Архивтегі сурет

Егер банк жабылып қалса, одан алған кредит кешіріле ме

19092
Тарату комиссиясы жабылатын банктің кредиттік портфелін басқа банкке, коллекторлық агенттікке немесе ипотекалық компанияға сатуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Кез келген адамды "банк таратылған жағдайда, одан алған несиенің тағдыры не болады" деген сұрақ мазалауы мүмкін. Кейбірі ай сайынғы қарызды төлеу жауапкершілігінен құтыламын деп ойласа, енді бірі кредитті өтеу міндет деп санайды. Sputnik Қазақстан осы сауалдың жауабын іздеп көрді.

Банк таратылса, кредит кешіріле ме

Қандай да бір себептермен екінші деңгейлі банк жабылып қалса, одан алған несие кешірілмейді. Клиент өз қарызын толығымен өтеуге міндетті.

"Қазақстан заңнамасында таратылатын банктердің қарыз алушыларын кредиттен немесе өзге де мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындаудан босатуға мүмкіндік беретін норма жоқ", - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Sputnik Қазақстан сауалына берген жауабында.

Егер банкке қарызы бар адам ай сайынғы кредитін төлемесе, онда дебиторлық берешек сот тәртібімен өндіріп алынады.

Кредит төлеуді кешіктірсе не болады

Банктер туралы заңға сәйкес, борышкерлер банк лицензиядан айырылған күннен бастап негізгі берешекті, сыйақы мен өсімпұлды өтеу бойынша міндеттемелерді бұған дейін жасалған келісімшартқа сәйкес орындайды.

Егер банктің клиенті ай сайынғы төлемді тоқтатса, онда төлем мерзімі кешігіп, өсімпұл есептеледі. Банк таратылғанымен, кредит бойынша процент, айыппұлдар мен өсімпұлдар тоқтатылмайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тоғыз банк таратылады

Агенттік кредиттік міндеттемелерді орындамау қоса қарыз алушыға, кепілгерге және кепіл берушіге айтарлықтай қиындық келтіруі мүмкін екенін ескертті. Өйткені олар да қарыз алушы сияқты қаржы ұйымдарының алдында жауапты болады.

Жабылатын банктің кредиттерімен кім айналысады

Банкті лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін, уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындайды. Уақытша әкімшілік бұрын берілген кредиттердің қайтарылуын бақылайды. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген соң, клиенттердің ақшаны қайтаруын бақылауды тарату комиссиясы жүзеге асырады.

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан әрекет етеді. Оның құзыретіне кредиторлар тізімін жасау, мүлікті сату бойынша сауда-саттық ұйымдастыру, кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу кіреді. Комиссия әр мәселе бойынша дербес шешім қабылдай алады.

Банк мәжбүрлеп таратылатын кезде кредиторлардың мүддесін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешім қабылдау үшін Кредиторлар комитеті құрылады. Оның негізгі өкілеттіктері – банк активтерін (мүлкін) өткізу жоспарын бекіту және тарату шығыстарының сметасын бекіту.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда таратылған банктердегі депозиттерді қайтару ережесі өзгерді

Қаржы нарығын реттеу агенттігі басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына сәйкес, жабылатын банктің барлық мәмілесін аяқтаумен тарату комиссиясы айналысады. Ол банктің кредиттік портфелін үшінші тарапқа, яғни басқа банкке, коллекторлық агенттікке немесе ипотекалық компанияға сату туралы шешім қабылдайды. Немесе лицензиядан айырылған банктің кредиттік портфелін басқаруды жалғастырады.

Сондай-ақ тарату комиссиясы кредиторлар комитетімен келісіп, өсімпұлды есептен шығару туралы шешім қабылдай алады. Бұған қоса сыйақыны, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуді тоқтата тұра алады.

Еске салсақ, Қазақстанда қазір тоғыз банк таратылу процесінде тұр.

Олар: Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan. Бұл банктердің лицензиялары кері қайтарып алынған.

19092
Кілт сөздер:
банк, кредит, несие
БЖЗҚ сайты

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артады: қазақстандықтар қарсы петиция әзірледі

499
(Жаңартылды 15:54 04.12.2021)
Кеше 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда БЖЗҚ-ның зейнетақы жинағын алу үшін жеткілікті шекті арттыру туралы шешіміне наразылық ретінде онлайн-петиция іске қосылды.

Құжат авторлары 3 желтоқсанда жариялаған жеткіліктіліктің жаңа шегі көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді емес деп отыр.

"Егер қазір 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек 1,7 миллион теңге болса, келесі жылдан бастап 3,1 миллион теңгеге дейін өседі. Өсім 1,8 есе болды. Бұған дейін тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін жинақталған ақшаны алу мүмкіндігі болған. Біз, петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары, БЖЗҚ-дан жеткіліктілік шегін ақылға қонымды сомаға дейін төмендетуді талап етеміз", - делінген құжатта.

Кеше, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, деп түсіндірді БЖЗҚ.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмады.

499
Кілт сөздер:
зейнетақы, қазақстандықтар
Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағының "жеткілікті шегі" неліктен күрт өсті – БЖЗҚ жауабы  
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану: "жеткілікті шек" 2022 жылы өседі
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгерді
Қазақстанда орташа зейнетақы қанша екені белгілі болды
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептеледі – видео
Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесті

Тоқаев: Қазақстан инвесторларды барлық жағынан қолдауға басымдық береді

58
Президент шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің ірі инвестициялық компаниялары өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Жиын Ақорда резиденциясында өтті. Оның барысында мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан еліміз инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

"Бұл саладағы жүйелі әрі жан-жақты жұмыстар бізді Орталық Азиядағы ең ірі, посткеңестік кеңістікте жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналдырды. Тәуелсіздік жылдары шетелден 370 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарттық. Мемлекет инвесторларды барлық жағынан қолдауға басымдық береді. Біз әрбір инвесторды жеке әрі кешенді қолдау қағидатын енгіздік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тікелей өзі төрағалық ететін шетелдік инвесторлар кеңесінің инвесторлармен өзара ықпалдасу үшін негізгі алаң екенін атап өтті. Нақты секторға тікелей инвестиция тартудан бөлек құнды қағаздар нарығын дамыту мен шетелдік портфельді инвесторларды елге әкелуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның аймақтағы ірі капитал нарығын құрап отырғанын жеткізді.

"Ұлттық банк негізгі қаржылық реттеуші ретінде қор нарықтарын одан әрі дамыту жолында белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда бұл саланың құқықтық және инфрақұрылымдық бағыты жетілдірілген. Елімізде екі қор биржасы – Алматыдағы KASE және Астана халықаралық қаржы орталығы табысты қызмет атқарып келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, әлемдегі жетекші уран өндіруші "Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорыны мен қаржы технологиясы бойынша аймақтағы көшбасшы Kaspi.kz IPO-лары капитал нарығының динамикасын арттырып, ілгерілеуіне үлес қосты.

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болғанын мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елімізде жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылым және басқа да салаларында 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз ірі компаниялардың акцияларының ұлттық қор биржаларында тіркелгенін құп көреміз", – деді мемлекет басшысы.

58
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, шетелдік инвесторлар
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев