Экономика

"Әрбір 10-шы тұрғын зардап шегеді": президент азық-түлік тапшылығы туралы айтты

© Sputnik / Анна Платоноваазық-түлік
азық-түлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Еуразиялық экономикалық комиссия тапшылықтың алдын алу үшін одақ елдерімен бірлесіп Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ қағидаттары мен әдістері жобасын әзірледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында азық-түлік тапшылығы мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент азық-түлік тапшылығы мәселесі бүкіл жаһанды алаңдатып отырғанын атап өтті.

"Бүгінде ғаламшардың әрбір оныншы тұрғыны, яғни 700 миллионнан астам адам, азық-түлік тапшылығынан зардап шегуде. Әрине, біздің елдерде жағдай әлдеқайда жақсы, бірақ біздің нарық та өсіп жатқан әлемдік бағаның қысымын сезіп жатыр. Проблема жылдан жылға өзекті бола түседі", - деді Тоқаев ЖЕЭК отырысында.

Айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссия тапшылықтың алдын алу үшін одақ елдерімен бірлесіп Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ қағидаттары мен әдістері жобасын әзірледі. Құжатта азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және тапшылық қатерін азайту, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын материалдық техникалық ресурстардың импортын алмастыру шаралары қарастырылған.

Тоқаев осы құжаттың маңыздылығын ескеріп, Алматыда өтетін кеңес отырысында оны бекітуді ұсынды.

"Ол әлеуметтік-экономикалық нәтижеге және практикалық өзара іс-қимылға бағдарланған жүйелі құжат болуға тиіс", - деді Тоқаев.

14 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды. Шара онлайн өтіп жатыр.
Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0