Экономика

Министрлік бензин бағасына қатысты түсініктеме берді

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilЖанармай бекеті
Жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Вице-министрдің айтуынша, елімізде бензиннің 225 мың тоннасы, ал дизель отынның 298 мың тоннасы бар

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Энергетика министрлігі бензиннің қазіргі бағасы бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармайдың бағасы сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасатынын атап өткен министр қазіргі таңда көптеген мәселелер бензин бағасы бойынша туындап жатқанын алға тартты.

"Баға белгілеу кезіндегі негізгі факторлар – мұнай құны, ішкі бағалар, процессинг, мұнай өңдеу қызметі, салықтар мен акциздер, зертханалық сынақтар, банк қызметтері, цистерналар, тасымалдау және тағы басқа ілеспе шығындар", – деді вице-министр Әсет Мағауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, тұтынушылар үшін соңғы бағаны тағайындағанда мұнай өнімдерінің көтерме құны, жанар-жағармай станциясына дейінгі тасымалдау, базада сақтау мен салықтық шығындар ескеріледі.

"Бүгінде Қазақстан бойынша бензиннің бағасы 160 теңгенің маңайында болып тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қырғызстанда бензиннің бағасы бір литрі үшін 185 теңге, яғни 16 процентке жоғары. Өзбекстанда 260 теңге, 63 процентке жоғары. Ал Ресей Федерациясында литріне 255 теңге, сонда 59 процентке жоғары болып тұр", – деп атап көрсетті Мағауов.

Оқи отырыңыз: Бензин тапшылығы қайталанса, министр кінәні өз мойнына алуға дайын ба?

Осы орайда вице-министр елімізде мұнай өнімдерінің жиынтық қоры қолайлы деңгейде екенін жеткізді. Атап айтқанда, бензиннің 225 мың тоннасы бар. Ол 20 тәулікке толығымен жетеді. Ал дизель отынның 298 мың тоннасы 27 күнге жетеді.

Жаңалықтар
0