Алтын құйма

Қазақстандықтар бір айда 3 мыңға жуық алтын құйма сатып алған

58
Ұлттық банк дерегінше, Нұр-Сұлтан мен Алматы және Атырау тұрғындары алтын құйманы көптеп сатып алған

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Наурызда қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 48,2 килограмм 2 898 құйма сатып алды.

Ал алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Соның ішінде 10 граммдық құйма ең көп сұранысқа ие болған, деп хабарлады ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Оның жалпы сатылымдағы үлесі – 15 184 дана (30%). Одан кейін 20 грамдық құйма – 10 976 дана (22%) және 100 грамдық құйма – 10 964 дана (22%), 5 грамдық құйма – 7 305 дана (15%), 50 грамдық құйма – 5 771 дана (11%) көрсеткішіне ие. Негізінен өлшемелі құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында жоғары сұранысқа ие.

Алтын құймаларды не үшін сатып алады

Ұлттық банк дерегінше, алтын құймалар инвестициялаудың сенімді құралы бола алады. Банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің құймаларды дәл сол күні сатып алу мүмкіндігі алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып отыр.

"Әр құйма қорғаныс элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бүйір тұсының бедерлі болуы), құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болатын арнайы қаптамамен шығарылады. Бұл да сапа сертификаты бола алады. Сондықтан құйманы сақтағанда қаптаманы ашпаған жөн", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, Банк ЦентрКредит қаржы мекемелерінде, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға немесе сатуға болады.

Айта кетейік, ұлттық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері жалпы салмағы 1,79 тонна құрайтын 50,2 алтын құйма сатылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 2020 жылы 21 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері жалпы салмағы 3,75 килограмм болатын 141 өлшемелі алтын құймасы сатып алынды. Ұлттық банк мәліметі бойынша, бұл алтын құймалардың инвестициялау мен жинақтаудың ұзақ мерзімді құралы болуына байланысты.

58
Кілт сөздер:
инвестиция, алтын құйма
Тақырып бойынша
Ақмола облысында 122 миллион теңгеге алтын ұрланды: полиция екі адамды ұстады
"Алтын қима": сұлулық қалай өлшенетінін білесіз бе – фото
Қазақстан туризмге 1 трлн теңгеден аса инвестиция құюды жоспарлап отыр
Айырбас пунктілері жуырда алтын құйма сата бастайды
Ақмола облысында ірі мөлшерде алтын ұрланды – полиция істің мән-жайын жариялады
Ақорда ғимараты

Экономикалық белсенділік төмендеп кетті Тоқаев

764
(Жаңартылды 11:54 15.05.2021)
Үкімет осы жылы да Ұлттық қордан 4,6 триллион теңге сұрады. Бұл қаражат дағдарыстан кейінгі дамуға бағытталып, тиімді жұмсалуы керек, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев президентке бұған дейін берілген тапсырмалардың толық орындалғанын баяндады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде инфляция 8-8,5 пайыз деңгейінде сақталып, жыл қорытындысы бойынша 7,5 пайызды құрады.

Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін арттыру және инфляцияның шекті межесін белгілеудің толыққанды режиміне көшу үшін Ұлттық банк Ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірледі. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды 

Мемлекет басшысына зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және басқа да мақсаттарға пайдалану жөніндегі бастаманың орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Биылғы 1 ақпаннан бастап 1,3 триллион теңгеге жуық төлем жасалды.

Ұлттық банк төрағасы мемлекет басшысына қолма-қол ақшасыз жасалатын төлем үлесінің артқаны туралы мәлімет берді. Бұл қашықтан сәйкестендіру қызметін енгізудің, банкаралық және эквайрингтік комиссиялар мөлшерін азайтудың арқасында жүзеге асқан.

Ұлттық банк төрағасының есебін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының төмендеуі ел экономикасына кері әсер еткенін айтты. Президенттің бастамасы бойынша дағдарысқа қарсы қабылданған теңдессіз шаралар топтамасы ұлттық экономиканың қатты құлдырауына мүмкіндік бермеді және іскерлік белсенділікті сақтап қалуға жол ашты.

"Экономикалық белсенділік төмендеп кетті. Бірақ дер кезінде шаралар қабылдап, ахуалды одан бетер ушықтыруға жол берген жоқпыз. Ұлттық банк экономиканы қолдау және халықты жұмыспен қамту шараларына 2,3 триллион теңге бөлді. Соның арқасында жаппай жұмыссыздықты болдырмай, бизнестегі іскерлік белсенділікті сақтауға жағдай жасап келеміз. Қазіргі уақытта Ұлттық банктің үкіметпен әлеуметтік-экономикалық салада тиімді жұмыс істеуі айрықша маңызды", – деді мемлекет басшысы.  

Президент инфляцияны тұрақтандыру ақша-несие саясатының негізгі міндеті екенін атап өтті. Вакциналау және дағдарыстан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарындағы ілгерілеудің арқасында қаржыландырудың қолжетімділігі өте өзекті мәселе болып отыр.

Бұл тұрғыда іскерлік белсенділіктің артуына орай Ұлттық банктің экономиканы тікелей қаржыландыруы төмендей беруі керек.

"Пандемия кезінде үкімет менің тапсырмам бойынша жалпы экономиканы, оның ішінде, шағын және орта бизнесті қолдау үшін теңдессіз шаралар қабылдады. Құны 15 миллиард доллар болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды.  Әрине, мемлекеттің бизнесті үнемі қаржыландыра алмайтынын түсінген жөн. Ұлттық банктің белсенді атсалысуы экономикалық белсенділік пен екінші деңгейдегі банктердің белсенділігін қайта қалпына келтіруге ықпал етуі тиіс. Сондықтан несиелеудің жеңілдетілген бағдарламасының аяқталуына орай мемлекеттік қолдау шаралары нарықтық механизмдерге жол беруі керек. Мұны әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, біртіндеп атқару қажет", – деді президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, пандемия жағдайында және экономикалық ахуал нашарлаған кезде Ұлттық банк өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқарды. 2020 жылы Ұлттық қордан жасалған трансферт 55 пайызға артып, 4,8 триллион теңгеге жетті. Ұлттық қордың негізгі міндеті және әлемдік дағдарыс жағдайында бұл әрекеттер өзін ақтады.

"Үкімет осы жылы да Ұлттық қордан 4,6 триллион теңге сұрады. Бұл – өте мол қаржы. Аталған қаражат дағдарыстан кейінгі дамуға бағытталып, тиімді жұмсалуы керек. Сонымен қатар экономика қайта қалпына келгеннен кейін республикалық бюджет трансфертке арқа сүйемеуі қажет. Бұл – үкіметке жүктелген міндет. Келешекте Ұлттық қордың қаржысын пайдалануды ең  төменгі шекке дейін қысқарту керек", – деді мемлекет басшысы.

Ұлттық банктің Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметі оң бағаланды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 7,6 пайызды құрады немесе 4,2 миллиард долларға жетті, ал, биылғы 4 айдың ішінде 940 миллион доллар болды. Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысына Ұлттық қорды басқаруды одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, фискалдық тәртіпті күшейту үшін 2021 жылдың соңына дейін контрциклдік бюджет ережесін заң жүзінде бекітуді тапсырды.

"Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп мемлекеттік қарыз алу саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Алдымызда қор нарығын жаңа деңгейге шығару үшін ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарын арттыру міндеті тұр. Мемлекеттік құнды қағаздарды халықаралық индекстерге енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру үшін қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өзара іс-қимылын күшейту керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кибер қауіптерден қорғану мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қаржы секторының кибер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банкке 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жинақтаудың, мониторингтеудің және қаржы саласындағы кибер дауларға қарсы әрекет етудің бірыңғай технологиялық платформасын енгізу тапсырылды. 

Мемлекет басшысы жиынды қорытындылай келе Ұлттық банктің жылдық есебіне оң баға берді.

"Бүгінгі талқылауларды ескере отырып, Ұлттық банктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша берген есебін оң бағалаймын. Қазіргі жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету өте маңызды деп санаймын. Ұлттық банк Агенттікпен бірлесіп, ақша-несие саясатының тиімділігін және қаржы секторының әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыруы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиынға премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова қатысты.

764
Дүниежүзілік банктің ғимараты

Дүниежүзілік банк Тоқаевтың реформаларына қолдау білдірді

56
Анна Бьерде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені және Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Анна Бьердемен видео конференция арқылы кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қос тарап Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын және келешектегі кооперацияның басымдықтарын талқылады.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына келген Анна Бьердеге ілтипат білдіріп, бұл оның Қазақстан мен Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті.

"Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы бірқатар экологиялық мәселені шешуге үлес қосқанын, соның ішінде "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу" жобасының екінші кезеңіне 1,5 миллиард доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсеткенін айтты.

Тоқаев бес елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық проблемалардың шешілуіне баса мән беретінін, "жасыл экономика" мәселелеріне және осы саладағы ықпалдастықты жеке бақылауына алуға дайын екенін жеткізді.

Анна Бьерде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені және Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол елімізде Қазақстан президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын айтты.

56
Жол көлік апаты

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды: 6 адам зардап шекті

0
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам жарақат алған, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр - Sputnik. Алматыдағы Алатау ауданында ірі жол апаты болды.

Оқиға куәгерлері мен қатысушыларының айтуынша, Volvo жүк көлігі кептелісте тұрған авткөліктерге соғылды.

Volvo жүк көлігінің жүргізушісі артқы айнаға алаңдап қалған.

Фура протаранила автомобили
© Sputnik / Стрингер
Алматыда жүк көлігі мен үш автокөлік соқтығысты

Ең алдымен ол жылдамдықпен Lexus-тың артынан соғып, жаппай жол апатына себеп болады.  Жеңіл автокөлік өз кезегінде Toyota Surf-ті, ол алдында тұрған Nissan Almera-ға соғылды.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды

Фура протаранила автомобили
© Sputnik / Стрингер
Алматыда жүк көлігі мен үш автокөлік соқтығысқан

Атап айтсақ, Lexus RX 300 көлігіндегі бес адам: жүргізуші мен жолаушылар, оның ішінде 10 жасар бала. Сондай-ақ Nissan Almera-ның жолаушысы - төрт жасар қыз.

Алтауы да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

0
Кілт сөздер:
Алматы, балалар, жүк көлігі, автокөлік, жол апаты
Тақырып бойынша
Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті  
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті
Жаяу адамды басып кетті: Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды – видео
Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады – видео