Экономика

Қазақстандықтар табысы 30%-ке өседі – қай салаға басымдық берілді

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает деньги
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Бұған дейін мемлекет басшысы 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарды бекіту туралы жарлыққа қол қойды 

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда елдің 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары бекітілді. Құжатта қай салаларға басымдық берілгені туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз. 

Құжат нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланды. 

Жалпыұлттық басымдықтар негізгі үш сала бойынша нақты он міндетті қамтиды: азаматтардың әл-ауқаты, институттар сапасы және қуатты экономика құру. 

Қазақстандықтардың әл-ауқатына қатысты бағыт бойынша нысаналы көрсеткіштер нақтыланған:

  • халықтың нақты ақшалай табысының өсімі – 2019 жылғы деңгейден кемінде 27%; 
  • жалпы табыстағы әл-ауқатты халықтың 40%-нің табысын 27%-ке дейін арттыру. 

"Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі" басымдығының аясында өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту мақсаты көзделіп отыр. Онда "елде жүзеге асырылатын саясатқа халықтың көңілі толу деңгейін жыл сайын өсіріп, бұл өз еліне деген мақтаныш сезімін тудыруға және оның өркендеуіне үлес қосуға ұмтылуға ынталандыру (тарихи мұра, мәдени даму, спорттағы жетістіктер, халықаралық бедел және тағы басқа) қамтылған. 

Ал "Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру" басымдығы аясында мыналар жоспарлануда: 

  • экономиканың шикізаттық емес секторының жалпы қосылған құнының көлемін 89 триллион теңгеден астам, ал өңдеу өнеркәсібін 15 триллион теңгеден астам көрсеткішке жеткізу; 
  • Дүниежүзілік экономикалық форум бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде "Инновациялық әлеует" көрсеткіші бойынша 70-ші орыннан төмен түспеу. 

"Экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту" басымдығы аясында: 

  • тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемін 41 миллиард доллардан астам деңгейге жеткізу; 
  • шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы ағынын 30 миллиард долларға жеткізу. 
  • "Теңгерімді аумақтық даму" басымдығы бойынша халықтың жергілікті атқарушы органдардың жұмысына көңілі толу көрсеткішін 80%-ке жеткізу жоспарланып отыр. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, президент Қазақстанда елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарын бекітіп, "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы" жарлыққа қол қойды.

Жаңалықтар
0