Архивтегі фото

Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

2005
Биыл атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. 2021 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 168,3 мың отбасындағы 816,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді.

"АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нен төмен азаматтарға тағайындалады", - деп хабарлады ведомство.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

2021 жылғы 1 шілдеде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 201,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі орташа зейнетақы мөлшерін жариялады 

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

2005
Кілт сөздер:
жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек
кофе

Кофе күрт қымбаттауы мүмкін

24
Кофенің қымбаттауына Бразилиядағы кофе дәндерінің түсіміне байланысты туындаған проблемалар себепші болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. ICE Futures Нью-Йорк биржасындағы саудада арабика кофесінің бір фунтының фьючерстер бағасы 2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет 2 доллардан асып кетті, деп хабарлады Trading Economics. Оған Бразилияда күннің суытуы себеп болып отыр.

Бұған дейін кофе өндірісінің көлемі құрғақшылық салдарынан төмендеген еді. Салдарынан кофе бағасы инвесторлардың қауіптенуіне байланысты жеткізулердің төмендеуіне байланысты қымбаттап кетті.

Оқи отырыңыз: Маман кофе ішкенде жеуге болмайтын тағамды атады

РИА Новости ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тамызда кофе бағасы 10-12 процентке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бірқатар тауар жеткізуші сауда желілерін ескертіп жатыр.

Сонымен қатар кейбір БАҚ Ресейде кофе 10 процент шегінде қымбаттауы мүмкін екенін жазды.

24
қызметекер шприцке вакцина толтыруда

AstraZeneca мен "Спутник Лайт" вакциналары бірлескен сынақтан өткізіледі

39
Гамалея орталығы, AstraZeneca, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "Р-Фарм" компаниясы 2020 жылдың 21 желтоқсанында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде - Sputnik. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы AstraZeneca және "Спутник Лайт" вакциналарына бірлескен зерттеу жүргізуді мақұлдады, деп жазды РИА Новости.

"COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының алдын алуға арналған "гетерологиялық прайм-буст" әдісі бойынша енгізілетін AZD1222 және rAd26-S препараттары комбинациясының қауіпсіздігі мен иммуногенділігін анықтауға арналған І/ІІ кезеңдерінің зерттеуі", - деп жазылған клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған рұқсат тізімінде.

Сынаққа 150 адам қатысады. Зерттеу 2022 жылдың 2 наурызында аяқталады деп күтілуде.

Гамалея орталығы, AstraZeneca, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "Р-Фарм" компаниясы 2020 жылдың 21 желтоқсанында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды. Ол құжатта "Спутник V" вакцинасы компоненттерінің бірі мен AstraZeneca компаниясы Оксфорд университетімен бірлесіп әзірлеген AZD1222 вакцинасы компоненттерінің бірін біріктіріп қолдану үшін клиникалық зерттеулер жүргізу аясында ынтымақтастық орнату қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Екпенің әсерін коронавирус симптомынан қалай ажыратуға болады

 

39
Кілт сөздер:
Ресей, вакцина
Тақырып бойынша
Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма – видео
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түс алынып тасталуы мүмкін

0
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

0