Әмиян

Министр қай өңірде орташа жалақы 321 мың теңгеге дейін өсетінін айтты

145
(Жаңартылды 11:10 21.09.2021)
Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспары аясында 200 мың шаршы метр кредиттік және арендалық баспана салу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 370 учаске бөлу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылға қарай Екібастұзда орташа айлық жалақы мөлшері 321 мың теңгеге жетеді. Үкімет Павлодар облысы Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, кешенді жоспар 114 іс-шарадан тұрады. Жоспар аясында қалада нвестициялық жобаларды іске асыру, баспана, инфрақұрылым, әлеуметтік саланы дамыту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологияны жақсарту көзделген.

Кешенді жоспарды іске асыруға 932,8 миллиард теңге бөлінеді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 64,7 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 33,5 миллиард теңге, жеке инвестициялар – 834,6 миллиард теңге.

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 84,9 миллиард теңгеге тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 37 іс-шара іске асырылады.

"16,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, орташа айлық жалақы 321 мың теңгеге дейін өседі", - деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ кешенді жоспар аясында 200 мың шаршы метр кредиттік және арендалық баспана салу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 370 учаске бөлу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық база нығайтылады.

350 орындық балалар шығармашылығы орталығын салу, 20 мектепті күрделі жөндеуден өткізу, 320 орындық балабақшаны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Бұған қоса мәдениет және спорт саласын дамытуға "Исабек Ишан Хазрет" мұражайы, 2 мәдениет үйі, мұз аренасы, 20 стрит-воркаут және 10 стритбол алаңдары салынады.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында кредиттердің сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, жаңа бизнес-идеялар үшін гранттар беріледі. Сонымен қатар "Business Ertis" өңірлік жобасын жүзеге асырылады.

Жалпы сомасы 822,3 миллиард теңгеге қаланың экономикасын дамыту үшін өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 35 іс-шара көзделген.

Ерғалиев кешенді жоспар қала экономикасының өсуін және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз:

145
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Мамин

Үкімет АӨК саласында бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдады Мамин

70
Премьер-министр мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен инфляцияға қарсы іс-қимыл шараларының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Ол мемлекет басшысына Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының қайта қалпына келу үдерісі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Биыл 9 ай қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,4%-ті құрады.

Асқар Маминнің мәліметіне сәйкес нақты сектордағы тұрақты өсім 3,5%-ке өсті. Карантин шектеулерін жеңілдету нәтижесінде қызмет көрсету секторының біртіндеп қалпына келуі экономиканың қайта өсуін үдетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 5,7%-ке артты. Құрылыс саласы 9,7%-ке ұлғайды. Елімізде 9 айдың ішінде 10,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 8%-ке жоғары.

Премьер-министр мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен инфляцияға қарсы іс-қимыл шараларының жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

"Үкімет агроөнеркәсіп кешені секторында құн қалыптастырудың барлық тізбегі бойынша бағаны тұрақтандыру, сауда желілері мен отандық тауар өндірушілері арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау бойынша жұмыс істеп жатыр. Тауар айналымын қаржыландыруды көбейту және тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алуды арттыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сауда үстемесін жоғарылату фактілеріне жол бермеу шараларын қабылдап жатыр", - деп мәлімдеді Мамин.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген ақпаратқа сәйкес, қазір барлық аймақта коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеген, ауыр науқастардың, стационарларда және амбулаторлық ем қабылдап жатқандардың саны азайған. Вирустың таралу индексі – 0,96. Жұқпалы ауруханалардың 37%-інде, жансақтау бөлімдерінің 31%-інде науқастар ем алып жатыр.

8,1 миллион адам екпенің бірінші компонентін, 7,2 миллион адам екі компонентін алған.

70
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, азық-түлік, сауда
Тақырып бойынша
Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды
"Жемқорлыққа жол беріп алдық": Тоқаев азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді
Тоқаевтың тапсырмасы: Пәтер жалдау ақысының 80 процентін мемлекет төлейді
Тоқаев: кейбір көпбалалы аналар заңсыз ереуілге шығып, айғай-шу шығарып жүр
Бас прокурор Тоқаевқа қоғамдық резонанс тудырған істер жайлы айтып берді
Архивтегі сурет

Қазақстанда тоғыз банк таратылады

24659
Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату процесі туралы мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда тоғыз банк таратылу процесінде тұр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату өндірісінің  тәртібі, процесі және қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді.

"Қазіргі уақытта 9 банк – Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan таратылу сатысында", - делінген хабарламада.

Банктерді тарату тәртібі мен процесі

Банк қызметін тоқтату кезіндегі негізгі мақсат – кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олармен есеп айырысуды қамтамасыз ету және банктің барлық операциясын аяқтау, деп атап өтті агенттік.

Банк кредиторларының талаптары банктер туралы заңда белгіленген кезекпен қанағаттандырылады:

  • бірінші кезекте, еңбекақы төлеу мен жеке тұлғалар бойынша талаптар қанағаттандырылады.
  • екінші кезекте, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген сома шегінде "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ алдында есеп айырысу.
  • үшінші кезекте, банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша есеп айырысу.
  • төртінші кезекте, үлестес тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың ҚДКҚ кепілдік берілген сомасынан асатын депозиттері бойынша, сондай-ақ зейнетақы активтерінің есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша есеп айырысуы.
  • бесінші кезекте, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген санаттар (қайырымдылық ұйымдары, соғыс ардагерлері, мүгедектер қоғамдары) алдында есеп айырысуы.
  • алтыншы кезекте, үлестес емес заңды тұлғалардың депозиттері бойынша есеп айырысу.
  • жетінші кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу, республикалық бюджет қаражаты және Ұлттық қордың қаражаты есебінен берілген қарыздар.
  • сегізінші кезекте, қалған кезектерге кірмеген басқа кредиторлар алдында есеп айырысу.
  • тоғызыншы кезекте, үлестес жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша есеп айырысу.
  • оныншы кезекте, реттелген борыш және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысу.

Тарату өндірісін жедел аяқтау және кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында агенттік банктің тарату комиссиясын тағайындайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда таратылған банктердегі депозиттерді қайтару ережесі өзгерді

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дербес шешім қабылдай алады: кредиторлар реестрін қалыптастыру, мүлікті сату бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру, берешекті сот тәртібімен өндіріп алу.

Таратылатын банктің активтері:

  • банктің меншікті мүлкінен;
  • заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздардан;
  • ақшадан;
  • бағалы қағаздардан;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүліктен тұрады.

Таратылатын банктің үйлері мен ғимараттары, өзге жылжымайтын мүлік объектілері, көліктері құнына қарамастан, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкінің біреуінің бағалау құны 100 АЕК-тен асатын өзге мүлкі жария сауда-саттық (аукцион) арқылы ғана сатылады.

Банктердің мүлкін сату туралы ақпарат таратылатын банктің сайтында жарияланады.

"Қазіргі уақытта барлық таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру дәрежесі әртүрлі сатыда", - деді агенттік.

24659
Кілт сөздер:
банктер, банк, кредит
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан