Экономика

Құрғақшылық салдарын жою үшін не істеліп жатыр

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПремьер-министр Асқар Мамин
Премьер-министр Асқар Мамин - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жеп-шөп сатып алу үшін үкімет резервінен арнайы қаржы бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі ойдағылай шешіліп келеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биылғы жаз ерекше құрғақ болды. Құрғақшылықтың салдарын жою үшін жедел шаралар қабылданды. Зардап шеккен өңірлерді жеп-шөппен қамтамасыз ету үшін жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істеп жатыр", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша үкімет резервінен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жеп-шөп сатып алу үшін 3,6 миллиард теңге бөлінді.

"Бұдан бөлек, жем-шөп дайындауға қосымша 43,1 мың тонна арзан дизель отыны бөлінді. Солтүстік өңірлерден жем-шөп жеткізілді. Батыс Қазақстанда осы мәселені шешуге волонтерлер атсалысуда", - деп атап өтті Мамин.

Осы орайда премьер 23 тамыздан бастап кейбір жем түрлерін елден шығаруға тыйым салынатынын еске салды. Ал 1 қыркүйектен бастап мал жемін экспорттауға квота енгізіледі.

"Қабылданған шаралардың арқасында жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталды", — деді Мамин

Оқи отырыңыз: Құрғақшылықтан қырылған малдың нақты саны жарияланды

 

Жаңалықтар
0