Экономика

Қазақстанда доллар қымбаттады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуКурс бағамының таблосы
Курс бағамының таблосы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал сатылу бағасы - 426-427 теңге

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстанда доллар қымбаттады. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 0,35 теңгеге өсіп, 427,19 теңгеге жетті.

KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған алғашқы теориялық баға 427,43 теңге мөлшерінде белгіленді, деп хабарланған Қазақстан қор биржасының сайтында.

Кurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал қабылдау бағасы - 426-427 теңге.

Алматының айырбас орындарында бір доллар 426-427 теңге тұрады, сату бағасы - 427-429 теңге.

Оқи отырыңыз: Алдағы үш жылда теңге бағамы қандай болады – ЕАДБ сарапшылары болжам жасады

Шымкенттің айырбас орындарында бір доллар 428 теңгеден сатылып, 426 теңгеден қабылданып жатыр.

Айта кетейік, наурыздың соңында Қазақстанда доллар бағамы 423 теңгені құрады.

Жаңалықтар
0