Wizz Air ұшағы

Қазақстан мен Литва арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

20
Нұр-Сұлтан – Вильнюс және Алматы – Вильнюс бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы келесі жылы іске қосылады

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Литва арасында әуе қатынасы ашылады, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Литва мен Қазақстанның азаматтық авиация басшылығы арасында Нұр-Сұлтан – Вильнюс және Алматы – Вильнюс тұрақты бағдарын ашу мәселесі бойынша келіссөздер өтті.

Бағдар операторы ретінде Wizz Air венгриялық әуе компаниясын бекіту жоспарланған.

Рейстер 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева және Литва жол және авиациялық көлік саясаты тобының жетекшісі Владислав Кондратович әуе тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылап, тұрақты рейс ашуға ниетті екені көрсетілген хаттамамен алмасты.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім екі елдің коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы ұшуға рұқсат бергеннен кейін қабылданады.

Оқи отырыңыз: 

20
Кілт сөздер:
Қазақстан, әуе қатынасы
Тақырып бойынша
"Қара, жанып жатыр!": Мәскеу түбінде құлаған ұшақтың видеосы тарады
Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды
Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақта жолаушы көз жұмды
Әскери ұшақтың оқу-жаттығу кезінде түсірілген ғажайып видеосы
Президенттің жеке дәрігері ұшақта қазақстандық нәрестені аман алып қалды
әмиян

Кредит қайтаруға жағдай келмесе, не істеу керек - заңға өзгеріс енгізілді

1269
(Жаңартылды 17:30 20.10.2021)
Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар кредитті төлей алмаса, мәселені тікелей банкпен немесе микроқаржы ұйымымен шешуге құқылы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда 1 қазаннан бастап проблемалық кредиттерді реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілді. Енді банк те, микроқаржы ұйымы да бірден коллекторларға жүгінбейді. Олар қарыз мәселесін алдымен борышкермен өзара шешуге міндетті.

Осы орайда заңға нақты ереже енгізіліп отыр. Sputnik Қазақстан проблемалық кредитті заң аясында реттеудің бірыңғай тәртібін ұсынады.

Банк пен борышкердің міндеті

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар кредитті төлей алмаса, тікелей банкпен немесе микроқаржы ұйымымен мерзімі өтіп кеткен берешек мәселесін шешуге құқылы. Бірақ әрбір тарап өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға тиіс.

Біріншіден, кредит алған адамның мерзімі өтіп кеткен берешегі болса, банк болсын, микроқаржы ұйымы болсын, сол сәттен бастап 20 күннің ішінде оған хабарласып, төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы ескертуге міндетті. Қызметкерлер берешек жайында айтып қана қоймай, мерзімі өтіп кеткен төлемнің нақты мөлшерін көрсетуге тиіс.

Қарызды төлемегені үшін қандай жауапкершілік болатыны ескертіледі. Сосын проблемалық кредит мәселесін шешу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына шақырады.

Екіншіден, кредит алған адам өз кезегінде берешектің мерзімі өткен күннен бастап 30 күннің ішінде кредиттік ұйымға қарызды қайта құрылымдау туралы жазбаша өтініш тапсырады. Онда нақты бірнеше мәселені көрсету керек.

Олар:

  • қарыз мерзімін өткізіп алудың себебі;
  • қарызды қайта құрылымдауға қатысты өз ұсыныстары;
  • кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін көрсету (өтінішпен қоса тиісті құжаттар беріледі).

Үшіншіден, қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануы шарт. Оны тіркеуге алып, банк немесе микроқаржы ұйымның қарауына шығарады. Өтініште толық мәлімет болмаса, кредит алған адамға хабар беріледі. Ол бес күннің ішінде қосымша мәлімет пен құжатты ұсынады.

Өтінішті қарау тәртібі

Кредитор қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін өтінішті қарайды. Оның мәселесін қарау кезінде ағымдағы қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі, әлеуметтік жағдайы, кепілге алынған баспананың жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторлар ескеріледі.

Кредит берген мекеме өзінің жауабын күнтізбелік 15 күннің ішінде беруге тиіс. Жауаптың үш нұсқасы бар.

Олар:

  • кредитор қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді енгізуге келісім береді;
  • кредитор банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын жасайды;
  • кредитор қарызды қайта құрылымдаудан бас тартуға шешім қабылдайды (жауапта нақты себептері көрсетілуі шарт).

Қарызды қайта құрылымдау қалай жасалады?

Қарызды қайта құрылымдауды бірнеше жолмен жасауға болады. Соны өтініште көрсетуге болады. Банк мен микроқаржы ұйымы да осы әдістердің біреуін ұсына алады.

  • сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
  • төлемді кейінге қалдыру;
  • өтеу әдісін өзгерту;
  • қарыз мерзімін ұлғайту;
  • борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері);
  • ипотекаға алынған жылжымайтын мүлікті өздігімен сату немесе кепіл мүлкін кредиторға беру;
  • жылжымайтын мүлікті сатқанда барлық міндеттемені сатып алушыға тапсыру.

Банктің тиісті шешімі шыққаннан бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде келісімшартқа өзгеріс енгізіледі.

Екі жақ бір келісімге келмесе...

Қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Арызда банкпен немесе микроқаржы ұйымымен бір шешімге келмеудің нақты себептерін көрсету керек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз кезегінде өтініштің негізінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеру жүргізеді. Сол кезде банктің немесе микроқаржы ұйымы қабылдаған шешіміне баға беріледі.

Тексеріс кезінде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастай алмайды.

Кредит алғанда нені ескеру керек

Мамандар кредит алғанда маңызды бірнеше мәселені ескеру кеңес беріп отыр:

  • кредит алған адамның ай сайынғы төлемі табыстың жартысынан аспауға тиіс;
  • келісімшартқа қол қойғанға дейін мұқият оқып шығу қажет;
  • қарыздың мерзіміне, сыйақы мөлшерлемесіне (тұрақты немесе құбылмалы), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне, ай сайынғы төлемнің мөлшеріне, сондай-ақ, кредитті төлей алмаған жағдайда қандай міндеттер болатынына бас назар аудару керек;
  • келісімшартта банктің есепшотына түсетін ақшаны өндіріп алу, қарызды коллекторлық агенттікке беру және сотқа жүгіну құқықтары да жазылуы мүмкін.

"Артынан проблема болмас үшін кредит мен микредиттерді рәсімдеуге өте мұқият қараған жөн, бұл ақылға салынған шешім болуға тиіс. Қарызға ақша алатын адам маңызды бір мәселені түсінуі керек. Кредит – ол жауапкершілік. Кез келген кредитті қайтаруға тура келеді", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: 

1269
Кілт сөздер:
банк, кредит, заң
Тақырып бойынша
Қазақстандық бес банктен 8,5 млн теңге кредит қалай алғанын түсінбей қалды
Борышкер 5 адам өлтірді: депутаттар кредит мөлшерлемесін төмендетуді талап етті
Түркістанда кредит алуға барған әйел полицияға арызданды – банк қызметкері ұсталды
Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған
Жылу электр станциясы

"Тағы он жылға созылатын жоба болады": Нығматулин ЖЭО құрылысын сынға алды

48
(Жаңартылды 16:25 20.10.2021)
Көктемде бюджетке түзету енгізілгенде бәрі дайын болмаса, онда не істейтініңізді білмеймін, деді мәжіліс төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда салынып жатқан Жылу электр орталығы-3 құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте үш жылдық бюджет жобасын талқылау кезінде депутат Дүйсенбай Тұрғанов Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖЭО-3 құрылысының жобасына тоқталды.

"Өздеріңізге мәлім, қала халқы орта есеппен 50 мың адамға көбеюде, жыл сайын 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, сондай-ақ, әлеуметтік сала мен бизнес нысандары пайдалануға беріледі. Сондықтан жылу мен электр энергиясына қажеттілік табиғи түрде артуда. Қазірдің өзінде қалада жылу тапшылығы байқалады. Алдағы үш жылда қажеттілік сағатына 900 гигакалорияға артайын деп тұр", - деді Тұрғанов.

Мәжілісменнің айтуынша, бұл проблеманы шешу үшін 2010 жылы станция құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Алайда жылу тапшылығы өсіп отырған кезде, ЖЭО-3-ті газға ауыстыру, жабдық пен валюта бағамының өзгеруі себебінен жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты жобаны іске асыру негізсіз созылып кетті.

"Қаралып отырған бюджетке сәйкес, жобаны іске асыруға 27,9 миллиард теңге бөлінеді. Бұрын бөлінген қаражатты есепке алғанда, сома 112,9 миллиард теңгені құрайды. Қажеті – 122 миллиард теңге, жетіспейтіні – 9 миллиард теңге. Егер ЖЭО-3-ті пайдалануға беру бойынша шұғыл шаралар қолданбаса, қала халқы мен экономикасын жылу энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы проблемаларға әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты менің мынадай сұрақтарым бар: жоба үшін қаржы неге толық бөлінбеген және жоба қашан аяқталады?", - деп сұрады депутат.

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бұл өте маңызды жоба, 2010 жылдан бері келе жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстан АЭС салмаса, экономика мен экологияға залал келеді – сарапшы

"Мұның аяқталу мерзімін 2023 жылға жоспарлап отырмыз. Келесі жылы 25 миллиард теңге бөлінеді, бүгінгі қаралып жатқан бюджетте тиісті қаражат қарастырылған. Ал 2023 жылы әзірше 3,1 миллиард теңге көзделген. 2023 жылдың бюджеті қаралған кезде, тиісті ақша бөлінеді деген үміттеміз. Жетіспейтін қаражат 9 миллиард емес, 7,8 миллиард теңге. Сондықтан бұл мәселе оң шешімін табады деген ойдамын", - деді Мырзағалиев.

Осы кезде мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин үш жылдық бюджетте қаржы неге бөлінбегенін сұрады.

"Біз тиісті өтінім бердік, бірақ қазір бюджет шектеулі болғандықтан, бұл қаражат қарастырылмаған", - деді министр.

"Қағаз дайын емес, жоба дайын емес. Көктемде бюджетке түзету енгізілгенде, бәрі дайын болмаса, онда не істейтініңізді білмеймін. Оныншы жыл емес, тағы он жылға созылатын жоба болады", - деп сынады мәжіліс төрағасы.

Бүгін, 20 қазан мәжіліс 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады.

48
Кілт сөздер:
жылу электр орталығы, Нұрлан Нығматулин, құрылыс, жоба
Тақырып бойынша
Қазақстанның барлық дерлік өңірінде жылу қымбаттаған
Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты
144 мың қазақстандық маман қайта оқытылды – энергетика министрі
Еуропадағы энергетика дағдарысына кім кінәлі – сарапшы пікірі

Әлемдегі ең ұзын әйелдер 10 таңғажайып фото

0
(Жаңартылды 18:18 20.10.2021)
  •  Эрика Эрвин
Аяқ-қолы да жіптіктей бойшаңдарға әркез қызыға қарайтындар көп. Бойы ұзын қыз-келіншек көпшілік ортада өзіне көз тартып, елдің сүйсінуіне себеп болатыны сөзсіз

Бірақ мұндай сұлулықтың кері тұсы да бар. Яғни, шамадан тыс ұзын бой қолайсыздық тудыратын сәттер де болады. 

Мына супермодельдер, актрисалар, спортшылар – екінің біріне бұйырмаған ұзын бой иелері. Біздің суреттердегі қыз-келіншектің көбі бой көрсеткіші бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Олардың қатарында түркиялық Румейса Гельги, бразилиялық Элисани-да-Крус Сильва мен супермодель Эрика Эрвин бар.

Талайды таңғалдыратын ұзын бойлы арулар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

0
  • © REUTERS / Cagla Gurdogan

    Румейса Гельги ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы 215,16 сантиметр. Бұл аномалия Уивер синдромынан туындаған. Ол арнайы құралдың көмегімен ғана қозғалады. Қазір Румейса 24 жаста. Ол Түркияда, Карабюк провинциясында тұрады. Суретте: Румейса Гельги анасы Сафие Гелгимен бірге өз үйінің алдында тұр, 2021 жылдың 14 қазаны.

  •  Эрика Эрвин
    © AP Photo / Tonya Wise

    Модель, актриса және тележүргізуші Эрика Эрвин. Ол әлемдегі ең ұзын супермодель. Эрика да Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның бойы - 203 сантиметр.

  • Бразилиядағы ең ұзын бойдың иесі Элисани-да-Крус Сильва. Оның бойы - 203 сантиметр. Сильваның өзінен бір жарым метрге аласа сүйген жігіті бар. Махаббат бойға да қарамайтынына көз жетті. Ғашықтардың ерекше суреті бүкіл әлемге тарап кетті.

  • © AFP 2021 / LARRY BUSACCA

    Америкалық актриса Линдсей Хейворд ұзын бойымен (2,03 метр) ғана емес, физикалық күшімен де белгілі. Ол реслингпен айналысады және қажет болса ересек ер адамды лақтырып жібере алады.

  • © Sputnik / Evgeny Biyatov

    Ресейлік баскетболшы Мария Степанованың бойы 2,03 метрді құрайды.

  • © AP Photo / PHIL MEYERS

    Сэнди Аллен - әйгілі америкалық цирк және кино актрисасы. 2009 жылы қайтыс болғанға дейін ол әлемдегі ең ұзын әйел болып саналды. Оның бойының ұзындығы 2,32 метр болды.

  • © Sputnik / Роман Кручинин

    Ресейдің танымал волейболшысы Екатерина Гамова. 11 жасында оның бойы 172 сантиметр болды, қазір - 2,02 метр.

  • © AFP 2021

    Азиядағы ең ұзын әйел - Қытай тұрғыны Яо Дефэн. Оның бойы – 2,3 метр. Бұл суретте Яо Дефэн бойының өсуін тоқтату бойынша ем қабылдаған Гуанчжоу қаласындағы Санджиу госпиталінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс білдіріп тұр. Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы 2012 жылы 40 жасында дүниеден өтті.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images

    Америкалық баскетболшы Бритни Грайнердің бойы 2,06 метр.

  • © Sputnik / Ramil Sitdikov

    Ресейлік баскетболшы Екатерина Лисина өзінің бойымен (2,1 метр) ғана емес, сонымен қатар ұзын аяқтарымен (1,32 метр) бүкіл әлемге танымал. Ол осының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Кілт сөздер:
фото, әйелдер