамның кредитті төлей алмауының нақты көрсеткіштері де белгіленген. Олар:

  • қарыз үш айдан астам уақыт қайтарылмаса;
  • жалпы қарыздың көлемі өзіне тиесілі мүліктің құнынан асып кетсе.

Сосын адам кез келген уақытта банкроттықты бастай алады. Ал кредит берген қаржы ұйымы тек сотқа жүгініп, мүлікті сатуды талап етеді.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібі де жазылған болатын. Оған сәйкес, қарызды төлей алмаған адам алдымен мемлекеттік кірістер комитетінің жергілікті органдарына өтініш түсіреді. Соның негізінде бес күннің ішінде банкроттық процедурасы ашылады да, қаржы әкімшісі тағайындалады. Осы маман қарызды қайта құрылымдауға көмектеседі. Қарыздың сомасы өзгергеннен кейін ай сайынғы төлемдердің жаңа кестесі жасалады. Осылайша адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру көзделген болатын. Ал жаңа кесте бойынша төлемдер жасалмаса, қаржы ұйымы сотқа жүгінеді де, қарыз алушының мүлкін сатуды талап етеді. Соның есебінен қарыз жабылады. 

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, 2018 жылы заң жобасын қабылдамаудың бір себебі – ипотекалық бағдарламалардың қабылдануы. Мәселен, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Соның қарыздары қайтарылмайды деген қауіп болған тәрізді.

Дегенмен Назарбаевтың кезінде қолға алынған заң жобасы Тоқаевтың тұсында өзгеруі де мүмкін. Sputnik Қазақстан тілшісі осыны қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен сұрады. Мекеме мамандары жаңа нормативтік-құқықтық актінің әзірленіп жатқанын жеткізді.

Шағын кредиттер көбейе ме?

"Мен бұл жерде банктік лобби көріп отырмын. Олар тағы шағын кредиттерді көптеп беруді көздейтін сияқты. Жалпы тұтынушылық кредиттер импортты ғана көбейтіп отыр ғой. Себебі ол ақшаға көбінесе шетелдік тауарлар сатып алынады. Қазірдің өзінде бізде төлем балансы теріс болып тұр. Біз экспорттан бұрын импортты көп әкеліп жатырмыз. Олай кете берсе, ұлттық валютамыз әлсірей береді. Негізі тұтынушылық кредиттердің өсуі мен ұлттық теңгенің әлсіреуі арасында байланыс бар. Оны дәлелдеуге болады", - дейді қаржыгер Рысмамбетов. 

Сарапшының айтуынша, бүгінде импортты алмастыратын жобаларға басымдық берген жөн. Осы санаттағы бастамаларды несиелендіру керек.

"Біздің экономикамызды шетелдік өтектер пен шәйнектер өсірмейді ғой. Экономиканы нақты кәсіпорындарға берілген кредиттер дөңгелетіп отыр. Сондықтан банктер импортты алмастыратын жобаларға кредитті көптеп беруі тиіс. Оған мемлекет тарапынан да біраз ақша бөлінеді", - деп түйіндеді Рысмамбетов.

2453
Кілт сөздер:
сарапшы, кредит, банк
Тақырып бойынша
Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек
Қазақстанда таратылған банктердегі депозиттерді қайтару ережесі өзгерді
Досаев қазақстандықтардың кредиті туралы айтты
Ұлттық банкте ақша-кредит саясатымен айналысатын комитет құрылды
Әуежайдағы санитарлық бақылау бекеті

ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін мемлекет қанша ақша жұмсайды

34
(Жаңартылды 15:56 01.03.2021)
ПТР-тест қорытындысы бойынша Дубай–Алматы рейсімен ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Жергілікті билік ПТР-тестсіз елге келген жолаушыларға бір тәулікте алты миллион теңгеге жуық қаражат жұмсайды.

28 ақпанда 729 жолаушы коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтамасыз Қазақстанға келді. Олар бұл тесті мемлекет қаражаты есебінен тапсырады.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты зертханалар бір тест үшін 8025 теңге (шамамен 20 доллар) жұмсайды. Осылайша, 729 жолаушы үшін үкімет 5,8 миллион теңге (шамамен 14 мың доллар) көлемінде шығын көтереді.

2021 жылдың 28 ақпанында Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив аралдары, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық рейстер орындалды. 3 210 әуе жолаушысының ішінде 2 481 адамда ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтамалары болған. Ал Қазақстанның 729 азаматы мұндай анықтамасыз келген.

Соның ішінде, он бес рейс орындалған Алматы әуежайындағы 2 033 жолаушының 1 693-інде анықтама болса, 340 жолаушыда анықтама болмаған; Нұр-Сұлтандағы сегіз рейспен келген 1 177 жолаушының 788-інде анықтама бар, 389-ы ПТР-тест тапсырмаған.

Денсаулық сақтау министлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті анықтамасы жоқ қазақстандық жолаушылар ПТР-талдау әдісі арқылы тест тапсырып, қазір карантиндік стационарда талдау нәтижесін күтіп отырғанын айтты.

Сондай-ақ, ПТР-тест қорытындысы бойынша Дубай–Алматы рейсімен ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған.

34
Кілт сөздер:
тест, ақша, коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
11 жасар қыз коронавирустан қайтыс болған ата-анасын үйдің жертөлесінен тапты
Министр келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Президенттің сынынан кейін облыс әкімі контейнерде тұруға шешім қабылдады  
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Автокөлік

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

6598
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, карантинге байланысты мыңнан астам адам өз көлігін тіркеуге немесе елден шығаруға  үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі 2022 жылдың бірінші наурызына дейін ұзартылды.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген көліктерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам автомобиль есепке қойылған.

"Ал 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз көлігін  тіркеуге немесе оларды елден тыс жерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себеп бар. Осы проблемаларды ескере отырып, үкімет биылғы жылдың 27 ақпанында осындай автомобильдерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, Арменияда тіркелген және біздің елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктердің иелеріне өз көлігін есепке қою мәселесін шешу үшін қосымша уақыт берілді", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Жүргізушілер қандай қиындыққа тап болды

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиннің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтуге шектеу қойылғандықтан автокөлікті Арменияға кері әкету мәселесі туындады.

Сондай-ақ, карантинге және аккредиттелген зертханалардың барлық өңірде болмауына байланысты кейбір жүргізушілер қайта жабдықталған автомобильдерді уақтылы сынақтан өткізе алмады.

"Қаржы пирамидалары" бойынша қылмыстық істерді тергеуге байланысты бірқатар көлікті (олар ломбардтардағы, микрокредиттік ұйымдардағы кепілдік мүлік болып табылады) пайдалану шектелді.

Оқи отырыңыз: Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуден өткен көліктердің иелерін Армениядағы салық міндеттемелерінен босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтуде. Бұл жұмыс автокөлік иелерін (Армения мен Қазақстанда) “қосарланған” салықтан босатуға бағытталған.

6598
Кілт сөздер:
көлік
ЕуроОдақ туы

Еуропада вакциналау сертификаты енгізіледі

0
Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек. Алайда, Ресей мен Қытай вакцинасына қатысты қиындықтар бар

ЕО дипломатиялық ведомстволары басшыларының селекторлық кеңесінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген фрау канцлерин Ангела Меркель вакциналау сертификатын енгізу қажеттілігі туралы келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сертификаты жоқ азаматтарға ЕО аумағына кіруге тыйым салынады.

Әзірше тек сөз жүзінде келісім бар. Жоба шамамен үш айдан кейін талқылауға ұсынылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Негізгі мәселе – вакциналауға қарсы көрсетілімі бар адамдардың жайы не болмақ? Уақытша қарсы көрсетілімдер жайы түсінікті. Мысалы, жақында ғана коронавирусты инфекциямен ауырып шыққан болса. Мұндай жағдайда біршама уақыт өтуін күтіп, содан кейін ғана екпе салғызу керек болады. Алайда, созылмалы ауруы бар адамдар ше?

Іс мұнымен де бітіп тұрған жоқ. Қазір әлемде вакцина көп. Оның саны арта түсетіні анық. Сонда ЕО серификатын алу құқығы нақты қай препараттарға беріледі?

Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек.

Бірақ, ресейлік ("Спутник V" және "ЭпиВакКорона") және қытай (Sinovac Biotech, CanSino Biologics, CNBG — Sinopharm) вакциналарына қатысты біршама қиындық туындайтын секілді. Олар өте жоғары деңгейде тиімді әрііаурудың жалғыз емі болса да, брюссеельдік бақылау органдарымен мақұлданбаған. Сондықтан, осы екі елдің препаратын салғызған азаматтар шекарадан асуы үшін қажетті сертификатқа қол жеткізбеулері ықтимал.

Осы тұста вакцинаның әлемдегі адамдарға тиімділігі емес, оның саяси маңызы жоғары тұрғаны анық. Ал, жаһандық мәселеге саясат араласқан кезде, оның ақыры ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Осы сияқты жағдай "Солтүстік ағын – 2" жобасының төңірегінде де белең алып жатыр. Вакцинасы альянс аумағында мойындалмаған елді дәл осы вакцина арқылы қыспаққа алу мүмкін болса, ЕО мұны қалт жібермеуге бел буды.

Жақында ғана Еурокомиссия басшысы Усула фон дер Ляйеннің мәлімдемесі де осыған сәйкес келеді: "Ресейдің кокронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясы ақылға қонымсыз. Басқа елдерге вакцинаның миллиондаған дозасын ұсынып отырған Ресей неге өз халқын екпемен толық қамтамасыз ете алмай отыр? Неге өз тұрғындарын вакциналауда тиісті ілгерілеу жоқ? Бұл сұраққа жауап беру керек".

Тиісті ілгерілеу деп нені меңзеп тұрғаны белгісіз. Оның үстіне, ілгерілеу мүлде байқалмайтын Еуропа бұл жайында сөз қозғауы қаншалықты орынды? Әйтпесе, Венгрия "Спутник" вакцинасын сатып алмас еді. Чехия, Австрия, Италия да осы ойда болмас еді.

Сол себепті, елге кіру визасына рұқсатнама ретінде қай вакциналар айқындалатыны туралы дау әлі талай ақиқаттың бетін ашатын секілді.

0