Экономика

Қазақстанда орташа жалақы 223 мың теңгеге жетті

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Ақпан айында орташа айлық атаулы жалақы 223 213 теңге болды, бұл қазіргі бағам бойынша 530 долларға тең

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. 2021 жылдың ақпанында Қазақстанда орташа айлық жалақы 223 213 теңге  (533 доллар – Sputnik) болды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық статистика бюросының сайты.  

2021 жылдың қаңтарындағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табысы 115 684 теңге болды (алдын ала мәлімет), бұл 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,8%-ке жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыс 2,4%-ке төмендеді.

Республикада жарты миллион жұмыссыз бар

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылдың IV тоқсанында 453 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына шаққанда 4,9%-ті көрсетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны ақпанның соңында 192 мың адамды немесе жұмыс күшіне шаққанда 2,1% құрады.

Азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр

Тұтыну бағасының индексі 2021 жылдың ақпанында 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,3% құрады, деп хабарлады Бюро.  

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,2%, азық-түлік емес тауарлар 0,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер  0,6% қымбаттады.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылдың ақпанында 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,4% өсті.  

Жаңалықтар
0