Экономика

Зейнетақы қоры қазақстандықтардың шотына 408 млрд теңге аударды

© Sputnik / Абзал Калиев10 мың теңгелік қағаз ақшалар
10 мың теңгелік қағаз ақшалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Досаевтың айтуынша, өтінім иелерінің 87 проценті қаражатты тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсайтындығын көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға қанша қазақстандық өтінім бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 триллион 855,9 миллиард теңгеге 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 миллиард теңгеге 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды.

"12 ақпанда БЖЗҚ 75 186 өтінім бойынша 408,2 миллиард теңге зейнетақы төлемдерін аударды", – деді Досаев үкімет отырысында.

Қазақстандықтар жинақтың 87%-ін тұрғын үй мәселесін шешуге, оның 45,5%-ін – баспана сатып алуға (ипотекасыз); 28,3%-ін – ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5%-ін екінші деңгейлі банктерге бастапқы жарна үшін және Отбасы банкінде ипотека алуға; 2,3%-ін жеке тұрғын үй салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын пайдалану: өтінім берушілердің басты 5 қателігі

Жаңалықтар
0