құрылыс

Индустрия министрлігі Қазақстанда баспана қашан арзандайтынын айтты

791
(Жаңартылды 16:44 12.07.2021)
Үкімет қыркүйекте тұрғын үй бағасы арзандайды деп болжап отыр. Мемлекеттік органдар қабылдайтын кешенді шаралар нәтижесінде шаршы метр құнын төмендету жоспарланған

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспана бағасына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазір елдің жылжымайтын мүлік нарығында бағаның тұрақтануы байқалады.

"Қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8%-ке, екінші нарықтағы баспана бағасы 7,2%-ке өсті. Маусымда екінші нарықтағы үй бағасы 1,2%-ке өссе, жаңа үйлер 0,9%-ке арзандады. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген үлкен сұранысқа орай туындаған дүрлікпе қазір тұрақталып жатыр. Маусым-шілдеде бағаның тұрақтануын көріп отырмыз. Жеке болжамыма сай қыркүйекте баға төмендейді", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Өскенбаев цемент, арматура, кірпіш, газ-бетон сияқты негізгі құрылыс материалдары бағасының күрт өсуі бұрын да тіркелгенін, алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тұрғын үй құны өсіп қана қоймай, кейде төмендегенін атап өтті.

Мысалы, Нұр-Сұлтанда 2016-2017 жылдары арматура бағасының 2 есе өскеніне (тоннасы 90 мыңнан 192 мыңға дейін өсті) қарамастан, жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер бар болғаны 4,8%-ке қымбаттаған, бұл инфляциялық дәлізге сәйкес келеді.

Дәл осындай жағдай кірпіш (39%) және цементке қатысты да (11%) болды. Кірпіш бағасы 31-ден 43 теңгеге дейін, цемент 14,5-тен 16,1 мың теңгеге дейін өсті.

Биыл негізгі құрылыс материалдарының құны өсті. Бағаның өсуі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалып отыр. Бұл пандемияға байланысты девальвация және логистика шығындарының шектелуіне байланысты туындаған жағдай.

Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, бұған "кейінге қалдырылған сұраныс" әсер етті. Яғни 2020 жылы салынуға тиіс нысандар бір жылға шегеріліп, соған байланысты биыл құрылыс көлемі ұлғайды.

Айта кетейік, Қазақстанда кейінгі екі жылда тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі артты. 2019 жылдың мамырында инвестиция мөлшері 432 миллиард теңге болса, 2021 жылдың дәл сол кезеңінде оның көлемі 732 миллиард теңгеге жетті.

791
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана
Аблай Мырзахметов

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ кәсіпкерлер палатасы

9
(Жаңартылды 19:41 28.07.2021)
Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.

Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.

"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.

Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.

9
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
кофе

Кофе күрт қымбаттауы мүмкін

25
Кофенің қымбаттауына Бразилиядағы кофе дәндерінің түсіміне байланысты туындаған проблемалар себепші болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. ICE Futures Нью-Йорк биржасындағы саудада арабика кофесінің бір фунтының фьючерстер бағасы 2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет 2 доллардан асып кетті, деп хабарлады Trading Economics. Оған Бразилияда күннің суытуы себеп болып отыр.

Бұған дейін кофе өндірісінің көлемі құрғақшылық салдарынан төмендеген еді. Салдарынан кофе бағасы инвесторлардың қауіптенуіне байланысты жеткізулердің төмендеуіне байланысты қымбаттап кетті.

Оқи отырыңыз: Маман кофе ішкенде жеуге болмайтын тағамды атады

РИА Новости ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тамызда кофе бағасы 10-12 процентке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бірқатар тауар жеткізуші сауда желілерін ескертіп жатыр.

Сонымен қатар кейбір БАҚ Ресейде кофе 10 процент шегінде қымбаттауы мүмкін екенін жазды.

25