Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, архивтегі фото

Путин: I жартыжылдықта Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 20%-ке өсті

69
(Жаңартылды 22:56 30.06.2021)
Бұл екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жақсы көрсеткіші, деп атап өтті Ресей басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың динамикасы болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның мәліметінше, бірінші жартыжылдықта екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 20%-ке өскен.

"Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының динамикасы бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Пандемия тауар айналымын 4-5%-ке қысқартқанына қарамастан, бірінші жартыжылдықта өсім 20%-ке жуықтады, дәлірек айтқанда 18 проценттен асқан", - деді Путин Кремльдегі кездесу кезінде.

Путиннің айтуынша, бұл көрсеткіш екі елдің осы бағытта ғана емес, басқа салаларда да жақсы дами түсетінін айқындайды.

Кремльде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр.

Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.  

69
Қасым-Жомарт Тоқаев KazRost Engineering Ltd. компаниясына барды

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады Тоқаев

13
(Жаңартылды 14:44 27.07.2021)
Қазақстан өзін ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік "Ростсельмаш" компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын "KazRost Engineering Ltd." кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді президент.

13
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Архивтегі фото

Зерттеушілер 32 елдің ішінде ең арзан бензин Қазақстанда екенін анықтады

59
(Жаңартылды 11:09 26.07.2021)
Қазақстан Еуропаның отыздан астам елінің ішінде арзан бензин бойынша бірінші орынды иеленді. Алайда жергілікті жалақы деңгейіне байланысты ол шикізат барлық қазақстандыққа бірдей қолжетімді болмай тұр

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Қазақстан Еуропаның 32 елінің арасында ең арзан АИ-95 бензині бойынша бірінші орынға шықты, деп жазды РИА Рейтинг сарапшылар зерттеуінің нәтижесіне сүйене отырып.

Зерттеушілер осы жылдың ортасында аталған 32 елде АИ-95 бензині мен дизель отынының бағасын салыстырған. Қазақстанда бензиннің бір литрі 197 теңге шамасында, ал бір литр дизель отыны үшін баға 193 теңге көлемінде болғаны анықталды. Бұл рейтингте Ресей екінші орынды (бір литрі 283 теңге), ал Беларусь үшінші орынды (бір литрі 334 теңге) иеленді.

Ал ең қымбат бензинді Нидерланды (бір литрі 934 теңге), Дания (865 теңге) және Португалия (852 теңге) тұрғындары сатып алатыны белгілі болды.

Сонымен қатар зерттеушілер бензиннің халық үшін қолжетімділігін де анықтады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 17-ші орынға жайғасып, рейтингтің бел ортасынан біршама төмен түсті. Республика тұрғындары орташа айлық жалақыға шамамен 958 литр АИ-95 бензинін сатып ала алады екен. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша орташа жалақыға 1002 литр бензин сатып алуға болатын Ресей мен 913 литр бензин сатып алу мүмкіндігі бар Словенияның ортасында орналасты.

Ең қолжетімді бензин Люксембургте (2,5 мың литр), (Норвегияда (2,3 мың литр) және Австрияда (2,1 мың литр) екені анықталды. Ал Украина бензиннің халыққа қолжетімділігі ең төмен ел ретінде танылды. Бұл елдің азаматтары небәрі 380 литр жанармай сатып ала алады.

59
Автомат, архивтегі фото

Биыл Ауғанстандағы қақтығыстан 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын жараланды БҰҰ

0
Ауғанстан Ислам Республикасындағы ірі әскери-саяси қақтығыс салдарынан халық пен мемлекет зардап шегіп отыр

АҚШ-тың әскери-әуе күштері ауған қалаларын бомбалап, тәлібтер шабуылды үдетіп жатыр. Екі тараптың әрекетінен де зардап шегіп отырған бейбіт халық. Ауған босқындары Орталық Азияға қарай ығысып жатыр. Тәжікстан 100 мың адамды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Ауқымды маневрлер сериясын жүргізу үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Ресей әскері Ауғанстан шекарасына қарай жақындады.

Дүйсенбіде Ауған армиясының әскери-әуе күштері Тәжікстан шекарасынан 46 километр қашықтықта орналасқан Талукан қаласының аумағындағы тәлібтерге соққы жасап, нәтижесінде 20-дан астам содырдың көзін жойды. Зардап шеккен бейбіт тұрғындар жайлы ақпарат жоқ. Алайда мұндай шабуылда қарапайым халықтың да құрбан болуы ықтимал.

БҰҰ (UNAMA) миссиясының мәліметінше, 2021 жылдың бірінші жартысында Ауғанстанда бейбіт халық арасындағы құрбандардың саны 5 183 адамға (1 659 мерт болған және 3 254 жараланған) жеткен. Бұл 2020 жылдың маусымындағы көрсеткіштен 47%-ке жоғары. Соның ішінде көз жұмғандар мен жараланғандардың 46%-і әйелдер мен балалар болса, құрбандардың 25%-і – үкімет күштерінің өкілдері.

АҚШ Әскери-әуе күштері Ауған армиясына қолдау ретінде авиасоққылар санын арттырды. Америкалық генерал Кеннет Маккензи алдағы аптада да әуеден жасалатын соққы еселене түсетінін мәлімдеді. Біраз бұрын Пентагон 21 және 22 шілдеде америкалықтар Ауғанстанда 4 әуе соққысын жасағанын хабарлады.

Ал тәлібтер АҚШ Әскери-әуе күштерінің бұл шабуылына қатысты наразылық танытып, Кандагар мен Гильмендтегі бомбалау салдарынан содырлар ғана емес, бейбіт тұрғындар да қаза тапқанын мәлімдеді. "Талибан"* "өз аумағын мейлінше қорғап", соғыс жалғасқан жағдайда шабуылдау операциясын қарқындатуды жоспарлап отыр.

Соғыстың аяқталатын түрі жоқ. Нангархар, Пактика, Логар, Газни, Кандагар, Герат, Балх, Джаузджан, Саманган, Сари-Пуль, Гильменд, Бадахшан, Кундуз бен Баглан провинцияларында соғыс қимылдары белсенді жүріп жатыр. Ауғанстан үкіметі содырлардың түнгі жорығына кедергі болу мақсатында 34 провинцияның 31-інде комендант сағатын жариялады.

Алайда Пәкістанның әскери қызметкерлері тәлібтердің бақылауында тұрған Ауғанстанның шекараға жақын аудандарында еркін қозғалып жүр. Нангархар шығыс провинциясының губернаторы Зия-уль-Хак Амархейль мерт болған содырлардың қатарында Пәкістаннан шыққан 39 азамат бар кенін айтты.

Тәлібтер өз бақылауындағы аумақты кеңейтіп жатыр. Жергілікті халыққа қысым көрсетіп, басып алған аудандардағы әйелдер мен балаларды күң мен құл деп санап отыр. Бейбіт тұрғындар енгізілген жаңа қатаң ережелер, күштеп некеге тұру, кәмелетке толмағандарды жихадшыға айналдыру фактілеріне қатысты алаңдаушылық танытуда.

Содырлар АҚШ-пен ынтымақтастық орнатқан "сатқындарды" іздеп тауып, олардың көзін жойып жатыр. Біраз бұрын Хост провинциясында тәлібтер 32 жастағы аудармашы Сухайля Пардистің басын шапты. Сондықтан 20 мың ауған аудармашысының иммиграцилық визаға өтініш жолдауы кездейсоқ емес.

22 шілдеде The Wall Street Journal газеті АҚШ 35 мың ауған аудармашысы мен олардың отбасыларын Катар мен Кувейттегі америкалық базаға орналастыруға дайын екенін жазды.

Ауған президенті Ашраф Гани тәлібтер "Әл-Каида", пәкістандық "Джаиш-е-Мұхаммед", "Лашкар-е-Тайба"* топтарымен тығыз байланыс орнатып, елді террористердің тұрағына айналдыруды көздеп отырғанын айтты. Расында да Ауғанстанда отызға жуық террористік топ бар. Ал "Әл-Каида"* 15 ауған провинциясында өз содырларын орналастырған. Бұл топтардың өзара қақтығысы мен үкімет күштеріне қарсы соғысы ауған жеріндегі соғыстың жақын болашақта аяқталмайтынын аңғартады. Себебі Ауғанстандағы халықаралық терроризм жайдан-жай жойыла қоймайды.

Осы жағдайдың барлығын есепке алсақ, ауған босқындарының саны арту қаупі жоғары болып отыр. Еске салсақ, 1996-2001 жылдары тәлібтердің бақылауынан тыс Панджшер провинциясында 500 мыңға жуық босқын бас сауғалады. Олар ас-судан тарылып, ашығып жатты. Егер "ислам эмираты" ығыстырған жүз мыңдаған ауған Орталық Азияға қарай ығысса, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстандағы гуманитарлық дағдарыс шынайы қауіпке айналады.

Тәжікстан төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары Эмомали Иброхимзода республика 100 мыңнан астам ауған босқынын қабылдауға және Тәжікстан қорғаныс министрлігінің полигондарына орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ бұл нақты сан емес. Себебі 2021 жылдың соңына қарай ол көрсеткіш он есе көп болуы мүмкін. Ал бұл Орталық Азияның барлық еліне әсер етеді.

Тәлібтер іргелес жатқан елдердің шекарасын бұзбауға уәде етті, бірақ Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдай өз бағытында өршіп, бәрібір Орталық Азия аумағына қарай ығысып жатыр. Сондықтан Ресей мен оның одақтастары бірқатар әскери шара қабылдап жатыр.

Ресей Қарулы күштерінің арнайы құралымдары тамыз және қыркүйекте Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан әскерімен бірлескен тоғыз маневр өткізеді. Ол ауқымы жағынан Ресейдің бірнеше дивизиялсы мен бригадасын 2021 жылы сәуірде Украина шекарасына орналастырумен тең болады. Бұл он мыңдаған әскери қызметші мен жүздеген әскери техниканы қамтиды.

2 шілдеде Ресей мен Тәжікстанның қорғаныс министрлері Сергей Шойгу мен Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасындағы жағдай мен бірлескен іс-шаралар жайын талқылады. 23 шілдеден бері Ташкент 230 мың әскери қызметшіні жұмылдыру арқылы оңтүстік бағытта оқу-жаттығулар өткізіп жатыр.

30 шілде - 10 тамыз аралығында Ресей мен Өзбекстанның бірлескен әскері өзбек жеріндегі Сурхандария облысында Ауғанстанмен шекаралас аумақта маневр жүргізеді. Тәжікстан Республикасының Хатлон облысындағы Харб-Майдон полигонында 5-10 тамыз аралығында Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан әскерінің террористерге қарсы операциялардың элементтерін пысықтайтын бірлескен маневрлер өтеді. Осы секілді Оралық Азия елдерінің аумағына "Талибан"*, "Әл-Каида"*, ИМ* секілді террористік топ содырларының кіруіне төтеп беру операциясы жүргізіледі.

* – Қазақстан Республикасында жәнеи бірқатар мемлекетте тыйым салынған террористік ұйым

0