Транзиттік газ құбыры

Магистральдік құбырдағы жарылыс салдарынан Қазақстанға газ транзиті тоқтатылды

127
(Жаңартылды 15:17 23.02.2021)
Төтенше жағдай оқиғасы Ресейдің Орынбор облысындағы магитральді газ құбырында болды. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Магитральдік газ құбырының жарылысы Орынбор облысының Илек ауданына қарасты Мухранов ауылынан 6-7 шақырым қашықта болған, деп жазады РИА Новости.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан зардап шеккендер тіркелмеген.

"Федералдық магистральді газ құбырындағы жарылыстан қаза тапқандар жоқ және нысандардың бүлінуі тіркелмеген. Апат болған учаске елді мекеннен алыс орналасқан", – делінген ақпаратта.

Жергілікті билік өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, Орынбор – Новопсков газ құбырының тармағында жарылыс болған. Қазіргі кезде апат салдарын жою бойынша ведомствоаралық штабтың шұғыл отырысы өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей жаңа газ құбырын салады – видео

Айта кетейік, магистральді газ құбыры Илек ауданы мен Орынбор ауданының және Соль-Илек ауданының бір бөлгін газбен қамтиды. Сондай-ақ, магистраль Қазақстанға газ тасымалдауға арналған нысан болып табылады.

127
Кілт сөздер:
газ құбыры, төтенше жағдай
Тақырып бойынша
Елордада үйге газ кіргізу бағасы 37,5 процентке дейін арзандады
Газ құны: астаналықтар 1 миллионға жуық ақша жұмсады – видео
Тарифтер тайталасы: ЕАЭО ортақ газ нарығы жобасының алдында қандай проблемалар тұр
Петропавлда газ жарылды: үш адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр
"Сарыарқа" газ құбыры Жезқазғанға жақындады
Қазақстан Ресей мен Қытай арасындағы жаңа газ құбыры құрылысына қосылмақшы
Ақша, теңге

Жамаубаев 20 млрд теңгені игермеген министрліктерді атады

60
Министрдің атуынша, игерілмеген соманың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы жылдың қаңтар-сәуірінде мемлекеттік қаржының атқарылу барысын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі

Төрт айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығысы 99,1%-ке, республикалық бюджет шығысы – 99,6%-ке, жергілікті бюджет шығысы 98,7%-ке атқарылды.

"Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттің барлық деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Республикалық бюджет бойынша 4,8 триллион теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 20 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 7 миллиард теңгесі үнемделген ақша. 13 миллиард теңге игерілмеген", – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Министр мемлекет ақшасын игермеген органдарды атады. Олар: ішкі істер, қорғаныс, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, білім және ғылым, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі.

Игерілмеудің негізгі себебі: конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі және уақтылы өтпеуі; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі, орындалған жұмыс үшін жүргізілген; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, шарттарды ұзақ келісу.

"Жергілікті бюджеттердің шығысы 2,1 триллион теңгені құрады. 28 миллиард теңге атқарылмаған", – деді министр.

Биыл өңірлерге 1,9 триллион теңге нысаналы трансферттер көзделген. 1 мамырдағы жағдай бойынша 456 миллиард теңге бөлінген, оның 98,9%-і игерілді.

5 миллиард теңге атқарылған жоқ, соның ішінде 1 миллиард теңгесі – үнемдеу, 4 миллиард теңге игерілмеген.

Оқи отырыңыз: Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

Игерілмеген соманың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр.

Осы жылдың қаңтар-сәуірінде мемлекеттік бюджетке 3 триллион 217 миллиард теңге кіріс түсті, нәтижесінде жоспар 117,1%-ке орындалды.

60
Кілт сөздер:
қаржылық реттеу саясаты, Қаржы министрлігі
Тақырып бойынша
Көлік салығы: қазақстандықтар мемлекетке 30 млрд теңге қарыз болып шықты
Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ
Оңтүстік Қазақстанда бес мемлекеттік қызметкер бюджетті игермегені үшін жұмыстан шығарылды
Министр Маминнен бюджетті игермеген басшыларды жауапқа тартуды сұрады
Мемлекеттік органдар 20 млрд теңгені игере алмай қалды
теңге, тиын

Қазақстанда цифрлық теңге қашан пайда болады

50
Пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асады, деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Цифрлық валютаны енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, пилоттық жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау өткеннен кейін цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және жол картасы әзірленеді", - деді Досаев үкімет отырысында.

