Ақорда

Тоқаев ұлттық экономика министріне бірқатар тапсырма берді

2294
(Жаңартылды 18:23 13.04.2021)
Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына биылғы І тоқсандағы еліміздің экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары, Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы есеп берілді.

Президентке экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндалды. Әсет Ерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.

Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

2294
Тақырып бойынша
Ауыл әкімдерін сайлауға 17 миллиард теңге қажет - экономика министрлігі
Атырау зауытында жөндеу мерзімі созылды: бензин қанша күнге жетеді
300 мың теңгеге дейін төленеді - министрлік акцияның басталу уақытын жариялады
Зейнетақы қоры 1 мамырдан бастап қандай өзгеріс болатынын айтты
Қазақстандықтар бір айда 3 мыңға жуық алтын құйма сатып алған
Архивтегі сурет

Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз БАҚ

5137
Берешектің басым бөлігін тұрғын үй кредиттері құрайды, оның мөлшері бір жыл ішінде 600 миллиард теңгеге ұлғайған

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 7,1 триллион теңгеден (16,6 миллиард доллар) асты, деп хабарлайды QazEconomy Telegram-каналы Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы статистикасы бөлімінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

2020 жылы Қазақстанда ипотека бойынша берешек 600 миллиард теңгеге (1,4 миллиард доллар) өсті.

ЕЭК мамандарының есебінше, елде тұрғын үй несиелерінің көлемі бір жылда 1,8 триллионнан (4,2 миллиард доллар) 2,4 триллион теңгеге (5,6 миллиард доллар) дейін ұлғайған. Бұл ретте мерзімі өткен қарыз 20 процентке (60 миллиардтан 71,5 миллиард теңгеге дейін) артты.

Тағы оқыңыз: Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады

Сарапшылар статистиканы салыстыру үшін ЕАЭО-ға мүшеге барлық елдің кредиттік берешегін конвертациялады. Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша ең көп берешек Ресейде –  123,2 миллиард доллар екені анықталды. Екінші орында – Қазақстан, бұл елде тұрғын үй несиесінің көлемі 5,6 миллиард доллар. Беларусь 3,8 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.

5137
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, банктер, қарыз, кредит
Тақырып бойынша
Көлік салығы: қазақстандықтар мемлекетке 30 млрд теңге қарыз болып шықты
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Алматы әуежайы

Тоқаев Үндістандағы жағдайға байланысты үкіметке тапсырма берді

5959
(Жаңартылды 14:20 07.05.2021)
Үкіметке Үндістанға 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және 105 жасанды жолмен дем беру аппаратын жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды.

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын айтты. Ол COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Қазақстанның "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткенін атап өтті. Азаматтарды вакциналау қарқыны артып келеді. 1 миллион 565 мың адамға бірінші компонент салынса, 460 мың адамға екінші компонент егілген. 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында тәуліктік вакцина салу қарқыны 12,6 есе өскен. Кеше Қазақстанда 140 мыңға жуық адам вакцина салдырған.

Премьер-министр президентке бизнесті қолдау жұмыстары жайында мәлімет берді. Қызмет көрсету саласында "ASHYQ" қосымшасын пайдалану ісі белсенді түрде артып келе жатқаны айтылды. Қазіргі уақытта жүйе 3 мыңнан астам бизнес субъектілерін және еліміздің 720 мың тұрғынын қамтып отыр.

Үндістанға гуманитарлық көмек

Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты мемлекет басшысы үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппаратын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды.

"Қайғы-қасіретіңізге ортақпыз": Тоқаев Үндістан премьеріне жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту, азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру шараларын іске асыру туралы ақпарат берілді. Монополияға қарсы шаралар аясында үкімет бизнес субъектілерінің арасында бағаға қатысты сөз байласуды болдырмау жөнінде жұмыс жүргізуде.

Үкімет басшысы негізгі 29 азық-түлік тауарының 23-і бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қамтамасыз етілгенін, қалған түрлері бойынша нарықтың ішкі өндіріспен қамтамасыз етілу көрсеткіші 80 пайыздан төмен екенін атап өтті. Ұлттық экономиканың өзін-өзі қамту шаралары шеңберінде биыл 35 сүт-тауар фермасы, 2200 гектар бақ, 3 ет комбинаты, 5 құс фабрикасы, балық өндіретін 4 шаруашылық іске қосылады.

Сонымен қатар азық-түлікті тұрақтандыру қорлары құрылды, айналымға қажетті қаражат бөлінді, оларға азық-түлік жеткізуді қамтамасыз ету үшін алдын ала сатып алу жүзеге асырылды.

Әңгімелесу барысында шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тарту жөнінде қабылданып жатқан шаралар қарастырылды.

Кездесу соңында президент халыққа вакцина салу жұмысының қарқынын төмендетпеуді, азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекет басшысы өте қысқа уақытта коронавирусқа қарсы вакцина жасап, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеген қазақстандық мамандардың еңбегін оң бағалады.

5959
Кілт сөздер:
гуманитарлық көмек, Үндістан
Тақырып бойынша
Үндістанда адамдар туыстарының мәйітін өртейтін орын үшін төбелесе бастады
"Анашым әбден қиналып өлді": Үндістанда мәйіттерді далада өртеп жатыр
Үндістанда жағдай ушықты: ел премьері коронавирустың жаңа толқынын дауылға теңеді
Локдаун, коммендаттық сағат және карантин: әлемде не болып жатыр?
Цой енді кімдер екі аптаға карантинге жіберілетінін айтты
Батут

Орал саябағында тағы төтенше жағдай: батутта ойнап жүрген балалар өлім аузынан қалды

0
Бұл бір аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні орталық бақта орналасқан аттракционнан ақау шығып, сегіз бала жарақаттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Оралда саябақта балалар ойнап жүрген кезде, кенеттен батуттың желі шыға бастаған. Оқиға болған кезде аттракционда 20-дан астам бала болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Оқиға 9 мамыр күні сағат 18.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Саябақта орнатылған батут балалар ішінде болған сәтте аяқ астынан желі шыға бастайды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеороликпен бөлісті. 

"Батут кішкентай емес, биік және көлемді. Оның ішінде түрлі жастағы 20-ға жуық бала болды. Ата-аналар балаларды құтқару үшін бірден аттракционға жүгірді. Кішкентай балалар қорқып, жылап жатты. Кіре берістегі қыз жай ғана бұл оның батуты екенін айтты, тіпті кешірім де сұрамады. Электр қуатының өшірілгенін жеткізді", - дейді Самал есімді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, балалар ауыр жарақат алған жоқ, бірақ қатты қорқып қалған.

"Аттракционның иесі ақшаны қайтарғысы да келмеді, кейіннен қайтарып берді. Әңгіме ақшада емес, оқиғада ғой. Егер балалардың бірі ауыр жарақат алса немесе Құдай сақтасын, қайтыс болып кетсе ше? Сонда нағыз қаза болар еді. Бұл аттракциондар неге тексерілмейді? Қосалқы генераторлар неге жоқ? Саябаққа батут неге қояды? Бұл демалыс орны емес пе, аттракционнан аяқ алып жүре алмайсыз. Балаға қауіпті екенін қалай түсіндіруге болады? Жақында ғана аттракционға байланысты оқиға болған еді", - дейді әйел.

Оқи отырыңыз: Оралда ата-аналар әткеншекке мінген балаларын күтіп тұрғанда күтпеген оқиға болды

Бұл арада қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов болған жайттан хабарсыз екенін, бірақ тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Кеше демалыс болды, мен кешке дейін жұмыста болдым, бірақ маған бұл жағдай туралы айтылмады. Электр қуаты кеше шынымен сөніп қалды, соған байланысты орын алған оқиға шығар. Бүгін біз қызметтік тексеріс жүргіземіз", - деп атап өтті Жасұлан Сәкенов.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында төтенше жағдай болды. "Калейдоскоп" каруселі кенеттен тоқтап, креслода отырған балалар бір-біріне соқтығысты. Сегіз бала жарақаттанды.

0
Кілт сөздер:
Орал, саябақ, батут
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті
Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды
Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті