Кредит карталары

Картамен төлем жасау орнына ақша аударуды талап ету қаншалықты заңды

2599
(Жаңартылды 17:01 13.07.2021)
Қазақстан заңнамасында сатып алушыға картамен төлеу мүмкіндігін ұсынуы тиіс кәсіпкерлік қызметтің 14 түрі бар

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сатушы қандай жағдайда тауар немесе қызмет ақысын төлем картасы арқылы алудан бас тартуы мүмкін екенін айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстан заңнамасында сатып алушыға картамен төлеу мүмкіндігін ұсынуы тиіс кәсіпкерлік қызметтің 14 түрі бар. Олар POS-терминалды қолдануға міндетті. Норманы бұзғаны үшін тиісті әкімшілік жауапкершілік бар. 

"Сатып алушы карта арқылы төлем жасағысы келсе, сатушы бас тартпауы керек. Ол өзге төлем жүйесін ұсынбауы тиіс. Әрине, техникалық ақау болуы мүмкін, бірақ жүйелі түрде олай болмауы қажет. Мұндай жағдайлар анықталған кезде дер кезінде әрекет етуге тырысамыз", - деді Сұлтанов брифингте.

Ол тұтынушылардың құқығын қорғау министрлік қызметі бағыттарының бірі екенін айтты.

Айта кетейік, тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті сауда министрлігінің құрамына кіреді.

2599
Кілт сөздер:
кәсіпкер, банк
Тақырып бойынша
Министрлік Kaspi банк оқиғасына қатысты түсініктеме берді
Kaspi bank бөлімшесіне кімдер қарақшылық шабуыл жасағаны белгілі болды – видео
Елордалық депутат Kaspi Gold иелерін 3% салық төлеуге міндеттеуді ұсынды
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Клиенттерді жүздеген миллион теңгеге алдаған Kaspi Bank қызметкері сотталды
Аблай Мырзахметов

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ кәсіпкерлер палатасы

111
(Жаңартылды 19:41 28.07.2021)
Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.

Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.

"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.

Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.

111
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
кофе

Кофе күрт қымбаттауы мүмкін

30
Кофенің қымбаттауына Бразилиядағы кофе дәндерінің түсіміне байланысты туындаған проблемалар себепші болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. ICE Futures Нью-Йорк биржасындағы саудада арабика кофесінің бір фунтының фьючерстер бағасы 2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет 2 доллардан асып кетті, деп хабарлады Trading Economics. Оған Бразилияда күннің суытуы себеп болып отыр.

Бұған дейін кофе өндірісінің көлемі құрғақшылық салдарынан төмендеген еді. Салдарынан кофе бағасы инвесторлардың қауіптенуіне байланысты жеткізулердің төмендеуіне байланысты қымбаттап кетті.

Оқи отырыңыз: Маман кофе ішкенде жеуге болмайтын тағамды атады

РИА Новости ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тамызда кофе бағасы 10-12 процентке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бірқатар тауар жеткізуші сауда желілерін ескертіп жатыр.

Сонымен қатар кейбір БАҚ Ресейде кофе 10 процент шегінде қымбаттауы мүмкін екенін жазды.

30
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

0
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

0