Деньги, тенге, купюры, банкноты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге өсті

77
(Жаңартылды 13:50 23.02.2021)
Үкіметтің тұрғын үй әлеуетін жақсарту немесе емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қаулысы қаржылық өсімге тікелей ықпал еткен

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. 2021 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасқан.

2020 жылдың 1 ақпанынан кейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинағы 2,2,  триллион теңгеге немесе 21%-ке өсті.

Қаңтар айында БЖЗҚ салымшыларының шотына 176,7 миллиард теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс салынған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148,5 миллиард теңгеге артық.

Сондай-ақ, осы айда БЖЗҚ салымшылар шотына 88,9 миллиард теңге көлемінде зейнетақы жинағы түскен. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 2,3 миллиард теңгеге немесе 3%-ке артық. Осылайша, қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге ұлғайған.

Қаулының арқасында қаржы өсті

1 ақпан күнгі жағдай бойынша Қазақстанда жеке зейнетақы шотының саны 11,6 миллион болды (бір жыл ішіндегі өсім 11%). Ал қаңтардағы төлемдер 73,8 миллиард теңгені құрады. Бұдан шығатын қорытынды, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда сома 55,9 миллиард теңгеге ұлғайған.

Өсімнің бұл жағдайы 2021 жылғы 30 қаңтардағы үкіметтің тұрғын үй әлеуетін жақсарту немесе емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қаулымен тікелей байланысты болып отыр.

Оқи отырыңыз: Маман ЭКО жасатуға зейнетақы ақшасын алуға тыйым салу себебін түсіндірді

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" уәкілетті оператор ретінде БЖЗҚ-ға түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуде. Зейнетақы жинағын уәкілетті операторға аудару БЖЗҚ-ға салымшының өтініші түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

"Отбасы банкке" өтініш түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49 миллиард теңге болатын 8 460 өтініш түсіп, тексеруден сәтті өтті. Яғни, осы көлемдегі сома әрі қарай мақсатты пайдалану үшін салымшылардың арнайы шоты бойынша "Отбасы банкке" аударылды. Соның әсерінен БЖЗҚ төлемдері өсті.

77
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы, зейнетақы
Тақырып бойынша
"Әр теңге пайда әкелуге тиіс": Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы айтты
Зейнетақы қоры қазақстандықтардың шотына 408 млрд теңге аударды
Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ салық төлеу тәртібін түсіндірді
Екі компания БЖЗҚ-мен зейнетақы жинағын сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты
Зейнетақы жинағын пайдалану: емделуге өтінім қабылдау мерзімі аталды
Теңге және доллар

Ұлттық банк теңгенің неге күрт әлсіреп кеткенін түсіндірді

108
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуі үш басым факторға, соның ішінде Қазақстанда салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Сейсенбі, 2 наурызда биржалық сауда-саттықта ұлттық валюта бірден 2,36 теңгеге әлсіреп, бір доллар 420,40-420,80 теңге аралығында саудалануда.

Ұлттық банк теңге бағамының күрт әлсіреу себебін атады.

"Ұлттық валютаның әлсіреуі үш басым факторға: ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнайға баға белгілеудің құлдырауына, әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюына және Қазақстанда салық төлемдері кезеңінің аяқталуына байланысты болды", - деді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Дүйсенбіден бері мұнай бағасы өткен аптада қол жеткізген ең жоғары көрсеткіштерден ауытқып, 5,1%-ке төмендеді. Коронавирусқа қарсы вакциналаудың қарқын алуы, Сауд Арабиясы тарапынан мұнай өндіруді ерікті түрде сәуірге дейін күніне 1 миллион баррельге қысқарту, сондай-ақ, АҚШ-та бұрын-соңды болмаған аязға байланысты мұнай өндіруді мәжбүрлі түрде тоқтата тұру жыл басынан бері мұнай бағасының өсуіне оң әсер еткен еді.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк карта арқылы төлем жасауға қатысты ақпарат бөлісті

Мұнай нарығындағы қазіргі ахуал алдағы ОПЕК+ отырысына қатысты алаңдаушылықтың артуымен байланысты. Мұнай өндіру бойынша қазіргі шектеулерді біршама жеңілдету туралы шешім қабылданады деп күтілуде.

Сарапшылар коалиция мұнай өндіруді күніне шамамен 0,5 миллион баррельге ұлғайтады деп болжайды, ал Сауд Арабияның ерікті шектеулерді жалғастыруы екіталай.

108
Кілт сөздер:
Ұлттық банк, теңге
Тақырып бойынша
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болғанын мәлімдеді
Ұлттық банк 15 жыл бұрын шыққан банкнотты қабылдауды тоқтатады
Ұлттық банк әлеуметтік әмиян қашан қолданысқа енгізілетінін жария етті
Ұлттық банк "Белка. Стрелка" және "Сүндет той" коллекциялық монеталарын шығарды
Төлем карталары

Ұлттық банк карта арқылы төлем жасауға қатысты ақпарат бөлісті

2467
Қолма-қол ақшасыз операциялар мен онлайн сауданың өсуі пандемиямен байланыстырылып отыр. Картадан ақша шешіп алу операциялары азайған

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Төлем карталары бойынша қолма-қол ақшасыз операциялар 2,5 есе өсті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстанның төлем карталары нарығының көрсеткіші қарқынды өсіп келеді. Жергілікті карталар арқылы барлығы 52 триллион теңгеге 3,2 миллиард операция жасалды. Бұл 2019 жылға қарағанда 1,7 есе жоғары.

"Төлем карталарымен жасалған он транзакцияның тоғызы қолма-қол ақшасыз жасалған. 2020 жыл ішінде қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын қолдана отырып, 35,3 триллион теңгеге 2,9 миллиард қолма-қол ақшасыз операция жүзеге асырылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен сәйкесінше 2,4 және 2,5 есе артық", - деп жазылған хабарламада.

Қолма-қол ақшасыз операциялар мен онлайн сауданың өсуі пандемиямен байланыстырылып отыр. Картадан ақша шешіп алу операциялары азайған. 2020 жылы мұндай операциялардың саны 21%-ке кеміді (297 млн операция). Төлем карталарының иелері 16,6 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.

Биылғы жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша айналымда 49,3 миллион төлем картасы бар болса, оның жартысынан астамы белсенді пайдаланылуда.

Бизнес үшін тиімді

Төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Карта арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкерлер саны – 108 мыңнан, ал сауда нүктелері – 169 мыңнан асты. Қазақстанда барлығы 203 мың POS-терминал жұмыс істейді.

2019 жылмен салыстырғанда, карта арқылы төлем қабылдайтын сауда орындары (26%-ке) мен POS-терминалдардың (26%-ке) да саны артқаны байқалады.

2467
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, төлем
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айырылды
Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты
Ұлттық банк әлеуметтік әмиян қашан қолданысқа енгізілетінін жария етті
Павлодарда банк картасын тауып алған жігіт 20 жылға сотталып кете жаздады
Нұр-Сұлтанда жеңілдігі бар көлік картасын қайта шығару бағасы өзгерді
Архивтегі фото

АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы шиеленісті ме?

0
Серіктестік екі тараптың да стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді. Алайда демократия мен адам құқықтары мәселесінде қос мемлекеттің жолы қақ айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Сауд Арабиясы мен АҚШ қарым-қатынасы күрделі кезеңнің алдында тұр. АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі 2018 жылы журналист Джамал Хашукджиді өлтіру туралы баяндаманы жариялағаннан кейін Ақ үй жаңа стратегия жариялады: америкалықтар Йемендегі соғысты тоқтатып, адам құқықтарын сақтауды талап етті, деп жазды РИА Новости.  

Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкен 76 саударабиялық азаматқа визалық шектеу енгізу туралы мәлімдеді. Блинкеннің ақпаратына сәйкес, бұл азаматтардың диссиденттерді қорқытып-үркітуге және Хашукджи өліміне қатысы бар көрінеді. Дербес санкциялар Жалпы барлау қызметінің басшысы Ахмад әл Асириге де қатысты болмақ. Барлау баяндамасында Сауд Арабиясы билігін өткір сынға алған The Washington Post газетінің авторын қинап өлтіруге мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның да қатысы бар екені айтылған. Ханзаданың мақұлдауынан кейін журналисті ұрлап әкетіп, оны мүшелеп өлтірген. СІМ бұл айыптауды толығымен жоққа шығарды. Әйтсе де, ханзадаға қатысты жеке шектеулер енгізілген жоқ. Бірақ жаңа президент Джо Байден Эр-Риядты қатаң жазалайтынын мәлімдеген болатын.

"Бір адаммен емес, бүкіл мемлекетпен арадағы қарым-қатынас әлдеқайда маңызды. Біз корольдікті қорғауға тырысамыз", - деген Блинкен Эр-Рияд әрекеттері АҚШ мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес келуі маңызды екенін атап өтті.

Корольдіктің қорғанысын қамтамасыз еткені үшін америкалықтарға мұнайға қолжетімділік беру аталған екі мемлекеттің қарым-қатынасының негізі десе де болады. Оның үстіне Сауд Арабиясы Америка қару-жарағына ең ірі тапсырыс беруші. Серіктестік екі тараптың да стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді. Алайда демократия мен адам құқықтары мәселесінде қос мемлекеттің жолы қақ айырылады.

Корольдің жеке кеңесшісі Салман атап өткендей, Барак Обама президент болған соңғы жылдарда пікірлер қайшылығы туындады. Бұл көбіне Сауд Арабиясының басты қарсыласы – Иранға деген АҚШ-тың қарым-қатынасында байқалды. Екі елдің барлау қызметі қауіпсіздік саласында сәтті әріптестік орнатқанымен, арабтардың монархияны сынаушылармен күресу әдістері АҚШ-тың көңілінен шықпады. Оған Йемендегі проблемалар қосылды. Ақ үй Америка қару-жарағы қолданылған соғыс әрекеттерінің құрбандарына алаңдады.

Ақ үйге Дональд Трамп келгеннен кейін қарым-қатынас біршама жақсарды. Трамп президент қызметіне кіріскенге дейін корольдікті аса жақтырмағанымен, ол өзінің ең бірінші іссапарын дәл осы Эр-Риядтан бастады. Хашукджи өлімі туралы баяндама алдыңғы президент кезінде әзірленген. Бірақ құжат сол уақытта жарияланбады.

"Трамп Вашингтон міндеттерін азайту үшін одақтастарға инвестиция салды. Оның серіктестері, соның ішінде Сауд Арабиясы бұрынғыдан да көп қару-жарақ сатып алып, аймақтағы жағдайда өз бақылауына алуы керек болды. Есесіне АҚШ әәскери-саяси қолдау көрсетіп, одақтастары үшін маңызды бастамаларды мақұлдап отырды", - дейді Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты Халықаралық зерттеулер институты Перспективалы америкалық зерттеулер орталығының директоры Максим Сучков.

Жаңа президент сайлануымен қатар бұл бағдар өзгереді деп болжанған және алғашқы қадамдар жасалып қойды. Байден Йемендегі шабуылдау операцияларын қолдау тоқтатылатынын хабарлады. Оның ішінде қару-жарақ экспорты да бар. Бұл өткен жылдың желтоқсанында мақұлданған 290 миллион долларға дәлдігі жоғары үш мың GBU-39 бомбасы мен сомасы 478 миллион долларды құрайтын жеті мың Paveway IV бомбасын жеткізуге қатысты болып отыр. Вашингтон Йемендегі қақтығысты дипломатиялық жолмен шешетінін мәлімдеді. Оның үстіне ақпан айынан бастап хуситтерді террористік топтар тізімінен алып тастады.

Бірақ сарапшылар екі елдің қарым-қатынасы түбегейлі өзгереді деп күту орынсыз деп санайды. Яғни, стартегиялық жоспар сол күйінде қалады.

"Америкалықтар сонау Обама кезінен бері өз энергетикасы мәселесінде едәуір өсіп, мұнай өндірісінде әлемдегі жетекші орынға ие болды да, Сауд Арабиясына деген қажеттілік азайды. Аймақішілік динамикада көп мәселе ирандық ядро келісіміне тәуелді болып тұр. Эр-Рияд – Тегеранмен қарым-қатынастағы АҚШ-тың басты серіктестерінің бірі. Егер Сауд Арабиясына тым қатты қаталдық танытса, бұл Иран үшін тиімді болады. Хашукджиді өлтіргендерді жазалау үшін АҚШ бұл әрекетке бара қоймайды", - деп санайды Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің таяушығыстық жобалар менеджері Руслан Мамедов.

Таяу Шығыс жөніндегі маман Алексей Хлебников соңғы он жылда аймақта бірнеше жаңалық болғанын еске салды.

"Тунис пен Египеттегі көтеріліс, Мысырда төңкеріс болды және соның салдарынан америкалықтардың Каирге әскери көмегі тоқтатылды. Иранмен келісім тағы бар. Осының барлығы корольдіктерді, соның ішінде Сауд Арабиясын, дипломатиялық байланысты әртараптандыруға және Ресей мен Қытай сияқты басқа да ірі державалармен қарым-қатынасты нығайтуға итермеледі", - дейді саясаттанушы.

Мәскеу де Эр-Риядқа қару-жарақ сатады. Алғашқы партияларды жеткізу 2019 жылы басталды. Содан кейін корольдік Ресеймен ауыр отшашар жүйелері, танкке қарсы кешендер, гранатометтер мен автоматтар сатып алу туралы меморандумға қол қойды. 2021 жылдың басында саудтықтар орыстың С-400 зениттік-зымыран кешендері мен Су-35 жойғыштарын сатып алуы ықтимал екені хабарланды.

"Мәскеу мен Эр-Рияд қарым-қатынасында ОПЕК+ мәмілелерінің де маңызы зор. Бұл екі тараптың да табыс көзін арттыруына септігіни тигізді", - дейді Руслан Мамедов.

Оның айтуынша, Эр-Риядтың Вашингтоннан теріс айналып, оған көптеген проблема туындату мүмкіндігі бар. Бірақ бұл екі мемлекеттің бір-бірі үшін маңызы жоғары.

"Сауд Арабиясы АҚШ-пен қарым-қатынас Ақ үйде қай президент отырғанына байланысты өзгермейді. Себебі екі елдің байланысы бірнеше онжылдық бұрын қалыптасқан. Оны онша-мұнша дүрбелеңдер бұза алмайды", - деп санайды сарапшы.

Онжылдықтарға созылған серіктестік көп салада нәтиже берді. Мысалы, Сауд Арабиясы элитасының басым бөлігі АҚШ-та білім алған, саудтық риал долларға жіпсіз байланып тұр, ал қару-жарақ пен әскери дайындық негізінен америкалықтар тарапынан орындалып жатыр. Мұны өзгерту үшін көп жыл қажет. Сондықтан сыртқы саяси байланыстарды әртараптандыру көпполярлы жаңа әлемнің талаптарына жауап беретін тактикалық қадам.

0