Экономика

Нөл процент: Мамин министрлер мен әкімдерге тағы тапсырма берді

© Sputnik / Валерий МельниковЦенники в магазине
Ценники в магазине - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2021
Жазылу
"Айналым схемасы" бойынша тиімді жұмыс Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда байқалады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңір әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Жиын барысында өткен аптада республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрағаны анықталды. Қабылданған шаралар есебінен сәбіз (-3,1%), пияз (-2,2%), картоп (-0,8%) бағасының төмендеуі байқалады. Сүзбе, күнбағыс майы, күріш және тұз бағасы өзгерген жоқ.

Өңірлерде "айналым схемасын" қаржыландыру 46,6 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 93,2%-ға қамтамасыз етілді.

Тоқаев азық-түлік бағасы жайлы: нәтижені президент те, халық та көріп тұрған жоқ

"Айналым схемасы" бойынша тиімді жұмыс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Өткен аптада бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әртүрлі бағаларды қою жағдайы бойынша: Солтүстік Қазақстан облысында тауық жұмыртқасын өндірушілерге, Нұр-Сұлтан қаласында тауық жұмыртқасын көтерме саудада жеткізушіге, Ақтөбе облысында тауық етін көтерме саудада жеткізушіге, Алматы облысындағы тауық жұмыртқасын өндірушілерге бағаны ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері үшін 6 хабарлама шығарды.

Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарындағы өндірушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің төрт актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 139 актісі жасалды.

Жаңа жыл келе жатыр – азық-түлік бағасы қалай өзгереді

Батыс Қазақстан облысында ет және тауық жұмыртқасы, нан мен ұн, макарон өнімдерін өндірушілердің бағаның өсуі мүмкін екені туралы жария мәлімдемесі үшін монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы 6 ескерту жасалды.

Алдын ала деректер бойынша, құс фабрикалары тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері байқалуда. Қайталанатын бұзушылықтар бойынша тергеу хабарламалар шығарылған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде жүргізіледі.

Премьер-министр өңірлердің әкімдеріне бағаны бақылауды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің әрбір позициясы бойынша тиісті жедел шаралар қабылдауды, бағаның өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік тауарларын дүкен сөрелеріне уақытылы жеткізуді қолмен қамтамасыз етуді тапсырды.

"Халық қалтасын қағып жатыр": депутат үкіметтің бастамасын сынға алды

Егін жинау науқанының аяқталуын және алдағы мерекелерді ескере отырып, әкімдіктерге бір апта ішінде өңірлерді ұнмен 100%-ға дейін қамтамасыз ету, бұған дейін бекітілген нормативтерге сәйкес негізгі көкөністер бойынша қорларды толықтыру, сондай-ақ делдалсыз сауда желілері мен өндірушілер арасында форвардтық сатып алу шарттарын жасасуды қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Жаңалықтар
0