Экономика

Қазақстан экономикасы қазір қандай күйде?

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, монеты
Деньги, тенге, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Министр бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарғанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Осы жылдың қаңтар-наурызында жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны минус 1,6%-ті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарғанын атап өтті.

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылдың қаңтар-ақпанындағы минус 2,9%-тен қаңтар-наурызда минус 1,6%-ке дейін жақсарды", - деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Айтуынша, жылдық инфляция 7,0%-ке дейін баяулады.

Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсім 7,9%-ке дейін жеделдеді, ал негізгі капиталға инвестициялар 34%-ке артты.

Нақты сектордың көп саласы тұрақты өсім көрсеткен. Олар: құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар ақпарат пен байланыс саласында 9,9% өсім байқалады.

Өңдеу өнеркәсібі саласында өсім 7,5%-ті құрады. 13 өңір оң өсім көрсетсе, 3 облыста төмендеу байқалып отыр, олар: бензин, керосин және мазут өндірісінің қысқаруы салдарынан Атырау облысында, болат құбырлар мен профильдер, бензин мен дизель отыны өндірісінің төмендеуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында, мақта және табиғи уран өндірісінің азаюы салдарынан Түркістан облысында.

Жаңалықтар
0