Аблай Мырзахметов

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ кәсіпкерлер палатасы

509
(Жаңартылды 19:41 28.07.2021)
Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.

Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.

"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.

Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.

509
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (879)
мүгедек

Жаңа жәрдемақыға қатысты заң президентке жолданды

40
(Жаңартылды 10:58 23.09.2021)
Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – еңбек жарақатынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалту

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенат азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы аясында мүгедек адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және басқа да санатқа кіретін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру қарастырылған.

Атап айтқанда, I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылып отыр. Оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,40, яғни, қазіргі көрсеткішпен 48 мың теңгені құрайды.

Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі - сенат заң жобасын қабылдады

Заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобын беру нормасы да бар. Бұдан бөлек, мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін көтеріледі. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды.

Ал мүгедек бала ата-анасынан айырылса, оған тағы бір жәрдемақы тағайындалады. Осы норма енгізілгеннен кейін 2 мыңнан аса бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыға қоса, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады.

Қазақстанда 2022 жылдан бастап қандай жәрдемақының мөлшері өседі

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Сонымен қатар, заң жобасында мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Ол зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – еңбек жарақатынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалту.

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.

 

 

40
Кілт сөздер:
жәрдемақы, президент, заң
Тақырып бойынша
Екінші өмір: Мүмкіндігі шектеулі жанның таңғажайып жетістігі – видео
Сапарбаев: Сайлауға кем дегенде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат қатысуы тиіс
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сенсорлық гитара жасалды – видео
"Әкесі итеріп жіберіп, кетіп қалды" Мүмкіндігі шектеулі 3 баланың анасы мұңын шақты
мұнай өндіру

"Еңбек даулары өршіп тұр": президент Маңғыстау халқын жұмыспен қамту мәселесін көтерді

76
(Жаңартылды 19:32 22.09.2021)
Тоқаев жергілікті жұрттың жұмыс таппай жүргенін, ал мердігерлердің басқа жақтан еңбек күшін тартатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына барған жұмыс сапарында аймақта жылдам шешуді қажет ететін бірқатар қордаланған мәселе бар екеніне назар аударды.

Атап айтқанда,  мемлекет басшысы облыста еңбек даулары өршіп тұрғанын ерекше атап өтті.  

"Жыл басынан бері өңірде осындай 150 дау туындады. Бәрі заң аясында шешілуге тиіс. Жаңаөзенде тұрақты жұмыс істейтін Ведомствоаралық штаб құру қажет. Оған мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" белсене қатысуы керек. Бұл штаб шұғыл шешім қабылдауға және халықпен тығыз қатынас орнатуы қажет", – деді президент. 

Мемлекет басшысы облыста жұмыссыздық мәселесінің ушығып тұрғанына мән беріп, жергілікті жұрттың жұмыс таппай жүргенін, ал мердігерлердің басқа жақтан еңбек күшін тартатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдік пен "Самұрық-Қазына" қорына, ең алдымен, өңірдің жергілікті тұрғындарын жұмыспен қамтуға баса мән беруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

76
Кілт сөздер:
Маңғыстау, жұмыссыздық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Маңғыстау облысында малдың қырылуына қатысты пікір білдірді
Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға барды
Тоқаев Еуропа даму банкінің басшысымен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Тоқаев Қалжыр өзенін ластағандарды жазалауды тапсырды
жолдағы шұңқырлар

Министрлік ресейлік актердің "Атырау-Астрахань" жолына қатысты сынына жауап берді

0
(Жаңартылды 12:18 23.09.2021)
Орталық Азия елдерінен келетін транзиттік көліктің артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік актер, шоумен Станислав Ярушиннің "Астрахань-Атырау" жолы туралы "мұндай нашар жолды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын" деген сөзінен кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдың сапасына қатысты түсініктеме берді. 

"Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол. Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 жылдары "Атырау-Астрахань" жолының барлық шақырымына жобалау-сметалық құжат әзірленді.

2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

"Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталды. Биыл ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр", - деді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: 

 

0
Кілт сөздер:
жол, Атырау, сын
Тақырып бойынша
1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады
Ақылы жолдар мәселесі: көлік жүргізушілерінің наразылығы немен аяқталды
Нұр-Сұлтаннан Балқашқа дейінгі жаңа жол қашан ашылады