теңге

Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі - сенат заң жобасын қабылдады

3414
(Жаңартылды 11:03 16.09.2021)
Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,40 мөлшерінде жәрдемақы төлеу көзделіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Парламент сенаты азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы мүгедек адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және басқа да санаттарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді көздейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов заң жобасының басты жаңашылдықтарына тоқталды.

Күтушілерге жаңа жәрдемақы төленеді

Министрдің айтуынша, барлық I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылған.

"Бүгінде I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметтерімен де қамтылмаған, яғни, басқа адамның көмегіне зәру. Олар өз бетімен жүре алмайтын мүгедек жандар. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім жасау жәрдемақысымен қосымша 24 мың адам қамтылады", – деді Шәпкенов.

Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,40 мөлшерінде жәрдемақы төлеу көзделіп отыр.
Айта кетері, биыл ең төмен күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге. Яғни жаңа жәрдемақының мөлшері 48 мың теңгені құрайды.

Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан беріледі

Заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобын беру нормасы бар.
Мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін көтеріледі. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды.

Екі жәрдемақыны қатар алады

Сондай-ақ, Шәпкеновтің айтуынша, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығы беріледі.

"Бүгінгі таңда мүгедектігі бар бала ата-анасы ажырасқан кезде, алиментке қоса мүгедектігі бойынша жәрдемақыны қатар алады. Алайда ата-анасының біреуі не екеуі де қайтыс болғанда, бала тек қана мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алады. Жәрдемақының екі түрін тағайындау ата-анасынан айырылған балаларға қатысты кемсітетін норманы алып тастауға және асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалар бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Бұл норма енгізілгеннен кейін 2 мыңнан аса бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыға қоса, асыраушысынан айырылу бойынша да жәрдемақы алады.

Баспана кезегі

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Қазіргі кезде ондай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй берілмесе, мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Ал жаңа норманың арқасында 20 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегін сақтай алады.

Сонымен қатар, заң жобасында мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Ол зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.

Еңбек жарақатынан мүгедек болғандарды оңалту

Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – еңбекте мертігуден мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалту, техникалық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету. Бұл кәсіпорын банкрот болған жағдайда қолға алынады.

Ал бүгінде, министрдің айтуынша, жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, олардың міндеттемелерін мемлекет өзіне алады.

"Бұл ретте айта кететін мәселе – кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған кезеңде немесе банкроттық рәсімдер жүргізілгенде, кейбір жағдайларда бұл рәсімдер бір жарым жылға дейін созылады. Осындай жағдайда мүгедектігі бар адамдар оңалту-техникалық құралдарды алу мүмкіндігінен айырылады. Сол себепті осы норма енгізіліп отыр", - деді Шәпкенов.

Бұл екі мыңға жуық адамды техникалық құралдармен және оңалту қызметімен қамтуға мүмкіндік береді.

Парламент сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Оқи отырыңыз: Депутат тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізуді ұсынды

3414
Кілт сөздер:
сенат, жәрдемақы, заң жобасы
Тақырып бойынша
Декреттік жәрдемақы төңірегіндегі дау: министрлік мәселені шешуге уәде етті
Жамбылда көпбалалы әкелер 14 миллион теңге заңсыз жәрдемақы алып келген
"50 мың теңге беріледі": желіде әлеуметтік жәрдемақы жайлы ақпарат тарады
Министрлік ана мен балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақы туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Мамин

Үкімет АӨК саласында бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдады Мамин

67
Премьер-министр мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен инфляцияға қарсы іс-қимыл шараларының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Ол мемлекет басшысына Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының қайта қалпына келу үдерісі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Биыл 9 ай қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,4%-ті құрады.

Асқар Маминнің мәліметіне сәйкес нақты сектордағы тұрақты өсім 3,5%-ке өсті. Карантин шектеулерін жеңілдету нәтижесінде қызмет көрсету секторының біртіндеп қалпына келуі экономиканың қайта өсуін үдетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 5,7%-ке артты. Құрылыс саласы 9,7%-ке ұлғайды. Елімізде 9 айдың ішінде 10,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 8%-ке жоғары.

Премьер-министр мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен инфляцияға қарсы іс-қимыл шараларының жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

"Үкімет агроөнеркәсіп кешені секторында құн қалыптастырудың барлық тізбегі бойынша бағаны тұрақтандыру, сауда желілері мен отандық тауар өндірушілері арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау бойынша жұмыс істеп жатыр. Тауар айналымын қаржыландыруды көбейту және тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алуды арттыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сауда үстемесін жоғарылату фактілеріне жол бермеу шараларын қабылдап жатыр", - деп мәлімдеді Мамин.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген ақпаратқа сәйкес, қазір барлық аймақта коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеген, ауыр науқастардың, стационарларда және амбулаторлық ем қабылдап жатқандардың саны азайған. Вирустың таралу индексі – 0,96. Жұқпалы ауруханалардың 37%-інде, жансақтау бөлімдерінің 31%-інде науқастар ем алып жатыр.

8,1 миллион адам екпенің бірінші компонентін, 7,2 миллион адам екі компонентін алған.

67
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, азық-түлік, сауда
Тақырып бойынша
Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды
"Жемқорлыққа жол беріп алдық": Тоқаев азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді
Тоқаевтың тапсырмасы: Пәтер жалдау ақысының 80 процентін мемлекет төлейді
Тоқаев: кейбір көпбалалы аналар заңсыз ереуілге шығып, айғай-шу шығарып жүр
Бас прокурор Тоқаевқа қоғамдық резонанс тудырған істер жайлы айтып берді
Архивтегі сурет

Қазақстанда тоғыз банк таратылады

23838
Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату процесі туралы мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда тоғыз банк таратылу процесінде тұр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату өндірісінің  тәртібі, процесі және қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді.

"Қазіргі уақытта 9 банк – Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan таратылу сатысында", - делінген хабарламада.

Банктерді тарату тәртібі мен процесі

Банк қызметін тоқтату кезіндегі негізгі мақсат – кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олармен есеп айырысуды қамтамасыз ету және банктің барлық операциясын аяқтау, деп атап өтті агенттік.

Банк кредиторларының талаптары банктер туралы заңда белгіленген кезекпен қанағаттандырылады:

  • бірінші кезекте, еңбекақы төлеу мен жеке тұлғалар бойынша талаптар қанағаттандырылады.
  • екінші кезекте, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген сома шегінде "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ алдында есеп айырысу.
  • үшінші кезекте, банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша есеп айырысу.
  • төртінші кезекте, үлестес тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың ҚДКҚ кепілдік берілген сомасынан асатын депозиттері бойынша, сондай-ақ зейнетақы активтерінің есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша есеп айырысуы.
  • бесінші кезекте, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген санаттар (қайырымдылық ұйымдары, соғыс ардагерлері, мүгедектер қоғамдары) алдында есеп айырысуы.
  • алтыншы кезекте, үлестес емес заңды тұлғалардың депозиттері бойынша есеп айырысу.
  • жетінші кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу, республикалық бюджет қаражаты және Ұлттық қордың қаражаты есебінен берілген қарыздар.
  • сегізінші кезекте, қалған кезектерге кірмеген басқа кредиторлар алдында есеп айырысу.
  • тоғызыншы кезекте, үлестес жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша есеп айырысу.
  • оныншы кезекте, реттелген борыш және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысу.

Тарату өндірісін жедел аяқтау және кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында агенттік банктің тарату комиссиясын тағайындайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда таратылған банктердегі депозиттерді қайтару ережесі өзгерді

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дербес шешім қабылдай алады: кредиторлар реестрін қалыптастыру, мүлікті сату бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру, берешекті сот тәртібімен өндіріп алу.

Таратылатын банктің активтері:

  • банктің меншікті мүлкінен;
  • заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздардан;
  • ақшадан;
  • бағалы қағаздардан;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүліктен тұрады.

Таратылатын банктің үйлері мен ғимараттары, өзге жылжымайтын мүлік объектілері, көліктері құнына қарамастан, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкінің біреуінің бағалау құны 100 АЕК-тен асатын өзге мүлкі жария сауда-саттық (аукцион) арқылы ғана сатылады.

Банктердің мүлкін сату туралы ақпарат таратылатын банктің сайтында жарияланады.

"Қазіргі уақытта барлық таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру дәрежесі әртүрлі сатыда", - деді агенттік.

23838
Кілт сөздер:
банктер, банк, кредит
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан