Экономика

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылға қарай 40%-ке артады

© АО "НК "ҚТЖ"Грузовые вагоны. Архивное фото
Грузовые вагоны. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Қазір ол 19 миллиард доллар көлемінде, ал үш жылдан кейін оны 27 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. 2024 жылға қарай Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27 миллиард долларға жетеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Ресейдің республикадағы сауда өкілі Максим Кочетков.

"Өткен жыл Ресей мен Қазақстан экономикасы үшін сынақ болды, дегенмен біз сауда қатынастарының жоғары деңгейін сақтап қалдық: былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымы 19 миллиард доллардан асты", - деді Кочетков Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.  

Өкінішке қарай, өзара сауда біршама төмендеді: өткен жылдың қорытындысы бойынша ол шамамен 5%-ке қысқарған. Дегенмен бұл көрсеткіш дағдарысқа дейінгі 2018 жылдың қорытындысынан жоғары. Кочетковтың пікірінше, бұл бірлескен жұмыстың нәтижесі.

"Жыл қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары мен қосылған құны жоғары тауарлар өсті. Ал бұл жақын арада елдеріміз арасындағы сауданы қалпына келтіруге және арттыруға елеулі алғышарттар жасайды", - деп атап өтті өкіл.

Оның айтуынша, сауда өкілдігі Қазақстан нарығына кіргісі келетін және жұмыс істейтін ресейлік кәсіпорындарға жан-жақты көмектеседі.

"Біз бұл қадамдарды біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 2024 жылға қарай 27 миллиард долларға жету үшін жасап отырмыз. Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы сенімді қатынастар ынтымақтастық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін және біз бірге жаңа сын-қатерлерге қарсы тұра аламыз", - деді Кочетков.

Сауда және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастыққа көп көңіл бөлініп жатыр, жоғары деңгейдегі кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

"Сәуірде Қазан қаласында ЕАЭО үкіметаралық кеңесі өтеді, оның аясында екі елдің үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасына қол қойылады. Бұл құжат екі елдің алдағы жылдарға арналған өзара іс-қимылының жол картасы болады", - деп сөзін аяқтады Кочетков.

Жаңалықтар
0