Ол пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асатынын атап өтті.

Биыл 5 мамырда Ұлттық банк цифрлық валютаны енгізу туралы баcтаманы жариялады. Цифрлық теңгенің ақша-кредит саясатына және қаржылық тұрақтылыққа, төлем қызметтері нарығына әсері анықталады.

Баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерін алдын ала бағалау және пилоттық жобаның сипаттамасы қамтылған. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастауға арналмаған. Егер енгізілсе, заңды төлем құралына айналады.

Оқи отырыңыз: Доллардың қымбаттауы халық күнкөрісіне қалай әсер етеді - сарапшылар пікір білдірді

50
Карантин кезінде банк алдында кезекте тұрған адамдар

Сенат депутаты кейбір қазақстандықтарға кредиттік каникул беруді ұсынды

3
Депутат оңтүстіктен солтүстікке көшетін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сенатор Әлімжан Құртаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтардың "Еңбек" бағдарламасына қатысуына толыққанды жағдай жасалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құртаев әкімдіктер солтүстікке қоныс аударушыларға өмір сүру мен еңбек етуге лайықты жағдай жасамай отыр деп санайды.

"Көшуге ниет білдірген отбасы өзі баратын өңірдің ауданы туралы барлық ақпаратқа толық қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың таңдауы шектеулі. Кейбір әкімдіктер отбасын қалаған ауылға емес, әкімдік өзі көрсеткен елді мекенге жібереді", – деді ол вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Тағы бір мәселе – тұрғын үйдің сапасы. Оның айтуынша, кейбір өңірлерде жер үйлердің құрылысымен фермерлік шаруашылықтар айналысады және баспананы келісу процесінен толық өтпестен сала береді. Осының кесірінен үйлердің сапасы сын көтермейді.

Сонымен қатар Құртаев банкте қарызы бар азаматтар субсидияға қол жеткізе алмай қиналатынын атап өтті. Депутат бұл мәселені шешу үшін несиелік каникул беруді ұсынды.

"Көшіп барған азаматтардың екінші деңгейлі банктерде несиесі болған жағдайда, алты айдан бір жылға дейін каникул берілсе. Себебі көшіп барған азаматтардың несиелік қарызы болса, оларға субсидия берілмей жатыр", – деді сенатор.

Бұдан бөлек, депутат оңтүстіктен солтүстікке көшетін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Ол үшін кем дегенде жіберуші және қабылдаушы облыстарда Call-орталық ашу қажет. Онда қоныс аударушыларға толық ақпарат пен барлық сұрақтарына жауап берілуі керек.

"Call-орталықтар тиімді жұмыс істеуі үшін көшуге ниет білдірген азаматтарды бос жұмыс орындары, баспанамен қамту, көрсетілген облыстарда шаруашылықтың қандай түрімен айналысуға болатыны және тағы басқа мәселелерден хабардар ете алатын мамандарды тарту қажет", – деді Құртаев.

Депутат Павлодар облысындағы оң тәжірибені тілге тиек етті. Айтуынша, бұл өңірде жаңадан көшіп келгендерді қоныс аударушыларға арналған бейімдеу орталығының жатақханасына уақытша орналастырып, қажетті мамандарды аудандарда сұранысқа ие жұмыс орындарына орналастырады.

Оқи отырыңыз: Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үйлерде "мал да тұрмайтынын" айтты

Сенатор орталықтың жұмысы тиімді екенін айтып, басқа облыстарда да осындай мекемелер ашуды ұсынды.

3
Кілт сөздер:
сенатор, Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы
Тақырып бойынша
"Тоғыз ай соттасуға мәжбүр": депутат онлайн кредит мәселесін көтерді
Түркістан облысында кредит алған әйелді шырылдатқан банк қызметкері ұсталды
Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Солтүстік Қазақстанда жұмысшы алаяқтарға беру үшін 2 миллион теңге кредит алған