Номиналы 10 мың теңгелік банкноттар, архивтегі сурет

Енді қазақстандықтар ескі банкноттарды кез келген уақытта айырбастай алады

1567
Екінші деңгейлі банктер үшін ескі банкноттарды айырбастауға үш жыл, ал Ұлттық банктің филиалдары үшін мерзімсіз кезең белгілеу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк ескі банкноттарды айырбастау мерзімін шектемеу туралы шешім қабылдады. Яғни, қазақстандықтар ескі үлгідегі банкноттарды кез келген уақытта ауыстыра алады.

"Азаматтардың өтініші мен депутаттардың сауалын, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ескеріп, Ұлттық банк банкноттарды, оның ішінде 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңін енгізу туралы шешім қабылдады. Мұндай тәжірибені енгізу жұмыстары өткен жылдың соңында басталды", - деп хабарлады Ұлттық бантің баспасөз қызметі.

Жаңа дизайндағы банкноттарды шығару кезінде ескі банкноттар 12 ай бойы айналымда қатар жүреді. Бұл ескі банкноттарды жоспарлы түрде алу және жаңа дизайн үшін кассалық техниканы икемдеу үшін қажет.

Бір жылдан кейін екінші деңгейлі банктер ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңасына 3 жыл бойы, ал Ұлттық банктің филиалдары мерзімсіз айырбастайды.

"Қазақстандықтар ескі банкноттарды Ұлттық банктің актілеріне тиісті өзгерістер енгізілген соң, Ұлттық банктің филиалдарында ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастай алады", - делінген хабарламада.

Кейбір банкноттар неге айналымнан алынады

Ұлттық банк не себепті қандай да бір банкноттарды айналымнан алу туралы шешім қабылдайтынын түсіндірді.

"Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі – ұлттық валютаның ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғау. Технологиялық прогрестің үдей түсуіне орай халыққа ажырату қиынға түсетін жалған ақша белгілерінің пайда болу ықтималдығы артады. Осыған байланысты Ұлттық банк ұлттық валютаның ақша белгілерінің қорғаныш қасиеттерін күшейту жұмысын жүргізеді және қолдан жасаудан барынша қорғалған банкноттарды шығарады", - деді баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның ұлттық валютасы қандай ерекшеліктерге ие

Банкноттарды мерзімсіз айырбастау туралы қосымша ақпарат Ұлттық банктің актілеріне тиісті өзгерістер енгізілген соң, банктің ресми сайты мен БАҚ-та жарияланады.

Айта кетсек, 2006 жылы шыққан екі, бес және он мың теңгелік банкноттар 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап жарамсыз болды. Ұлттық банк оларды қабылдауды және ауыстыруды тоқтатқан еді.

Ал 3 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығатыны хабарланды.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін шектемеуді сұрады.

1567
Кілт сөздер:
айырбастау, валюта, Ұлттық банк, теңге
Архивтегі фото

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді

6715
Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алатындарға таңдау беріледі, олар ақшаны не банк картасына, не әлеуметтік әмиянға аудартады. Егер әлеуметтік әмиянды таңдаса, оған түскен ақшаны банктер өндіріп ала алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстанда арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау ережесіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – бұл жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақының өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем. Оны мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар, "Қазақстанның еңбек ері", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" және "Халық қаһарманы" құрметті атағын алғандар, ядролық сынақтардан зардап шеккендер және тағы басқа адамдар ала алады.

Оқи отырыңыз: Балаға төленетін жәрдемақы көтеріле ме – үкімет жауап берді 

Жаңа заң жобасы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны электронды ақшамен де төлеу қарастырылған. Оны электронды әмияндарға аударып отырады. Ал электронды әмияндағы ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады. Бұның барлығы жәрдемақыны тағайындау туралы өтініште көрсетіледі.

Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік төлемдерді цифрландыруды тапсырған болатын. Осыдан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарда таңдау болатынын хабарлаған. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды не банк картасын, не әлеуметтік әмиянға аудартуға мүмкіндік болады.

Ал "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" заңға сәйкес, әлеуметтік әмияндағы ақшаны банктер, салық органдары мен коллекторлар өндіре алмайды. Әлеуметтік төлемдерге арналған электронды әмиян 2022 жылы енгізіледі деп жоспарланып отыр.

6715
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, жәрдемақы
Теңге

Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды

1933
(Жаңартылды 19:31 15.04.2021)
Бөлінетін қаржы пандемиямен күресте дәрігерлерге үстемеақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында ел дамуының жаңартылған болжамы және республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Отырысқа премьер-министр Асқар Мамин, президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқалар қатысты.

