Экономика

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша екені белгілі болды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Қазір республикада екі миллионан астам зейнеткер бар. Қазан айында бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,1 миллиард теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қаңтар-қазан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 682,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 543,2 миллиард теңге бағытталды. Ал қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,1 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 67,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 153,2 миллиард теңге бөлінді.

"1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 230 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса алғанда) – 99 804 теңге", - делінген хабарламада.

Айта кетері, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.

Мысалы, 20 жыл жұмыс өтілі болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жылда күнкөріс құнының 94%-ін құрайды.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі базалық зейнетақы қалай есептелетінін түсіндірді

33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 100%-і мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы соғұрлым көп болады.

Жаңалықтар
0