Азия Авто зауытында көлік құрастыру

Қазақстандықтар қаңтар айында қанша көлік сатып алды

66
(Жаңартылды 15:00 15.02.2021)
Сарапшы пікірінше, барлық сатылған көліктердің үштен екісі (68,3%, немесе 5 229 адам) қазақстандық өндіріс автомобильдері болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. "ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағында 2021 жылдың бірінші айында республика тұрғындары қанша жаңа жеңіл көлік сатып алғаны туралы айтып берді.

Ресми делдалдар 8 136 автомобиль сатқан. Бұл 2020 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен бір жарым есе (56,7%) көп. Жалпы қазақстандықтар жаңа жеңіл көлік үшін 80,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл сома өткен жылғыдан 68,4%-ке артық.

"Қаңтарда автомобильдер сатылымы айтарлықтай өсіп, 8 136 бірлікке жеткен. Бұл нарықтағы сұраныстың нақты сипаты емес. Қазіргі көрсеткіштің негізі – өткен жылдағы төмен базаның әсері және құны 10 миллион теңгеден басталатын бизнес-класс үлгілері бойынша кредиттік ұсыныстардың әрекеті", – деп атап өтті одақтың стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

Сарапшы "халықтық" сегмент бойынша сұраныс тапшылығы әлі айқын байқалып тұрғанын айтты.

Барлық сатып алушының үштен екісі (68,3%, немесе 5 229 адам) қазақстандық өндіріс автомобильдерін сатып алған. Жаңа көліктің небәрі 2 908 бірлігі импорттық тауар болған.

Қазақстандықтар арасында аса үлкен сұранысқа ие жеңіл көлік саласындағы бес бренд – Hyundai, Chevrolet, Toyota, Lada және KIA.

Оқи отрыңыз: Қазақстанда автокөлік бағасы неліктен шарықтап кеткені белгілі болды

Жеңіл көліктердің ең көп сатылуы Алматыда (2 483 келісімшарт). Одан кейін Нұр-Сұлтан (1 512), Шымкент (1 015), Қарағанды (531), Қостанай (333), Өскемен (300), Ақтау (296), Атырау (288) және Павлодар (251) байқалған.

66
Тақырып бойынша
Қазақстанда шетелден автокөлік әкелуге тыйым салынады
Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады
Үш жасар қазақстандық бүлдіршін жәрмеңкеде автокөлік ұтып алды – видео
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Қазақстан екі елмен шекарадағы автокөлік пункттерін жартылай ашты  
Газ құю бекеті, архивтегі сурет

Қазақстанда сұйылтылған газ бағасын уақытша реттеудің күші жойылады

108
(Жаңартылды 13:40 26.02.2021)
Сұйылтылған мұнай газын сатудың уақытша бағасын мемлекеттік реттеу пандемия кезінде өткен жылдың көктемінде енгізілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 1 наурыздан бастап сұйылтылған газ бағасын уақытша реттеудің күші жойылады, деп хабарлады энергетика министрлігі.

Өткен жылдың көктемінде президент Тоқаев автокөліктерге жанармай құю станцияларында сұйылтылған мұнай газын сатудың уақытша бағасын мемлекеттік реттеу енгізу туралы тапсырма берген болатын. Сәйкес бұйрық 2020 жылдың сәуір айында күшіне енді.

"Атамекен" ҰКП мен салалық қауымдастықтар кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында бұл бұйрықтың әрекет ету мерзімін анықтау бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады. Егер бұйрық ұзартылған болса, онда кәсіпкерлер жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр болар еді.

Оқи отырыңыз: "Сапасыз жанармай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді": Тоқаев ҰҚК-ға тапсырма берді

Қалай десек те, 23 ақпанда энергетика министрінің сәйкес бұйрығы әділет органдарында қабылданып, тіркелді. Бұл құжат бойынша 2020 жылдың 3 сәуіріндегі "Автокөліктерге жанармай құю станцияларында автокөліктердің толтыруына арналған сұйылтылған мұнай газының бөлшек саудасының шекті бағасын белгілеу туралы" энергетика мен ұлттық экономика министрлерінің бірлескен бұйрығына өзгертулер енгізіледі.

Ал осы бұйрықтың мерзімі 2021 жылдың 1 наурызында аяқталады.

108
Кілт сөздер:
баға, газ
Тақырып бойынша
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Газ орнына су құйған: Ақтауда жанармай бекетінің қулығы әшкере болды
Нұр-Сұлтан әкімі газ бағасы қанша теңгеден болатынын айтты
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Елордада үйге газ кіргізу бағасы 37,5 процентке дейін арзандады
Қызылордада газ құю станциясына белгісіз біреу баса-көктеп кірді
Ақорданың ғимараты

Ақордада қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту мәселесі талқыланды

2581
(Жаңартылды 11:28 26.02.2021)
Кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Кездесу кезінде Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе компанияның қазіргі жұмысы туралы айтып берді. Олардың айтуынша, ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығын артып отыр. Бұған Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде сәтті шығарылуы себеп болған.

Сондай-ақ, кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту, компанияның қатысуымен мемлекеттік цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.

Оқи отырыңыз: Kaspi bank клиенттердің шотынан ақша неліктен "жоғалғанын" түсіндірді

"Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz компаниясының бірлескен жұмыстарының перспективалық бағыттары белгіленіп, Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қатысты мәселелер нақтыланды", - делінген ресми хабарламада.

2581
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

0
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан