Монеталар

Қазақстан экономикасы қалпына келіп жатыр министр

42
Ерғалиевтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі саласында серпінді және тұрақты өсім байқалып, негізгі капиталға инвестициялар артқан

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 "2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы наурыздан бері алғаш рет 0,7%-ті құрады. Қазақстан экономикасы өсімнің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда", – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Айтуынша, өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсім байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялар айтарлықтай өсіп жатыр.

"Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымында сапалы өзгерістер байқалуда", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Ұлттық экономика министрі келешегі бар салаларды атады

Бұған дейін Қазақстан ЖІӨ 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,6%-ке төмендегені хабарланды.

42
Кілт сөздер:
инвестиция, экономика
Тақырып бойынша
"Соңғы 100 жылда болмаған": Экономика министрлігі жағдай қалай өзгеретінін болжады
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы экономика көлемінен асып түсті
Әлемдік экономика не болмақ - сарапшылар болжамы
Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады
Ауыл әкімдерін сайлауға 17 миллиард теңге қажет - экономика министрлігі
Тоқаев ұлттық экономика министріне бірқатар тапсырма берді
азық-түлік

"Бос сөзді қою керек": депутат қымбатшылықтың негізгі себебін атады

849
Соңғы бір жылдың ішінде жұмыртқа 33,7, күнбағыс майы 48, қант 26,3, ал қарақұмық 29,4 процентке қымбаттап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым - Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов азық-түлік саласындағы қымбатшылықтың негізгі себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық банк пен үкімет инфляцияның деңгейі небәрі 7,2 процентті құрап отыр деп баяндайды. Алайда дүкендерде мүлдем басқаша жағдай болып тұр. Азық-түліктің кейбір түрлері екі есеге қымбаттап кеткен", - деді Жамалов мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, инфляциямен күресу үшін алдымен монополия мен картельдерді жою қажет. Онсыз қымбатшылықты тоқтату мүмкін емес.

"Жақында Ресейдің премьер-министрі кейбір өнім өндірушілер мен сауда желілерінің ашкөздігі қымбатшылықтың негізгі себебі деп айтты. Қазақстанда тура сондай жағдай болып тұр", - деп атап көрсетті Жамалов.

Депутат бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын да сынға алды. Ал министрлер жағдайды түсіндірумен ғана шектеледі. Халық нақты шараларды көріп отырған жоқ.

"Жақында ғана бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны негізсіз көтеруге қарсы жаңа тәжірибе жайында баяндаған болатын. Оны "жұмсақ құқық" практикасы деп атайды екен. Алайда, шын мәнінде, кезекті бос сөзге көбірек ұқсайды", - дейді Жамалов. 

Осы орайда депутат ресми статистиканы да келтірді. Соңғы төрт айдың ішінде монополияға қарсы орган жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, қарақұмық, сүт өнімдері, макарон сияқты тауар өндіретін және жеткізетін компанияларға 48 рет ескерту жасаған. Себебі бағаны өзара келісіп көтерудің белгілері болған. Алайда соңғы 12 айдың ішінде жұмыртқа 33,7 процентке, күнбағыс майы – 48 процентке, қант - 26,3 процентке, ал қарақұмық 29,4 процентке қымбаттап кеткен.

"Агенттік дәл осы тауарлар бойынша ескерту жасаған. Сонда нәтижесі қайда? Бізге ондай "жұмсақ құқықтың" қажеті қанша? Меніңше, қымбатшылық кезінде көзбояушылықпен емес, тиімді жұмыспен айналысу керек", - дейді депутат.

Жамалов үкіметке депутаттық сауал жолдап, азық-түлік бағасын ұстап тұруды тиімді тетіктерін енгізуді талап етті.

