Теңге

Қазақстанда депозит бойынша мамырдағы ең жоғары мөлшерлеме айқындалды

54
(Жаңартылды 18:04 31.03.2021)
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша 2021 жылдың мамырына ең жоғары мөлшерлемені бекітті.

Қор ақпаратына сәйкес, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме өзгеріссіз (9%) қалды.

Нарыққа тәуелді 24 айға арналған жинақ салымдарын есепке алмағанда, ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме де өзгерген жоқ.

Ал 24 айға арналған жинақ салымдары бойынша мөлшерлеме (11,1%-тен 10,9%-ке және 12,6%-тен 12,4%-ке) біршама төмендеді. Бұл нарықтық мөлшерлеменің кері қарқынының сақталуына байланысты болып отыр.

54
Кілт сөздер:
депозит, теңге, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: Ұлттық банк төрағасы президентке есеп берді
Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді
Қазақстандықтарға көмек көрсетуге бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді 
"Қазпошта" қызметкерлері 33 миллион теңге жымқырды
Батыс Қазақстанда оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді
Мамин One Web басшылығымен Қазақстанда спутниктік интернетті дамыту мәселесін талқылады

Шалғай аудандарды интернетпен қамтуға британдық One Web компаниясы атсалысады

50
(Жаңартылды 10:09 09.04.2021)
Басқосуда Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин One Web британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Миттал One Web жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

One Web жаһандық спутниктік желісі 1 200 шақырым биіктікте 18 орбиталық жазықтықта 648 спутниктен тұратын болады. 2021 жылдың соңында спутниктік желіні толық пайдалануға беру және оған Қазақстан аумағына қызмет көрсету жоспарланған.

"Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық ғарыш орталығы жанындағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында One Web спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы да әңгіме өзегені айналды. Оған қоса, Орталық Азия елдеріне кейіннен One Web спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.

Кездесуге стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады

Айта кетейік, One Web компаниясы интернет желісіне қолжетімділік пен деректерді жоғары жылдамдықпен беру (пайдаланушы терминалына 5-50 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құрайды.

50
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, интернет
Тақырып бойынша
Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр
Министрлік ауылдағы интернет мәселесін шешудің жолын тапты
Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді
Тоқаев байланыс операторларын нашар интернет үшін жауапқа тартуды ұсынды
ЕАЭО елдері интернет-пираттармен қалай күреседі
Деньги, тенге купюры банкноты

Банктердің бірі 750 000 теңгеге дейін процентсіз кредит береді

3337
(Жаңартылды 17:07 08.04.2021)
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына газ қосу үшін процентсіз кредит беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Елордада тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу жобасы іске қосылды.  

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және "ECOJER" қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты

"Ол Halyk Bank-тен елордада алғашқы жүз тұрғынның үйін газбен жабдықтаудың орталық желілеріне қосу үшін процентсіз кредит беруді көздейді", - делінген хабарламада.

Халықтың экологиялық таза көгілдір отынға көшуін жеделдету үшін қаржылық ынталандырудың қосымша шараларын енгізу қажет.

Осыған байланысты Halyk Bank аса ірі әлеуметтік жауапты қаржы институты ретінде, өз үйлерін газға қосуды қалайтын бірінші жүз абонентке процентсіз кредит бере отырып "ECOJER" қауымдастығының бастамасын қолдады.

Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарлама бойынша қашан өтініш қабылдана бастайды

"Halyk Bank экологияны жақсартуға және ауа бассейнін тазартуға байланысты бірқатар бастаманы қолдайды. Бүгін біз Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлерді газдандыру жобасын қолдауға дайын екенімізді мәлімдедік. Банк газды тұрғын үйге жеткізуден бастап, барлық қажетті газ коммуникацияларын қосуға және қажетті жабдықты орнатуға процентсіз қарыз береді", - деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша пайызсыз кредит беру бағдарламасының шарттары бойынша елорда тұрғындары 750 000 теңгеге дейінгі сомаға, 18 айға дейінгі мерзімге жылдық 0% - бен кредит ала алады (қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия небәрі 0.1%-ті құрайды).

"ECOJER" қауымдастығы кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова бұл әлеуметтік маңызы бар жоба мемлекет басшысының елорданы газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындауды қолдау мақсатында іске асырылып жатқанын атап өтті.

Процентсіз кредитті қалай алуға болады  

  • кеңес алу, өлшеу мен құнын есептеу үшін жақын жердегі ұйымға ("Capital Construction 2020" ЖШС) хабарласу керек;
  • газды қосу үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-дан техникалық шарттар алу керек;
  • жеткізушімен шарт жасап, "ECOJER" қауымдастығының "Жасыл сертификатын" алу керек;
  • шартпен және сертификатпен Halyk Bank-тің екі бөлімшесінің біріне процентсіз кредит алу үшін хабарласу керек (Жеңіс даңғылы, № 72 үй және Бейбітшілік көшесі, № 24 үй, № 4 т.е.ж.).

Толық ақпаратты halykbank.kz және ecojer.kz сайттарынан алуға болады.

3337
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0