Экономика

Қазақстанда баспана бағасы төмендеп келеді

© Sputnik / Абзал Калиевүй, құрылыс, баға
үй, құрылыс, баға - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Тұрғын үй бағасының төмендеуі елордажа және Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында байқалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин құрылыс компаниялары жаңа және қолданыстағы тұрғын үйдің бағасын төмендетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, бағаның төмендеуі елордада және Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында байқалып отыр.

"Бүгінгі таңда жаңа тұрғын үйдің бағасы қаңтар-шілде айларында 3%-тен 0,4%-ке дейін, сондай-ақ қолданыстағы тұрғын үйге 5%-тен 1,1%-ке дейін төмендегені байқалады", - деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Ол монополияға қарсы агенттік құрылыс компанияларына бағаны төмендету туралы хабарлама жібергенін айтты.

Нәтижесінде компаниялар тобы Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінде бағаны шаршы метр үшін 15%-ке немесе 90 мың теңгеге дейін түсірген.

Тағы бір компания шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, енді бірі Нұр-Сұлтанда 51 тұрғын үйде жаңа баспананың бағасын орта есеппен 8 процентке, Алматыда 11%-ке, Шымкентте 3%-ке, Атырау қаласында 4%-ке төмендетті.

"Басқа құрылыс компаниялары да хабарламаны орындап, бағаны орта есеппен 15-20%-ке төмендетті. Бағалардың төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ті, жеңілдік диапозоны шаршы метріне 10 мыңнан 125 000 теңгеге дейін құрайды", - деді агенттік төрағасы.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк бағаның өсуін қалай тоқтататынын айтты

 

Жаңалықтар
0