Экономика

Дариға Назарбаева үкіметке екі бірдей депутаттық сауал жолдады

© Photo : Фонд Нурсултана НазарбаеваДарига Назарбаева
Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Мәжіліс депутаты балабақша мамандарының жалақысы мен шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру мәселесін көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым - Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында Дариға Назарбаева премьер-министрдің атына екі бірдей депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаеваның алғашқы сауалы жеке меншік балабақша мамандарының жалақысына қатысты. Бұған дейін депутаттар мектепке дейінгі жеке меншік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыспен қаржы бөлу мәселесін көтерген болатын. Сол кезде үкімет жеке меншік балабақшаларды қолдау мақсатында салық төлеуден босату, жалақыға үстемақы төлеу сияқты тиімді шаралардың қолға алынған мәлімдеген. Биыл кейбір облыстар республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді сұраған.

"Алайда республикалық бюджеттен тиісті нысаналы трансферттер бөлінген жоқ. Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Неліктен бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді? Биыл Түркістан және Алматы облыстарына қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма?", - деді Назарбаева.

Бұдан бөлек, депутат шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, кез келген мемлекет инвестицияларды барынша көп тартуға мүдделі. Алайда жауапсыз инвесторлар осы жағдайды пайдаланып, еншілес компаниялардан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жоғары бағамен сатып алу арқылы инвестициялау көлемін жасанды түрде көп етіп көрсете салады.

Осы орайда Дариға Назарбаева Статидің ісін мысал ретінде келтірді. 2017 жылдың 6 маусымындағы ағылшын сотының шешіміне сәйкес, Анатолий Стати жалған ағылшын Perkwood компаниясын пайдалана отырып, алаяқтық жолмен Қазақстан Республикасында газ өңдеу зауытын салу үшін жеткізілген жабдықтың құнын 100 миллион АҚШ долларынан астам сомаға  асырып жіберген. Жалған басқару қызметтерін көрсетіп, 44 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы төлеу және жоқ жабдықтар үшін 72 миллион АҚШ доллары көлеміндегі төлемдер сияқты басқа да алаяқтық әрекеттерге барған. 

Оқи отырыңыз: Әлия Назарбаева басшылық қызметке келді

"Осылайша, төрелікке жүгінген кезде жауапсыз инвесторлар жұмыс бағдарламаларында жазылған өздерінің жалған инвестициялары үшін сотқа жүгінеді. Төрелік инвестордың пайдасына шешім шығарған жағдайда, жасанды көтеріңкі сомалар елге борыштық ауыртпалық түсіреді, мемлекет активтері үшін өзге де  теріс тәуекелдер жасайды", - деп атап көрсетті Назарабаева.

 Депутат инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру кезінде шығындарды жасанды арттыруға жол бермеу мақсатында инвестициялық міндеттемелерді орындаудың нақты және ашық тетігін белгілеп, оны бақылауда ұстау қажет деп санайды.

Жаңалықтар
0