Экономика

Жарты жылда қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 145 млрд теңгеге азайды

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,9 миллионға жетті

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанда 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинағы 12 767,8 миллиард теңгені құрады. Биыл қаңтар-маусымда жинақ 145,6 миллиард теңгеге  немесе 1,1%-ке азайды.

Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-маусымында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен "таза" кіріс 2021 жылдың 1 шілдесінде 6 304,6 миллиард теңгеге дейін өсті. 751 миллиард теңгеге ұлғайып отыр.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,9 миллионға жетті.

2021 жылдың қаңтар-маусымында зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,7 триллион теңге болды.

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінде негізгі үлес Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 39,6% және 25,9%) тиесілі.

Жаңалықтар
0