Газ құбыры

Энергетика министрлігі газ транзитінің тоқтатылуына байланысты мәлімдеме жасады

133
(Жаңартылды 16:56 23.02.2021)
Батыс Қазақстан облысындағы тұтынушыларды газбен жабдықтау үшін ресурстарды Орта Азия – Орталық магистральдік газ құбырымен жіберу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Орынбор облысында болған апаттан кейін Батыс Қазақстан облысын газбен жабдықтау Орта Азия – Орталық газ құбыры арқылы орындалады.

Ресей Федерациясының аумағындағы "Одақ" магистральдік газ құбырындағы жарылыс салдарынан Қазақстанға газ жөнелту тоқтатылды.

Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ресей аумағындағы "Одақ" магистральдік газ құбырының 108-ші шақырымында құбырлар ажырап кеткен.

"Батыс Қазақстан облысындағы тұтынушыларды газбен жабдықтау үшін ресурстарды Орта Азия – Орталық магистральдік газ құбырымен жіберу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы газ тасымалдау жүйесінің барлық нысандары штатты режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады республикадағы энергетика министрлігі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, құбырлардың ажырауы салдарынан Қазақстан аумағы арқылы өтетін "Одақ" және Орынбор – Новопсков магистральдік газ құбырлары бойынша газ жіберу тоқтатылды. Сәйкесінше ресейлік газ транзиті ммен Орынбор газ өңдеуші зауытынан Қарашығанақ газын жеткізу де тоқтады.

Қазір бұл жағдай Қазақстанның энергетика министрлігінің бақылауында.

133
Кілт сөздер:
мәлімдеме, Ресей, газ, Қазақстан энергетика министрлігі
Тақырып бойынша
Петропавлда газ жарылды: үш адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Магистральдік құбырдағы жарылыс салдарынан Қазақстанға газ транзиті тоқтатылды
Нұр-Сұлтан әкімдігі газдың бекітілген бағасын жариялады
Газ құны: астаналықтар 1 миллионға жуық ақша жұмсады – видео
"Сарыарқаның" көгілдір отыны: астанада газға қосылу ақысы қанша болады
Ақша, теңге

Жамаубаев 20 млрд теңгені игермеген министрліктерді атады

60
Министрдің атуынша, игерілмеген соманың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы жылдың қаңтар-сәуірінде мемлекеттік қаржының атқарылу барысын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі

Төрт айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығысы 99,1%-ке, республикалық бюджет шығысы – 99,6%-ке, жергілікті бюджет шығысы 98,7%-ке атқарылды.

"Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттің барлық деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Республикалық бюджет бойынша 4,8 триллион теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 20 миллиард теңгені құрады, оның ішінде 7 миллиард теңгесі үнемделген ақша. 13 миллиард теңге игерілмеген", – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Министр мемлекет ақшасын игермеген органдарды атады. Олар: ішкі істер, қорғаныс, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, білім және ғылым, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі.

Игерілмеудің негізгі себебі: конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі және уақтылы өтпеуі; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі, орындалған жұмыс үшін жүргізілген; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, шарттарды ұзақ келісу.

"Жергілікті бюджеттердің шығысы 2,1 триллион теңгені құрады. 28 миллиард теңге атқарылмаған", – деді министр.

Биыл өңірлерге 1,9 триллион теңге нысаналы трансферттер көзделген. 1 мамырдағы жағдай бойынша 456 миллиард теңге бөлінген, оның 98,9%-і игерілді.

5 миллиард теңге атқарылған жоқ, соның ішінде 1 миллиард теңгесі – үнемдеу, 4 миллиард теңге игерілмеген.

Оқи отырыңыз: Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

Игерілмеген соманың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр.

Осы жылдың қаңтар-сәуірінде мемлекеттік бюджетке 3 триллион 217 миллиард теңге кіріс түсті, нәтижесінде жоспар 117,1%-ке орындалды.

60
Кілт сөздер:
қаржылық реттеу саясаты, Қаржы министрлігі
Тақырып бойынша
Көлік салығы: қазақстандықтар мемлекетке 30 млрд теңге қарыз болып шықты
Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ
Оңтүстік Қазақстанда бес мемлекеттік қызметкер бюджетті игермегені үшін жұмыстан шығарылды
Министр Маминнен бюджетті игермеген басшыларды жауапқа тартуды сұрады
Мемлекеттік органдар 20 млрд теңгені игере алмай қалды
теңге, тиын

Қазақстанда цифрлық теңге қашан пайда болады

50
Пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асады, деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Цифрлық валютаны енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, пилоттық жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау өткеннен кейін цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және жол картасы әзірленеді", - деді Досаев үкімет отырысында.

Ол пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асатынын атап өтті.

Биыл 5 мамырда Ұлттық банк цифрлық валютаны енгізу туралы баcтаманы жариялады. Цифрлық теңгенің ақша-кредит саясатына және қаржылық тұрақтылыққа, төлем қызметтері нарығына әсері анықталады.

Баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерін алдын ала бағалау және пилоттық жобаның сипаттамасы қамтылған. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастауға арналмаған. Егер енгізілсе, заңды төлем құралына айналады.

Оқи отырыңыз: Доллардың қымбаттауы халық күнкөрісіне қалай әсер етеді - сарапшылар пікір білдірді

50
Доллар купюрасы

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 миллион доллар беріледі

0
Губернатор Майк Деуайнның айтуынша, үлестірілетін қаражат COVID-19-ға байланысты құрылған қордан алынады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Огайо штатының билігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтар арасында лотерея өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.

Губернатор Майк Деуайнның айтуынша, жеңімпаз атанған бес адамның әрқайсысына бір миллион доллар табысталады.

"Екі аптадан кейін 26 мамырда біз үлкен кісілерге арналған лотереяның жеңімпазын жариялаймыз. Оған вакцинаның бір дозасын алып, қатыса беруге болады. Жеңімпаздың есімін сәрсенбі сайын бес апта бойы жариялап тұрады. Осылайша, әр сәрсенбіде жеңімпазға бір миллион доллар табысталады", – дейді Деуайн.

Оның сөзіне қарағанда, ұтыстың ақшасы федералдық қордан алынады. Ал бұл қор COVID-19-ға байланысты құрылған болатын.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері АҚШ-та 33 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды. Олардың ішінде 590 мың науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Жақында осы елде вакцина салдырған азаматтардың саны 100 миллионнан асты. Президент Джо Байден 4 шілдеге дейін вакцинаның бірінші дозасын ересек адамдардың 70 процентіне салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

0
Кілт сөздер:
екпе, вакцина, АҚШ
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео
Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма
Вакцина салдырғаннан кейін екпе куәлігін ашып көрген елорда тұрғыны аң-таң болды
Нұр-Сұлтанда QazVac-пен вакциналау басталды: астаналықтар екпе туралы не дейді - видео