Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының жаңа басшысына тапсырма берді

60
Қазақстанның тұңғыш президенті атап өткендей, өткен жылы қор мемлекеттік бюджетке 870 миллиард теңге аударды

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық әл-ауқат қорының былтырғы және 2021 жылдың  бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңестің отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

"Самұрық-Қазына" қоры 2020 жылды табысты аяқтады. Былтыр Қор компанияларында қызметкерлердің саны айтарлықтай қысқартылған жоқ, үздіксіз өндірістік процесс сақталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қор активтерінің құны 13,9 триллион теңгеге жетті", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сәтқалиев Елбасыға қорды инвестициялық холдинг ретінде қайта құру шаралары және алдағы негізгі басымдықтар туралы баяндады.

Оқи отырыңыз: Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті 

Қазақстанның тұңғыш президенті қор еліміздің ұлттық байлығы екеніне тоқталып, оның активтерін барша халықтың игілігі үшін еселеу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

"Аз уақыт ішінде қор жұмысын жандандырып, шұғыл шаралар қабылданды. Стратегиялық маңызы бар салалар қалыпты жұмыс істеп тұр. 2020 жылы қор мемлекеттік бюджетке 870 миллиард теңге аударды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы қор компанияларының тиімділігін одан әрі арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевке бірқатар нақты тапсырма беріп, жемісті әрі табысты жұмыс істеуіне тілектестігін білдірді.

60
Кілт сөздер:
Назарбаев, Самұрық-Қазына
Тақырып бойынша
"Самұрық-Қазына" қорына жаңа төраға тағайындалды
Мамин мен Есімов үкімет отырысын бір-бірін құттықтаумен бастады
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
"Мойындау керек": Тоқаев басты қауіпті атады
Фитнеске – 40 млн теңге: Перуашев халықтың ақшасына демалатын менеджерлерді сынады
Ақорда

Тоқаев ұлттық экономика министріне бірқатар тапсырма берді

228
(Жаңартылды 18:23 13.04.2021)
Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына биылғы І тоқсандағы еліміздің экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары, Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы есеп берілді.

Президентке экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндалды. Әсет Ерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.

Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

228
Тақырып бойынша
Ауыл әкімдерін сайлауға 17 миллиард теңге қажет - экономика министрлігі
Атырау зауытында жөндеу мерзімі созылды: бензин қанша күнге жетеді
300 мың теңгеге дейін төленеді - министрлік акцияның басталу уақытын жариялады
Зейнетақы қоры 1 мамырдан бастап қандай өзгеріс болатынын айтты
Қазақстандықтар бір айда 3 мыңға жуық алтын құйма сатып алған
ақша

Ауыл әкімдерін сайлауға 17 миллиард теңге қажет - экономика министрлігі

38
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын жергілікті бюджет қаржыландырады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 17,6 миллиард теңге қажет. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды.

Құжатта аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған.

"Сайлау өткізуге шамамен 17,6 миллиард теңге қажет болады. Оның 4,8 миллиард теңгесі биыл 800-ден аса әкімнің сайлауын өткізуге керек", - деді Әбдіқадыров.

Вице-министрдің айтуынша, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын жергілікті бюджет қаржыландырады. Алайда алдағы екі жылда, яғни 2021-2022 жылдары сайлауға ақша Орталық сайлау комиссиясы арқылы бөлінеді. Ал кейін 2023 жылдан бастап бұл шығын жергілікті бюджет шығындарының базасына қосылады.

38
Кілт сөздер:
сайлау