849
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева үкіметке екі бірдей депутаттық сауал жолдады

4225
(Жаңартылды 12:08 16.06.2021)
Мәжіліс депутаты балабақша мамандарының жалақысы мен шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру мәселесін көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым - Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында Дариға Назарбаева премьер-министрдің атына екі бірдей депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаеваның алғашқы сауалы жеке меншік балабақша мамандарының жалақысына қатысты. Бұған дейін депутаттар мектепке дейінгі жеке меншік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыспен қаржы бөлу мәселесін көтерген болатын. Сол кезде үкімет жеке меншік балабақшаларды қолдау мақсатында салық төлеуден босату, жалақыға үстемақы төлеу сияқты тиімді шаралардың қолға алынған мәлімдеген. Биыл кейбір облыстар республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді сұраған.

"Алайда республикалық бюджеттен тиісті нысаналы трансферттер бөлінген жоқ. Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Неліктен бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді? Биыл Түркістан және Алматы облыстарына қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма?", - деді Назарбаева.

Бұдан бөлек, депутат шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, кез келген мемлекет инвестицияларды барынша көп тартуға мүдделі. Алайда жауапсыз инвесторлар осы жағдайды пайдаланып, еншілес компаниялардан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жоғары бағамен сатып алу арқылы инвестициялау көлемін жасанды түрде көп етіп көрсете салады.

Осы орайда Дариға Назарбаева Статидің ісін мысал ретінде келтірді. 2017 жылдың 6 маусымындағы ағылшын сотының шешіміне сәйкес, Анатолий Стати жалған ағылшын Perkwood компаниясын пайдалана отырып, алаяқтық жолмен Қазақстан Республикасында газ өңдеу зауытын салу үшін жеткізілген жабдықтың құнын 100 миллион АҚШ долларынан астам сомаға  асырып жіберген. Жалған басқару қызметтерін көрсетіп, 44 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы төлеу және жоқ жабдықтар үшін 72 миллион АҚШ доллары көлеміндегі төлемдер сияқты басқа да алаяқтық әрекеттерге барған. 

Оқи отырыңыз: Әлия Назарбаева басшылық қызметке келді

"Осылайша, төрелікке жүгінген кезде жауапсыз инвесторлар жұмыс бағдарламаларында жазылған өздерінің жалған инвестициялары үшін сотқа жүгінеді. Төрелік инвестордың пайдасына шешім шығарған жағдайда, жасанды көтеріңкі сомалар елге борыштық ауыртпалық түсіреді, мемлекет активтері үшін өзге де  теріс тәуекелдер жасайды", - деп атап көрсетті Назарабаева.

 Депутат инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру кезінде шығындарды жасанды арттыруға жол бермеу мақсатында инвестициялық міндеттемелерді орындаудың нақты және ашық тетігін белгілеп, оны бақылауда ұстау қажет деп санайды.

4225
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева
Эмблема НАТО

Брюссель саммиті: НАТО-ның қорытынды коммюникесінде қандай мәселе қозғалды

0
Солтүстікатлантикалық альянстың маусымдағы саммиті аясында НАТО-ның қорытынды коммюникесінде әлемнің басты қаупі ретінде Ресей көрсетілген

Екінші орында Солтүстік Корея мен Иран, үшінші позицияда Беларусь Республикасы атап көрсетілсе, төртінші орынға Қытай жайғасты. Алайда НАТО-ға әлемнің тең құқылы, тәуелсіз елдерін іріктеп-сұрыптауға ешкім арнайы өкілеттік бөлген жоқ. Әрі десе альянс ғаламшар тұрғындарының небәрі 10 процентін ғана қамтып отырған ұйым екенін ұмытпау керек.

14 маусымдағы Брюссель саммитінің коммюникесінде "Ресейден төнген қауіп" мәселесіне оннан астам (9 – 15, 25, 46, 50, 54) тармақ арналған. Салыстыру үшін айтсақ, Корея мен Иран жайы жалғыз тармақта (51 және 52) аталса, "қытай қаупі" тек екі (55-56) тармақта көрсетілген.

Иран, Ауғанстан, Ливия, Югославия, Сирия аумағындағы соғыс әрекеттеріне қатысы бар альянстың "Ресейдің агрессивтік әрекеті еуроатлантикалық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр" деген сыңайлы мәлімдеме жасауы жараспайтын қылық. Бірақ коммюникеде блок 25 жыл бойы Ресеймен әріптестік орнатып, өзінің халықаралық міндеттерін атқарып келе жатқанына қарамастан, "Ресей құндылықты, ұстанымды, сенім мен міндеттемелерді аяқ асты етіп келе жатқаны" жазылған.

Сонымен қатар аталған құжатта Мәскеу "өзі басып алған аумақтарды", яғни Украинаға Қырымды, Грузияға Абхазия мен Оңтүстік Осетияны, Молдоваға Приднестровьені қайтаруы керек деген пікір көрсетілген. Олай болмаған жағдайда Брюссельдің "қауіпсіздік саласындағы жағдай ушығатындай әрекеттерге көшетіні" айтылған.

Солтүстікатлантикалық альянс Ресейдің әскери қуаты артып жатқанына алаңдаушылық танытып отыр. Алайда альянс шекарасына Ресей бірінші болып жақындамағанын, НАТО ресейлік шекараға дейін әскерін орналастыруды кеңейткенін де ескерген жөн. НАТО – гуманитарлық ұйым емес, қауқарлы әрі қарулы альянс болғандықтан, Мәскеу мен Минсктің өз аумағын қорғау мақсатында сәйкес әрекетке көшуі заңды.

Жалпы НАТО-ның Ресейге қатысты айыптаулары әлі таусылар емес. "Ресей қарапайым қарулы күштердің тұрақтылықтан айыратын оқу-жаттығуларына көп мән беріп, ядролық қару саласында агрессивті әрекеттерін тоқтатпай отыр" деген мәлімдеме осыған дәлел. Бірақ әлемнің барлық елі өз аумағында әскери маневрге негізделген оқу-жаттығулар өткізсе, НАТО керісінше басқа елдердің аумағында осы шараларды қамтып келеді.

Ресей ядролық қару қолдану арқылы әлемнің ешбір еліне қысым көрсеткен емес немесе әскерді мұхиттың арғы бетіне жеткізу әдісімен Мексиканың солтүстігінде, Канаданың оңтүстігінде әскери маневр ұйымдастырып жатқан жоқ. Ресейлік оқу-жаттығулар тым ауқымды ма? Ендеше РФ территориясы әлем бойынша ең үлкен аумақты алып жатқаны белгілі. Сондықтан қорғануды қамтамасыз ету үшін сәйкес көлемде қару-жарақ пен техника қажет болатыны айқын.

НАТО коммюникесінде былай деп жазылған: "Украинадағы қақтығыс қазіргі жағдайда күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселе болып отыр". Мәскеуге қатысты айыптаулар қоса ұсынылған. Алайда Ресей Украинадағы азаматтық соғыста өзін дауласушы тарап ретінде санамайды. 

Коммюникеде көңіл аударуға тұрарлық тағы бір тармақ бар: "НАТО-ға мүше мемлекеттер Беларусьте 2020 жылдың тамызында басталған оқиғалардың барысына қатты алаңдаушылық танытып отыр. Беларусьтің саясаты мен іс-әрекеті өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіріп отыр". Аймақтағы тұрақтылықты шайқалтатын қандай іс-әрекет жайлы сөз болып отыр? Альянс одан гөрі Франциядағы "сары жилеттердің" қарсылық акцияларына, АҚШ-тағы Капитолийге басып кіргендер жайына алаңдағаны жөн болар еді. Жалпы қаіргі уақытта еш себепсіз жұдырық сілтеуден, асыра айтылған айыптаулардан гөрі тең құқылы тараптар келіссөздер жүргізіп, ымыраға келуі әлем үшін әлдеқайда пайдалы болар еді.

0