Отырыс барысында үкімет әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты болжамдарын және әлемдік экономикадағы ахуалды, тауар нарығындағы үрдістерді ескере отырып, осы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарын, сондай-ақ биылғы І тоқсанның алдын ала қорытындылары жөнінде баяндады.

Атап айтқанда биыл ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі бекітілген көрсеткіштен 0,3 пайызға артып, 3,1% деңгейде болады деп болжануда. Инфляция деңгейі 4-6% аралығында сақталып отыр.

Бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – мемлекет басшысының жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау және Nur Otan партиясының сайлауалды платформасын жүзеге асыру. Осыған байланысты бюджеттің кірісінде де, шығысында да өсім болады деп болжанып отыр.

"Автомобиль жолдарын дамытуға, "Ауыл – ел бесігі" жобасын одан әрі іске асыруға, экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға, "Жұмыспен қамтудың жол картасын" жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосымша қаражат бөлінетін болады", – делінген хабарламада.

Пандемиямен күреске бөлінетін қосымша қаржы дәрігерлерге үстемеақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Сонымен қатар әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, су тасқынына қарсы іс-шараларға, сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерінің құрылысы мен оларды жаңғыртуға қаржы бөлу жоспарланған.

Жиын қорытындысы бойынша президент бюджет шығындарын оңтайландырып, кірісін арттыру, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, инфрақұрылым мен цифрландыруды дамыту, сондай-ақ жекешелендірудің кешенді жоспары аясында мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанды не күтіп тұр: белгілі маман 2021 жылға болжам жасады

1933
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, қаржыландыру
Тақырып бойынша
Зейнетақы қорынан алуға болатын қаржы көлемі ұлғайды
Жас ғалым әйелдер үшін арнайы квота енгізіледі – БҒМ
Тоқаев пандемия салдарын жеңілдетуге қатысты ұсыныс жасады
Қаржы министрлігі мобильді аударымдарға қатысты өзгерісті жариялады
Күрішбаев оқытушылардың жалақысын теңестіру керек деп санайды
Жол, асфальт, архивтегі сурет

Ақмола облысында жол жиегінде болған қайғылы оқиғаның видеосы тарап кетті

791
(Жаңартылды 18:38 17.04.2021)
Жүк көлігі еріген қар суына толы шұңқырға аударылды. Кабинада отырған ер адам оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Шортанды ауданында карьерлердің біріне жақын маңда жүк көлігі еріген қар суына толған жол жиегіне аударылды. Рөлде отырған 27 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан бірнеше ер адам техниканың көмегімен жол жиегінде батып қалған жүк көлігін шығаруға тырысып жатқанын көруге болады. Машина бірнеше секундқа жолға шығады, алайда кейін батпақ пен қар суына толған шұңқырға құлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NewsMakers (@newsmakers.kz)

Шортанды ауданының әкімдігі трагедия 16 наурыз күндіз үштер шамасында Бектау ауылдық округіне жетпей, Шортанды-Жолымбет жолының учаскесінде болғанын нақтылады.

"Шансиман" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Машина алдымен қара жолдың жиегіне аударылды. Кейін оны бульдозермен шығармақ болғанда, еріген қар суына толған шұңқырға батып кетті, жүргізуші қаза болды", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жүк көлігі "Гранит +" ЖШС карьеріне қиыршақ тас алу үшін барған. Шыға берерде жол апаты болды. Карьер жұмысшылары көлікті шығарып, жүргізушіні құтқаруға тырысты.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

Көз жұмған ер адам – 1994 жылғы Мақсат Данияров, Қызылорда облысының тумасы. Полиция марқұмның денесін Нұр-Сұлтанға сараптамаға жіберді.

Бектау ауылдық округінің әкімдігі мерт болған жігіт аталған жүк көлігінің жүргізушісі емес екенін мәлімдеді. Жүк көлігі аударылғаннан кейін, марқұм рөлге отырып, көлікті алып шықпақшы болған, алайда өзі көз жұмды.

Аудандық әкімдіктің ақпаратынша, жүргізуші – 1981 жылғы Абылайхан Мұхамеджанов. Елордада тұрады.

"Шансиман" автокөлігі елордалық "Альстрой Транс Групп" фирмасына тиесілі.

Sputnik Қазақстан түсініктеме үшін Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

791
Кілт сөздер:
видео, жол, жүк көлігі, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Төрт адам жол жиегінде тұрған: жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды
Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар
Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды
"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды