Архивтегі сурет

Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз БАҚ

5768
Берешектің басым бөлігін тұрғын үй кредиттері құрайды, оның мөлшері бір жыл ішінде 600 миллиард теңгеге ұлғайған

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 7,1 триллион теңгеден (16,6 миллиард доллар) асты, деп хабарлайды QazEconomy Telegram-каналы Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы статистикасы бөлімінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

2020 жылы Қазақстанда ипотека бойынша берешек 600 миллиард теңгеге (1,4 миллиард доллар) өсті.

ЕЭК мамандарының есебінше, елде тұрғын үй несиелерінің көлемі бір жылда 1,8 триллионнан (4,2 миллиард доллар) 2,4 триллион теңгеге (5,6 миллиард доллар) дейін ұлғайған. Бұл ретте мерзімі өткен қарыз 20 процентке (60 миллиардтан 71,5 миллиард теңгеге дейін) артты.

Тағы оқыңыз: Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады

Сарапшылар статистиканы салыстыру үшін ЕАЭО-ға мүшеге барлық елдің кредиттік берешегін конвертациялады. Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша ең көп берешек Ресейде –  123,2 миллиард доллар екені анықталды. Екінші орында – Қазақстан, бұл елде тұрғын үй несиесінің көлемі 5,6 миллиард доллар. Беларусь 3,8 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.

5768
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, банктер, қарыз, кредит
Тақырып бойынша
Көлік салығы: қазақстандықтар мемлекетке 30 млрд теңге қарыз болып шықты
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Теңге, архивтегі фото

Зейнетақы мен жәрдемақы 10-12%-ке индексацияланды Мамин

392
(Жаңартылды 14:12 21.06.2021)
Сонымен қатар ол мұғалімдердің жалақысы 25%-ке, медицина қызметкерлерінің айлығы 50%-ке дейін өскенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин былтыр үкімет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан, біз халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені орындадық. Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10-12%-ке индексацияланды", - деді Мамин парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сонымен қатар ол мұғалімдердің жалақысы 25%-ке, медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ мәдениет және архив істері қызметкерлерінің айлығы 50%-ке, құқық қорғау және арнайы қызметтер қызметкерлерінің еңбекақысы 30-дан 70%-ке дейін өскенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Мамин халықтың табысы 5%-ке өсетінін айтты 

Бұған қоса премьер төтенше жағдай және карантин кезінде халықтың табысын қолдау мақсатында 42 500 теңге әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске салды. Бұл әлеуметтік төлемді 4,6 миллион адам алған.

Тұрмысы төмен 1,1 миллион азаматқа азық-түлік жиынтығы түрінде қолдау көрсетілді.

392
Кілт сөздер:
зейнетақы, жәрдемақы
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді
Теңге, архивтегі фото

 Депутат үкіметке: Ұлттық қорды ойламау елдің болашағын ойламаумен бірдей

51
Салық және кедендік жұмысты жақсартудан алынуға тиіс 1,5 триллион теңге қосымша қаржы түспеген, деді Жамалов

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаттары үкіметке Ұлттық қордан ақша алуды доғару қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Аманжан Жамаловтың айтуынша, республикада салық жинау деңгейі әлі де төмен. 2020 жылы бюджеттің салықтық түсімдері 17,4%-ке төмендеген. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджетке жалпы берешек 378 миллиард теңгені құрады.

"Осы проблемалардың барлығы "Салықтық әкімшілендіру жүйесін реформалау" бағдарламасы аясында шешілуге тиіс еді. Осы бағдарламаны іске асыруға 11 жыл ішінде миллиардтаған теңге жұмсалды. Сонда нәтиже қандай? Мемлекеттік кіріс комитетінің 16 ақпараттық жүйесінің 12-сі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келмейді, оның ішінде 9-ы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген", - деді мәжілісмен парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Айтуынша, салдарынан салық және кедендік жұмысты жақсартудан тек 2020 жылдың өзінде ғана түсуге тиіс 1,5 триллион теңге қосымша түсім түспеген. Нақты сома 221 миллиард теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Тиімсіз қарыз тартқан шенеуніктердің жеке жауапкершілігін қатаңдату ұсынылды 

Депутат салықтық әкімшілендірудің әлсіз болуы бюджетке Ұлттық қордан қосымша қаржы тартуға әкеп соққанын атап өтті.  2020 жылы республикалық бюджет кірістерінің 45%-і Ұлттық қордан тартылған трансферттер құраған. Оның жалпы сомасы – 4,8 триллион теңге.

"Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш. Үкіметке болашақта ұлттық қорсыз кіріс кірмей қалуы мүмкін екенін түсінетін уақыт келді. Сондықтан бүгін Ұлттық қор туралы ойламау ол елдің болашағы туралы ойламаумен бірдей", - деді Жамалов.

51
Кілт сөздер:
депутаттар, ұлттық қор
Той, иллюстративті фото

Полицейлер 250 адам қатысқан тойды тоқтатты видео

0
Ресми мәліметке сәйкес, Шымкентте 20 маусым күні кешкі уақытта үйлену тойы ұйымдастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Шымкент қаласында карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды. Полицейлер 250 адам қатысқан үйлену тойын қалай тоқтатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жексенбі, 20 маусым күні кешкі уақытта “HAYAT” мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған. Той иесі карантиндік шектеулерге қарамастан, қонаққа 250 адамды шақырған. Ал, мейрамхана қызметкерлері мен даяршылары бетпердесіз қызмет көрсетіп жүрген.

Полицейлер тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алды. Барлық материал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Санитарлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша тиісті шара қолданады.

Оқи отырыңыз: Оралда тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынып қалған - видео

Айта кетейік, заң бойынша жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге), ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандарға 230-310 айлық есептік көрсеткіш (670 910 – 904 270 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

0
Кілт сөздер:
Шымкент, той, полицейлер
Тақырып бойынша
Жасырын тойларды анықтайды: Цой айтып жүрген пилоттық жоба неге әлі басталған жоқ
"Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр
Келін деп алғаны қызы екен: күйеу жігіттің анасы таңғажайып сәтке тап болды
Таразда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды – видео
Алматыда ер адам той үстінде атыс ашты – видео