Қасым-Жомарт Тоқаев

"Бұл қуантарлық жайт": Тоқаев ел экономикасы 2,2 процентке өскенін мәлімдеді

3524
(Жаңартылды 11:15 10.07.2021)
Президент үкіметтің ендігі мақсаты екінші жартыжылдықта экономиканың өсу қарқынын үдету екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Шара онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Індет пен шектеу шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 процентке өсті. Бұл – қуантарлық жайт. Былтыр пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 процентке төмендеді. Біз оны тезірек қалпына келтіруіміз керек", - деді Тоқаев отырыстың басында.

Президенттің айтуынша, бүгінде әлемдік экономика біртіндеп қалпына келіп жатыр. Шектеу шаралары да бұрынғыдай емес. Бұның барлығы іскерлік байланыстарды күшейте түсті.

"Біздің мақсатымыз – екінші жартыжылдықта экономиканың өсу қарқынын үдету", - деп атап өтті Тоқаев.

Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келіп жатыр – Мамин

Отырыс тәртібі бойынша алдымен үкімет басшысы Асқар Мамин елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндама жасайды. Одан кейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ақша-кредит саясаты жайында есеп береді. Ал вице-премьер Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдайды баяндайды. Сосын Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі сөйлейді.  

3524
Аблай Мырзахметов

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ кәсіпкерлер палатасы

125
(Жаңартылды 19:41 28.07.2021)
Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.

Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.

"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.

Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.

125
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
кофе

Кофе күрт қымбаттауы мүмкін

30
Кофенің қымбаттауына Бразилиядағы кофе дәндерінің түсіміне байланысты туындаған проблемалар себепші болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. ICE Futures Нью-Йорк биржасындағы саудада арабика кофесінің бір фунтының фьючерстер бағасы 2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет 2 доллардан асып кетті, деп хабарлады Trading Economics. Оған Бразилияда күннің суытуы себеп болып отыр.

Бұған дейін кофе өндірісінің көлемі құрғақшылық салдарынан төмендеген еді. Салдарынан кофе бағасы инвесторлардың қауіптенуіне байланысты жеткізулердің төмендеуіне байланысты қымбаттап кетті.

Оқи отырыңыз: Маман кофе ішкенде жеуге болмайтын тағамды атады

РИА Новости ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тамызда кофе бағасы 10-12 процентке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бірқатар тауар жеткізуші сауда желілерін ескертіп жатыр.

Сонымен қатар кейбір БАҚ Ресейде кофе 10 процент шегінде қымбаттауы мүмкін екенін жазды.

30
Архивтегі фото

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді ковид рекорды тағы жаңарды

11
Нұр-Сұлтанда 1 571, Алматыда 1450, Қарағанды ​​облысында 1011 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 479 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 925 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,
  • Алматы қаласы - 1450,
  • Шымкент қаласы - 445,
  • Ақмола облысы - 238,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 270,
  • Атырау облысы - 424,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,
  • Жамбыл облысы - 197,
  • Батыс Қазақстан облысы - 198,
  • Қарағанды облысы - 1011,
  • Қостанай облысы - 224,
  • Қызылорда облысы - 175,
  • Маңғыстау облысы - 220,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 145,
  • Түркістан облысы - 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 557 107.

 

11
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы