Экономика

Министр қазақстандықтарға: болашаққа оптимистік көзқараспен қарау керек

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Бүгін үкіметтің ел экономикасына жауапты мүшелері сенаттың кезекті отырысына жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ел экономикасы жақсарып келе жатқанын айтып, отандастарына болашаққа оптимистік көзқараспен қарауға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейсенбі, 20 мамыр үкіметтің ел экономикасына жауапты мүшелері сенаттың кезекті отырысына жиналды.

Шенеуніктерді парламент есігінің алдында Sputnik Қазақстан тілшілері қарсы алды. Олар қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа азық-түліктің қымбаттауына, инфляцияның өсіп жатқанына наразы қазақстандықтардың мұңын жеткізді.

"Үкімет тарапынан барлық шара қабылданып жатыр. Біз күн сайын ол туралы айтып та жүрміз. Бұған жауап беретін бейінді министрліктер бар.  Бірақ қаржы министрлігі тарапынан айтарым: қазір экономика керісінше жақсарып келеді. Сәуір айының қорытындысы бойынша республикалық бюджет бойынша да, жергілікті бюджет бойынша да кірістер өсім көрсетіп отыр. Сол себепті болашаққа оптимистік көзбен қарау керек", - деді ведомство басшысы.

Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляцияны бақылау біздің міндетімізге жатпайды деп құтылды.

"Біз инфляция деңгейін бақыламаймыз, бағаның тұрақтылығына жауап береміз. Ал инфляцияға үкіметпен бірлесіп жауап береміз", - деп қысқа қайырған ол  асығыс ішке кіріп кетті.

Оқи отырыңыз: Экономикалық белсенділік төмендеп кетті – Тоқаев

Бұған дейін сәуірде жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталғаны хабарланған болатын.

Жақында ұлттық банк төрағасының есебін тыңдаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тұрақтандыруды тапсырды.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, өткен айда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасы 1%-ке, ал ақылы қызметтер 0,5%-ке өскен.

Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы шамамен 10 процентке, азық-түлік емес тауарлар 6,4%-ке, ақылы қызметтер 7%-ке көтерілген.

Жаңалықтар
0